400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқытуда BILIMLAND ресурстарының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек.Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары туралы практик- мұғалім ретінде өзімнің іс- тәжірибеммен бөліскім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан оқуда BILIMLEND.KZ ресурстарының тиімділігі

Самсалиева Сауле Алибековна

Алматы қаласы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

тарих пәні зерттеуші-мұғалімі



Қазақстандағы білім беру жүйесінде білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдар:

  1. Оқушының өз бетімен белсенді танымдық іс- әрекет етуі нәтижесінде білім алуы талабына сәйкес болуы

  2. Дамыта оқыту мен мақсаттар таксономиясы талаптарына сәйкестігі

  3. Ақпараттық- коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерінің ескерілуі принципі.

Осы ұстанымдардың өз тәжірибемде жүзеге асуы туралы тәжірибеммен бөліссем деймін.

Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сондай ақ мұғалімге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

BILIMLEND.KZ білім беру ресурстарын сабақта пайдаланғалы бері осы мәселелердің түйіні шешілгендей болды.

Білімлендте орта білім беруге арналған жаңартылған бағдарламаға сәйкес әзірленген мектеп пәндерінің интерактивті сабақтары Жаңа пәндер,Пәндер бөлімі , bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz, bilimkids.kz білім беру ресурстарының сондай-ақ еліміздегі карантин жағдайы кезінде ендірілген ONLINE мектеп сабақтары көңілімізден шығуда. Ондағы мультимедиялық материалдары (видеофильм, анимациялық презентация, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығу, симулятор, диаграмма, сызба, жұмыс парақтары және т.б.) оқушының өз бетімен танымдық қызметін арттырып, белсенді іс- әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Оқу материалы жеке, меңгеруге жеңіл бөліктерге бөлінуі, білім алушыларға белгілі бір тапсырманы жүйелі орындау үшін нұсқаулықтың берілуі, әр бөліктің меңгерілуінің тексерілуі, дұрыс орындаған жағдайда келесі қадамға өту мүмкіндігі, дұрыс орындай алмаған жағдайда олардың көмек алу, қосымша түсіндірме алуы, қатемен жұмыс жасай алуы маңызды қадамдар болып табылады.

Қолжетімділік жағдайында сабақ процесінде пәндер немесе ресурстарды біріктіру мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстан тарихы + Дүние тарихы ресурстарын пәнаралық байланыс ретінде, Қазақстан тарихынан «Мәдениет» тақырыбы болса ақынның Аудиохрестоматиясын , егер оқушыларды ҰБТ –ға немесе Воуд- қа дайындап жатқандай жағдай болса iTest + twig-bilim; iMektep + Видеоролик (bilimkids.kz), Видеотоптама (bilimland.kz) + Аудиохрестоматия (bilimland.kz) және т.б.біріктіріп пайдалану тиімді.

Енді тәжірибеге келсем,7сыныпқа арналаған Қазақстан тарихы бойынша мысал келтірейін.«Шоқан Уалиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы»атты сабақты өткізу барысында талқылауға мыналарды ұсынуға болады:

  • Білім алушылар Ш. Уәлихановтың өмірі, шығармашылығы, қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегімен, ғылыми мұрасымен танысып, құндылығын анықтап, талқылайды.

Білім лендтен(оқылым, айтылым)

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/7-synyp/shoqan-ualixanov-alhashqy-qazaq-halymy

  • Білім ленд тен тыңдалым

  • https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/7-synyp/shoqan-ualixanov-alhashqy-qazaq-halymy

  • Білім лендтен тыңдалым( Видеотоптама Телевизиялық бағдарамалар Ұлы адамдар) https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/52-shoqan-ualixan-zigmund-frei-d-cziczeron

  • Жазылым: этнограф, Кадет корпусы, корнет-ұғымдарға анықтама жазу ,тапсырмаларды жүйелі орындау тапсырылады. АКТ білім алушыларды танымдық және метатанымдақ тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандырады,бірақ бұл осы пәннен олардың үлгерімі керемет жақсарып кете салады деген сөз емес. Сондықтан білім беруші өзінің кәсіби шеберлігімен Білім ленд ресурстарын ақпараттық- коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып ұтымды пайдалану керек деп ойлаймын.Мысалы , дамыту үшін кері байланысқа Білім лендтен тыңдалым( Видеотоптама Телевизиялық бағдарамалар Ұлы адамдар) https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/52-shoqan-ualixan-zigmund-frei-d-cziczeron тыңдап

жеке жұмысқа Шоқанның

-туған жылы,туған жері,-шын есімі-әкесі-білім алған жері-саяхаттары-достары

- не қызықтырды-еңбектері-зерттеуге қосқа үлесіне «Логикалық шынжыр» жасау

жұптық жұмысқа Шоқанның саяхаттарына кластер жасау

топтық жұмысқа Шоқанның өмірі мен қызметіне хронологиялық кесте жасауға тапсырып сабақты қорытындылауға болады.

Қорыта айтсам, білім портолдарының бәрі бірінен бірі өтеді , тек тиімді етіп пайдалану өз қолымызда.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі