Маңғыстау
облысы, Жаңаөзен қаласы, «Дарын»
мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Аклепесова Шынар Дарябаевна
«Мұғалім
білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса,
мұғалімдігі де жойылады».
Ушинский
Мұғалім
қай уақытта да заман ағымына қарай
әрдайым жаңа әдістерге бейім болуы
шарт. Дегенмен, қашықтан білім беруге
көшу-коронавирустық індеттің таралуын
азайтуға бағытталған қадамдардың бірі.
Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы,
нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр
ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына
бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы
шарт. Осы орайда әр ұстазға әрі жауапты,
әрі ауыр жүк артылары сөзсіз.
Қашықтықтан
оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл
тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен
кеңістікте алыстатылған оқу формасы.
Қазіргі білім саласындағы талап та
оқушылардың білім дәрежесінің артуын
талап етіп отыр. Сондықтан да қашықтықтан
оқытуды ұйымдастыруда тиімді тәсіл
ретінде кейс технологиясын ұсынғым
келіп отыр. Кейс
технологиясы
(ағылшынның case-портфель)
оқытуда жасалынған әдістемелік
материалдармен іске асырылады. Кейс
технологиясына арналған материалдар
түрлері мыналар:
Әдістемелік
нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий.
Оқушыларға оқу жоспарлары бойынша
электрондық тасымалдауыштарда
материалдар кешені (кейс) беріледі.
Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер,
жобалау әдістері қолданылады. Мұндай
әдістердің тыңдаушылардың белсенділігін
, шығармашылық қабілеттерін арттыруға
септігі мол;
Жұмыс
дәптері;
Анықтама;
Оқу,
аудио, бейне материалдары.
Бақылау
және емтихан материалдары (қазіргі
білім саласында жб, тжб тапсырмалары)
Кейс
әдісінің көмегімен оқушылар өз беттерінше
теорияны меңгере отырып, сонымен қатар
өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие
болады. Себебі оқушылардың көпшілігі
естігеннің 5% және көргенінің 20% есте
сақтайтыны белгілі. Аудио және
видеоақпараттарды бір мезгілде қолдану
есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Сондай-ақ кейстің құрамында білгілі
бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған
құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық
кірістірулер, слайд-шоу пайдаланады.
Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға
басып шығара алады. Оқушы жағдаятқа
талдау жасау арқылы болашақ маман
ретінде қалыптасып, сабаққа қызығушылығы
артады.
«Тегінде
адам баласы адам баласынан ақыл, ар,
мінез деген қасиеттерімен озады» ,- деп
Абай атамыз айтқандай, озық ойлы, білімдар
азаматтар заманның, қоғамның дамуына,
өзгеруіне үлесін қосып келеді.
«Біз
тарихтан-кемеңгерлікті, поэзиядан-шешендікті,
математикадан-зеректікті, жаратылыс
ғылымдарынан –тереңдікті, логика мен
көсемсөзден-айтысу дағдысын үйренеміз»
деген ұлы Ф.Бэкон тағылымы дәл бүгінгі
күннен сыр шерткендей. Ендеше, ізденіске
жетелейтін, іздегенге көмекші құрал
болар әдіс-тәсілдер
бір
қажеттеріңізге жарасын!
Тағдырдың
талай сыны өткен бұл тарихта,
Бекем
бол, мықты, қаймықпай қарсы тұр, сынба!
Ашылып
аспан жауыннан соңғы бұлттардай,
Бірлікте елім, жарқырар күнің алда!