жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қашықтықтан оқытудың маңызы мен рөлі
Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1, 20 наурыздағы № 2 және26 наурыздағы № 6 хаттамаларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министр А.Аймағамбетов 123 бұйрығын орындау мақсатында іс шаралар жоспарланып жасалынды
орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыстың ұзақтығы - 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді аралығында оқушылар демалды.
көктемгі демалыс уақытында, сонымен бірге қашықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде педагогтерге қашықтан (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп педагогтарымен zoom програмасы арқылы конференсиялар ұйымдастырылды.
Қашықтықтан оқытудың тиімді жақтарын және алдымызда отырған әлеуметтік жағдайы әр түрлі балалардың мүмкіндіктеріне орай білім алуын, қашықтықтан оқуға жағдайларын реттеу мақсатында ұсыныстар жасалынып, барлық баланың оқумен қамтылуы басты міндет екендігін ескеріп, шешу жолдарын қарастырдық
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламарын, үлгілік оқу жоспарларын орындауды қамтамасыз ету, сағаттарды қысқартуға жол бермеу мақсатында мектепалды даярлық сыныптар, 1-9 сыныптар үшін сағат 08.30-дан, 10-11 сыныптар үшін сағат 14.00-ден дүйсенбіден жұманы қоса алғанда ұзақтығы 30 минутқа дейінгі аралықта сабақ кестесін жасалынып, «Балапан»ТВ арнасындағы сабақтар негізге алынып сабақтар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар үйірме, факультатив сабақтарға қосымша кесте жасалынып сабақтар жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 1 сәуірде 1-9 сыныптар үшін сағат 09.00-ден, 10-11 сыныптар үшін сағат 14.00-ден сынама сабақтар өткізілді.
2020 жылғы 2 сәуірде сағат 10. 00-де мектепалды даярлық сыныптары мен 1-4 сыныптардың ата-аналары үшін, сағат 12.00-де 5-9 сыныптардың ата-аналары үшін, сағат 14.00-де 10-11 сыныптардың ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында қашықтықтан ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды
2020 жылғы 3 сәуірде сағат 10. 00-де мектепалды даярлық сыныптары мен 1-4 сыныптар үшін, сағат 12.00-де 5-9 сыныптар үшін, сағат 14.00-де 10-11 сыныптар үшін «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустықаурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыптарына қашықтықтан сынып сағаттарын өткізілді.
заңнамада белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясы кезінде білім беру процесіне қатысушылар үшін жағдай жасау (білім беру ұйымдарының балансынан педагогтер мен ата-аналардың материалдық жауапкершілігіне беру, сондай-ақ компьютерлерді, ноутбуктар, планшеттерді сатып алу, флеш-карталар, мобильді қосымшалар және басқа да құралдар арқылы жеткілікті жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету) бойынша қажетті шаралар ұйымдстырылып, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аударылып (компьютер санын) оқушыларға берілді.
қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп бірлесе жұмыс атқарылуда.
Ізденістің жол көпірінде жүретін мұғалімдерге артылған үмітпен үлкен жауапкершіліктің кемесіне отырдық та жүзе беруге дайын әскердей бой көтердік. Алайда қолда қалам мен кітап болғанымен әлеуметтік жағдайы әр түрлі, психологиясы қиын қоғамда оқушыға тиісті білім беру жолында мектеп тәжірибесіндегі алғашқы қашықтықтан оқыту білім берудің жаңа форматта жүйелі жұмыс жасауға кірістік
оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру керек екенін түсіндіре отырып, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында бірлесе жан жақты тәжірибелер алмасып, өзара онлайн сабақтар жүргізіп, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыруға болатынын тиімді жолдарын қарастырып оқушыларға қашықтықтан сабақ берілуде.
Мектебімізде 612 оқушы, 1оқушы үйде оқиды, 2 оқушы инклюзивті жеңілдетілген көмекші бағдарламар арқылы оқытылып жатыр. Окыту платформасы kundelik.kz мұғалімдер тиімді тәсілдер арқылы бумаға файлдар жүктеп, оқушылар whatsapp желісі арқылы сабаққа кері байланыс беріп жатыр,
Сонымен қатар, Bilimland, Darin.online, Aimektep платформасын қолданып сабақ барысында игілігімізге пайдаланудамыз.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, оқушы және ата анамен психологиялық қарым-қатынас орната білудің , баланың білім алуына қолдау көрсете отырып, ішкі уәжімен сенімін арттыратын , олармен үздіксіз байланыста болып қашықтықта білім берудің тиімді психологиялық жолдарымен мектеп психологы әр аптаның басында тренингтар өткізіп отыр.
Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған мектеп оқушылары жеткілікті дәрежеде білім алу керек. Себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту арқылы биылғы оқу жылын аяқтайды. Нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген