400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері


« Өрлеу » БАҰО АҚФ ТО және ШҚ бойынша ПҚБАЙ

Азбердиева Нагима Аббасовна – аға оқытушы, тренер


Қазіргі уақытта нағыз білімді қашықтықтан оқып алуға болады. Қашықтықтан оқыту білім берудің баламалы процесі бола отырып, өздігінен оқуға бейім болады. Бұл жүйенің жұмыс жасап жатқанына бірнеше жыл болған. Бірақ, барлық білім беретін ошақтар қолдана бермейтін. Енгізілген төтенше жағдай тек қана білім беру мекемелерінің ғана емес, бүкіл азаматтардың әдеттегі өмір салтын өзгертті. Білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер пайда болды. IT технологиясының дамуы барлығымыздың қашықтықтан оқуымызға мүмкіндік жасап берді.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық өзара іс-қимыл. Өзара іс-қимыл тыңдаушы мен тренердің нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге өзара іс-қимыл тыңдаушы мен тренер нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асыруға болады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Қашықтықтан оқыту әрбір адамның қай жаста болмасын өзін дамытудың жолын таңдап алуына қолайлы оқытудың түрі болып табылады. Олай болса, қашықтықтан оқыту барысында адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді деген сөз.  «Өрлеу» БАҰО АҚФ ТО және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ да қашықтықтықтан оқыту технологиясын қолданып жұмыс жасауды бастап жібердік.

Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темпте өз бетінше жұмыс жасап, өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Нәтижелі іс-шаралар мен білімін жетілдіру курстары онлайн режимінде өтіп жатыр. Біз қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру барысында мынадай функцияларды орындадық. Олар:

  • оқу курстары мен әдістемелік іс-шаралар өткізу;

  • білім алушыларды оқу материалдарымен (электронды түрін) қамтамасыз ету;

  • онлайн кеңестер беру;

  • білім алушылармен кері байланыстар ұйымдастыру;

Қашықтықтан оқыту режимінде білімін жетілдірген тыңдаушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтық кеңестерін алып отыру тапсырылады. Тыңдаушының өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешен мен және қосымша материалдармен Қамтамасыз етті. Куратордың жетекшілігімен жүргізілетін жұмысына барлық сабақ кестесі бойынша оқылатын тақырыптардың материалдары бойынша интерактивті консультация берілді (чат, форум арқылы).

Қазіргі алға қойылып отырған жаңа технология – берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және тыңдаушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр. Қашықтықтан оқыту барысында оффлайн оқытудан артықшылықтары бар екеніне көзімізді жеткіздік. Қашықтықтан оқытудың білім беру процесінің алгоритмі білім беру порталына оқу материалдарын орналастыруды, онлайн режимінде сабақтар өткізуді, тыңдаушылардың жеке жұмысын дербес жүргізуді, сөйлесу бойынша кеңестерді, тестілеу түріндегі бақылауды қамтиды.

Артықшылықтары туралы айтатын болсақ, біріншіден, қашықтықтан оқыту кез-келген уақытта және компьютер мен интернет бар кез-келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Оқу жоспарына сәйкес материал оңай құрастырылады.

Екіншіден, тренер мен тыңдаушылар арасындағы диалог бейнеконференция, топтық чаттар, презентациялар, тесттер, бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сабақты қайта-қайта қарау мүмкіндігі арқасында жоғары тиімділікке қол жеткізіледі.

Үшіншіден, қашықтықтан оқыту ғылыми кітапханалардың электрондық ресурстарына кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Қашықтықтан оқытудың білім беру процесінің алгоритмі білім беру порталына оқу материалдарын орналастыруды, онлайн режимінде сабақтар өткізуді, тыңдаушылардың жеке жұмысын дербес жүргізуді, сөйлесу бойынша кеңестерді, ықшамсабақты қорытуды қамтиды.

Вебинарлар үшін біз ZOOM платформасын қолданадық. «ZOOM» — бұл ыңғайлы функционалдығы бар қарапайым және интуитивті платформа. Нақты уақыттағы кері байланыс, практикалық және зертханалық сабақтар, дәрістер, презентациялар, суреттер, бейне және аудио материалдар, сауалнамаларды онлайн-чат арқылы өткіздік. Бұл платформаның маңызды қасиеттерінің бірі — бағдарламаның қауіпсіздігі, 100 адамға дейін аудиториямен қамту, қол жетімділік.

Қашықтықтан оқытудың ең негізгі құралы-интернет. Интернеттің болуы бір басқа, оның жылдамдығы күшті болуы бір басқа. Интернет жылдамдығы жоғары болған жағдайда қашықтықтан оқыту тиімді болады.

Бірақ, қашықтықтан оқытудың басты проблемасы — шалғай ауылдардағы тыңдаушылардың Интернетке қол жетімсіздігі, ал кейбіреулерінде мүлдем компьютер жоқ. Интернет арқылы оқыту үшін тиімді платформа мен жүйені таңдау қажет. Мысалы, бейне және аудио материалдарды пайдалану, жалпы ақпаратты ұсыну, материалдық-техникалық база мен тегін ресурстар пайдалануға берілуі тиіс. Олар: оқу материалдары, цифрлық білім беру курстары, электрондық кітапхана, видео дәрістер, онлайн мастер-класстар және басқа білім алуға арналған құралдар. Осы жоғарыда аталған мәселелер шешуін тапқанда, қашықтықтан оқытуға ауыл мұғалімдері қарсы шықпас еді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі