400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қашықтықта оқытуда пайдалануға тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту телекоммуникациялық жəне компьютерлік технологияларға негізделген оқыту құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде инновациялық жəне дəстүрлі үздік əдістер қолданылатын, күндізгі жəне сырттай білім алу түрі болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «қашықтықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. Қашықтықтан білім алу əр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі — жас ерекшелігіне қарамастан, жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді.

Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың құралы — виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет. Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, Интернет ең арзан оқыту құралы болып табылады. Қазіргі уақытта студенттердің көпшілігі бүкілəлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігі бар жəне студенттердің орындаған материалын, тексерілген материалдарды жəне ескертулердің барлығын оқытушылар электрондық пошта арқылы жібереді. Мектепте, жоғары оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені, инновациялық технологияларды қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады.

Телеконференция семинар сабақтары жүйесіндегі оқу-практикалық əрекет түрі ретінде қолданылады. Өзінің əдістемелік ерекшеліктеріне қарай, өткізілуі мен дайындығы жағынан телеконференция пікірталасқа ұқсас. Тақырып материалын игеруде жəне көрнекілік қажеттілігіне сəйкес, иллюстрация мен демонстрациялық материалдардың, инновациялық технологиялардың (техникалық құралдар, фактілер, мультимедиалық құралдар т.б.) маңызы зор.

Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде қажетті мəліметтерді өз қалауынша, өздеріне қолайлы уақытта жəне ыңғайлы орындарда алуларына мүмкіндіктері бар. Сондықтан тыңдаушылар өздігінен жұмыс істеу дағдылары мен əдістерін, қажет білімдерді өз беттерімен толықтыру жолдарында ізденісте болулары керек. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың, яғни инновациялық технологиялардың, құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Чат-сабақ — белгілі бір уақыт ішінде Интернет жүйесінде барлығына бірдей өткізіледі. Сондықтан бұл сабақтың алдын ала кестесін жасап, сұрақтар, проблемалар тізімін береді. Бұл сабақтың барысын жазып алып отыру қажет, себебі кейінгі талдауда қажет болады. Бұл жерде де Интернет мүмкіндіктерімен қатар, инновациялық технологиялар маңызды орын алады.

Мұндай сабақ нақты уақыт жағдайында өткізіледі. Сабақтың жоспарын жасауда алдымен чат- сабаққа сəйкес, яғни, пікірталас сұрақтарына қолайлы проблема, тақырып таңдалынып алынады.

Желілік технология — білім алушылар, оқытушылар, оқу-əдістемелік бөлімдер арасындағы интерактивті өзара байланысы мен оның оқу-əдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етілуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы үшін мыналар болу қажет: білім алушылар үшін оқу-əкімшілік жəне оқу-əдістемелік ақпараттар, Интернет-портал оқу беттерімен мазмұндалған; телекоммуникациялық желіде қолданылатын құралдар (Интернет желісі, спутниктік теледидар жəне т.б.); əр түрлі терминалдар: оқу сыныптары, мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу залдары, электрондық кітапханалар жəне т.б.; мультимедиалық желілік оқу контенті; кешендік тестілеу желілігі; желілік оқытудың басқару жүйесі; басқару жүйесінің контенті; желілік оқытудың басқару жүйесінің контенті; қашықтықтан оқыту бойынша біліктілікті жетілдіруден өткізілген оқу, оқу-көмекші жəне техникалық жұмыскерлер.

Электрондық кітапхана — қашықтықтан оқыту білім беру құрылымының негізгі элементі [3]. Электрондық кітапхананың оқу базасы мыналардан тұрады: авторлық оқу материалдары (оқулықтар, компьютерлік тренинг бағдарламалары, слайд-лекциялар, белсенді семинарлар сценарийі, тестілік жəне емтихан базасы жəне т.б.); оқу-əдістемелік басқарма ұсынған оқулықтардың толық жинағы; оқулықтар, монографиялар, мақалалар, Интернеттен алынған материалдар; ақпараттық цифрлық база (құқықтық, экономикалық жəне т.б.); анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктер; газет, журнал материалдары.

Электрондық кітапхананың əдістемелік базасына мыналар кіреді: жеке оқу жоспарларын құру үшін оқытатын бағдарламалар; жеке сабақ кестесін құру үшін оқу ғимараттарының уақыт қоры; студенттердің жеке оқу досьесі; əкімшілік база.

Қашықтықтан оқытудың теледидарлық технологиясы. Теледидарлық білім беру инновациялық технология принциптік нобайы екі ақпараттық толқыннан тұрады: бағыт бойынша көп ақпараттар көлемін беруші, тура толқын: ақпараттық-телекоммуникациялық орталықтық торабы-спутник-оқу орталығының ақпараттық телекоммуникация торабы; бағыт бойынша аз ақпарат көлемін (есептер мен сұраныстар) беруші, кері толқын: оқу орталығының торабы – Интернет немесе ақпараттық- спутниктік арна-орталықтық ақпараттық телекоммуникация торабы.

Ақпараттық технологияларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы білім беру кеңістігін ұлғайтуға, білім алушылар санын арттыруға, білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануына, білім беру сапасының жоғарылауына жағдай жасайды.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін алдын ала құрылған кестеге сай білім алушы өзіне қолайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқуға қажетті құралдар мен материалдар қолында бола тұра, оқытушылармен Интернет желісі арқылы немесе телефонмен байланыс жасауына, сондай-ақ күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, білім алушының белгілі бір мақсаттағы жəне бақылау нəтижесін білу барысындағы өзіндік жұмысы құрайды.


Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, яғни жобалаудың əрбір қадамының тиімділігіне жəне қашықтықтан оқыту жүйесін жасауға баға беру. Осы орайда білім беруге қызмет ететін жəне оқу курстарының сəйкес мазмұнын толықтырғаннан кейін ғана жоспарға техниканы енгізу талап етіледі;

  • Оқытуға бағытталған жəне əлеуметтік жинақталған тəжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін қолайлы шарттар жасалып, білім беру үрдісінің бүтіндей адамға бағытталған — оқытудағы адамгершілік қағидасы;

  • Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығы, яғни жүйені жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажеттілік қағидасы;

  • Қашықтықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны таңдау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартымен сəйкес келуі тиіс;

  • қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытудың тиімді білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, білім алушының нəтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен жəне т.б. жұмыс жасай алатын нақты дағдылары болуы тиіс;

  • ұйымдастырушылық жəне техникалық тəсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті

Қашықтықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация жəне басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тəжірибе алмасу тəсіліне негізделген жəне де бүкіл əлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылығы — оқыту барысында қолданылатын мультимедиа жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын білім алушылар тез қабылдайды жəне оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.

Жаңа ақпараттық технологиялар мен қашықтықтан оқыту бүгінгі таңда əрбір студентке қажетті оқу материалын игеруде жеке бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіндігін ашады. Сонымен қатар тестілік жүйе арқылы өзін-өзі тексеруге де болады.

Қашықтықтан оқыту білім жүйесін ұйымдастыру, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, əлеуметтік жағдайы нашар немесе дене бітіміндегі кемістігіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ, өндірістік жұмыстардан қол үзу мүмкіндігі болмау себебі жағдайында білім алушылардың оқуға мүмкіндіктерін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаға жауап береді.

Қашықтықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген оқытудың ерекше түрі болып табылады. Заманауи электронды жəне телекоммуникациялық басылымдар дəстүрлі оқытудың барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктер болдырмауға мүмкіндік береді. Дəстүрлі оқытумен салыстыра отырып, қашықтықтан оқытудың тиімді ерекшеліктерін келесі түрде атап көрсетуге болады: жеке тұлғаларға үздіксіз əлеуметтік жағдай тууында; дүние жүзі елдерінің оқытудағы ақпараттық ресурстарының кірісі мен шығысы; оқу материалдарын тарату ыңғайлылығы, оны көбейтуге шығынданбау; қолайлылық (оқу мерзімі, көлемі, орны жəне қарқыны бойынша); жеке оқу жоспарын құру жіне қолдану мүмкіндігі; оқу аппаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту; экономикалық тұрғыда (оқу орны, көлік, техникалық құралдар шығынын шектеу); жаңа технологияларды қолдану; білім алушылардың əлеуметтік құқық теңдігі (тұрғын орындары мен денсаулық жағдайларына қарамастан); білім алушылардың өзін-өзі бақылау мүмкіндігінің болуы.

Қашықтықтан оқыту жүйесінде басшылыққа алынуы тиіс принциптердің бірі — дидактикалық принциптер. Мұндай дидактикалық принциптерді көрнекілік, қолжетімділік, оқытуды дараландыру, саналылық, белсенділік секілді білім берудің дəстүрлі принциптері құрайды.

Қашықтықтан оқыту жүйесі бастан-ақ білім алушының өз бетінше жұмысына есептелген, яғни оқудағы мақсатына өзі таңдау жасайды. Сондықтан да ол жетістікке жетуде белсенді болады жəне жаңа ақпараттық технологияларды (Интернет, телекоммуникация жəне т.б.) қолдану осыған лайықты. Қашықтан оқыту жүйесінің құрылымын төмендегі белгілер анықтайды: мамандық үлгісі жəне мемлекеттік тапсырыспен сəйкес қалыптасатын, білім жəне білік жүйесін білім алушылардың игеруі. Əлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі ретіндегі оқыту мазмұны. Оқыту үрдісі, əдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оқыту мазмұнымен анықталады.

Қашықтан оқыту білім беру қызметін пайдаланушылардың белгілі бір түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар жəне т.б.), қашықтан білім алушылардың дəстүрлі түрдегі студенттерден өзгешелігі, олардың қайсарлықтары, білімге деген құштарлықтары, ұйымдастырушылық қабілеттері, өз   бетімен        жұмыс істей        білу          дағдылары,         компьютермен         жұмыс                 істей       білуі     жəне телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана білулері болып табылады.

Қашықтықтан оқыту субъектісі ретіндегі оқытушылар. Оқытушы — қашықтан оқытудағы білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін камтамасыз ететін басты буын. Қашықтан оқыту оқушы іс- əрекетіне тəн бірқатар ерекшелік «тьютор» терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол — кеңес беруші-оқытушы, ақпарат жəне телекоммуникация құрылымының негізін білетін, білім деңгейі алдыңғы озық сипатта болу керек. Қашықтан оқыту түрі: ақпараттық-ереже жиынтығы, репродуктивті (дауыс ырғағын реттеу), мəселені талдау, теориялық зерттеудегі логикалық тəсілдер мен ережелер жиынтығы жəне зерттейтін жалпы дидактикалық оқыту əдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-əрекеті мен педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.

Қашықтан оқыту білім беру үрдісінде оқытуда компьютерлік техниканы жəне телекоммуникацияны, білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдарының қолданысы дəстүрлі оқытудағымен бірдей дəрежеде жүргізіледі. Оқу бағдарламасына сəйкес оқу үшін қажетті материалдық жəне техникалық құралдар жиынтығы, оқу жəне оқу-көмекші бөлімшелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары жəне басқа да оқу-əдістемелік кешендерден тұратын ғылыми білімдер материалдық базасын құрайды.

Қорыта айтқанда, қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті инновациялық құралдар қамтамасыз етілуі жағынан жоғары деңгейде болса, ұйымдастырылу сапасы да сəйкесінше жоғары болады: білім алушылар үшін оқу-əдістемелік жəне оқу-əкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының; телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың; əр түрлі терминалдардың: мультимедиалық кабинеттерінің, электронды оқу залдарының; CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік немесе сатып алынған); желілік оқу мультимедиаконтентінің (жекеменшік жəне сатып алынған); тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші жəне техникалық персоналдардың; жекеменшік контентін (локалдық жəне желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының; желілік тестілеу кешендерінің; оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems — LMS); оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems — LCMS) бар болуы қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім жəне ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Еліміздің оқу орындары практикасына енгізілген əрі кең қолдау тапқан қашықтықтан оқыту технологиясы инновациялық технологияларды даму қарқыны артқан сайын өзінің мəнін аша түспек.

 

 







Əдебиеттер тізімі

  1. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі. — — 24 желт. [ЭР]. Қосылу режимі: http://www.edu.gov.kz/index.php?id=498&type=98

  2. Челлис Дж., Перкинс Ч., Стриб М. Основы построения сетей: Учеб. руководство для специалистов MCSE. — Лори.

  3. Филимонов А.Ю. Протоколы Интернета. — СПб.: БХВ-Петербург, 2003. — 528 с.; ил.

  4. Додд А.З. Мир телекоммуникаций. Обзор технологий и отрасли // Олимп-Бизнес. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі