400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қатқыл дискінің құрылымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Есептеу техникасын аппаратпен қамтамасыз ету" пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніңдегі

орынбасары

...........................А. Наушабекова


«........».................................201...ж.




Пән: Есептеу техникаға қызмет көрсету курс: ІІІ топ: ОП-32


Сабақ № 19

Тақырыбы : Қатты дискінің құрылымы.


Мақсаттары:

1.Білімділікбілімгерлерді қатты дискінің құрылымымен және жинаушының

негізгі түйіндерімен таныстыру.

2.Дамытушылық білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту,

компьютерлік сауатылықтарын арттыру

3.Тәрбиелік білімгерлерді орнықылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі:жаңа білім беру

Сабақтың өткізу әдісі:дәріс, интерактивті

Дидактикалық материалдар:Н.Т.Ермеков «Информатика элементтері», интерактивті

тақта, компьютер

С а б а қ б а р ы с ы


І . Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

в) оқушыларды түгендеу

с) оқушы назарын сабаққа аудару


ІІ . Оқушылар білімін тексеру

  1. Қандай ақпарат жинаушыларды білесіздер?

  2. Жинаушыларды модернизациялау деген не?


ІІІ . Жаңа білім беру

Қатқыл дискінің ішінде ақпаратты жазуға арналған арнайы құрамдағы бір немесе одан да көп пластиналар болады. Деректер пластиналар үстінде өте жақын қашықтықта жылжитын магниттік бастиектер блоктармен жазылады немесе оқылады. Бұл блокты арнайы жоғарғы дәл қадамдық қозғалтқыш басқарады.

Жұмысжағдайында пластиналар әрқашан айналып тұрады. Айналу жылдамдығы жоғары болғандықтан, магниттік бет пен бастиек арасында әуе көпшігі пайда болады да, плстиналар үстінде0,00005-0,0001 мм қашықтықта олар қалықтап жатқандай болады.

Айналу жылдамдығы жоғары болған сайын, ақпаратты оқу жылдамдығы да жоғары болады, дегенмен де әр түрлі физикалық себептерге байланысты айналу жылдамдығының жоғары деңгейіне жету өте қиын. Қазіргі таңда қатқыл дискілердің ең кең тарағаны айналу жылдамдығы 7200 айн/мин IDE және SATA дискілері үшін және SCSI дискілері үшін 10000-15000 айн/ мин.

Қозғалтқыштың айналу жылдамдығынан басқа қатқыл диск ақпараттарға ену интерфейсімен, көлемімен, ақпараттарға ену уақытымен, ақпараттарды оқу және жазу жылдамдығымен және тағы басқаларымен ерекшеленеді. Қатқыл дискіні таңдау кезінде ең бірінші оның интерфейсіне, көлеміне және ақпараттарды оқу-жазу жылдамдығына назар аудару керек қазіргі таңда қатқыл диск интерфейсінің үш негізгі түрі бар. IDE. Интерфейстің ең бірінші түрі, өзінің қарапайымдылығымен, арзандығымен және тиімділігімен кең қолданыс алды. IDE контроллері тікелей қатқыл дискіге орналасады, ол қосымша тақтаны кеңейтуді қажет етуден құтқарады. Сонымен қатар, IDE – контроллер жүйелік тақшадада болады.

Оның пайда болғаннан бері қатқыл диск контроллері мен жүйелік тақша арасындағы ақпарат алмасу ережелерін және жылдамдығын бейнелейтін көптеген стандарттар жасап шығарылды. Қазіргі таңда ақпараттарды теориялық жылдамдықпен 133Мбайт/с көшіруге мүмкіндік беретін Ultra АТА -133 спецификациясы қолданысқа ие болды.

IDE құрылғылары жұмыс компьютерінде көп қолданылады. Серверлерде мұндай қатқыл дискілер бірнеше себептерге байланысты сирек орнатылады. Интерфейс ақпараттардың бір шлейфіне қосылған құрылғылардың бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.

Төрт құрылғыдан артық қосуға болмайды(тиімді жұмыс оның екеуімен ғана мүмкін). Жалғыз жолы қосымша IDE контроллерін орнату немесе үлкен мөлшерде IDE ағытпалы жүйелік тақшаны алу. IDE құрылғысын қосу үшін 80 желілк шлейф қолданылады. Ережеге сәйкес , жүйелік тақшаның екі стационарлық IDE ағытпасы болады(қымбат модельдерде төртеу). SerialАТА бұл интерфейстің түрі қазіргі таңда ең көп қолданылады, ақпараттармен жұмыс барысында жоғары жылдамдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол . IDE интерфейсін әрі қарай орнату барасында пайда болды. Онымен жұмыс 1999 жылы басталды және ақпараттарды 150 мбайт/с дейінгі жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік беретін спецификация құрумен аяқталды. Кейіннен жіберу қабілеті екі есеге жоғары тағы бір спецификация пайда болды. Қазіргі уақытта жылдамдық көрсеткіші 600 мбайт/с дейін Serial АТА -3 спецификациясы жасалып жатыр. SCSI. Ол әрқашан . IDE интерфейсімен қатар дамыды және басынан ақ серверлерге арналды. Жаңа SCSI контроллері 320 мбайт/с жылдамдықта ақпараттар жібере алады, аналогтік IDE құрылғыларына қарағанда жоғары. Барлық артықшылықтарына қарамастан, SCSI қымбат интерфейс. Дискінің қанша ақпарат сақтай алатыны оның көлеміне байланысты. Критикалық (жұмыс) ақпараттар көп орын алмайды ( бұл серверлерге қатысты емес) Көбінесе қатқыл диск мультимедиялық ақпараттарға толы болады. Қазіргі таңда үй компьютері дискісінің оптимальдық көлемі 200-300 гбайтты құрайды.




ІУ . Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру

  1. Қатқыл дискінің жұмыс принципі.

  2. Қатқыл дискінің интерфейсі.

  3. Шу деңгейі.

У . Жаңа білімді бекіту


  1. Жүйелік блокты ашып қатқыл дискінің моделін ажырату.


УІ . Үйге тапсырма беру. Конспект оқу.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі