400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қатты денелердегі қысым

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді құрастыру мақсатында мұғалімдерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді Аршабаева Ж

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

Қаппар Н

Сынып:


7 а


7 ә


7 ж



Күні:

22.01.19 ж


Сабақтың тақырыбы:

Қатты денелердегі қысым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: Белгілі бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алады, формуланы, өлшем бірліктерді біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Формулаларды түсіндіріп есеп шығара алады, қатты денелердегі қысымның неге тәуелді екенін біледі, сурет бойынша тақырыпты талдайды.

Кейбір оқушылар: Кез – келген қатты дененің білгілі бетке түсіретін қысымының мағынасын түсінеді, өзгерту әдістерін сипаттайды


Бағалау критерийі

1. Қысым туралы толық мағлұмат біледі, қысымның өзгерту тәсілін сипаттайды

2. Қатты денелердегі қысымды эксперименттік тапсырмалар арқылы түсіндіре алады

3. Қатты дененің молекулаларының құрылымын сұйықтар мен газдарден ажыратады және қорытынды жасайды.

4. Формулаларды есеп шығарғанда қолданады

Тілдік мақсаттар


Тыңдалым: Bilim.Land.kz сайтынан бейнеролик тыңдайды,

Айтылым: Бейнероликте көргенін түсіндіріп айтады, суреттерге сипаттама береді, диалогқа қатысады.

Оқылым: Оқулық бойынша негізгі деректерді оқиды

Жазылым: Берілген суреттер бойынша постер қорғайды есеп шығарғанда формулаларды, есептің берілгенін жазып, ке

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

дене

тело

object

қатты дене

Твердое тело

Rigid bodi

қысым

давление

pressure

қысым күші

сила давления

pressure force

Аудан

Площадь

Sguare

Күш

Сила

Power

Масса

Масса

Massa

Көлем

Обьем

volume


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құндылықтарға баулу

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Биология, математика, химия

Алдыңғы білім

Практикалық жұмыс -11 кристалл және аморф денелердің қасиеттері

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтауды, физика сабағында құралды мұғалімнің рұқсатынсыз ұстамауды талап етемін. Осы сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау. АКТ – ны пайдалану.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру

5 минут

- оқушылармен сәлемдесу,

- оқушыларды түгелдеу

- сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақ мақсатын қою

1 мин

Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау.

Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жетк критерийлерін талқылайды.

Алдыңғы білімді қайталау

3 мин






























Жаңа білім

10 минут





Алдыңғы сабақ бойынша қосымша «Білу және түсіну» сұрақтары қойылады. Қосымша ар сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.

1. Үй тапсырмасын еске түсіру: жеке жұмыс

«Графикалық диктант» – оқушылар оқылған сөйлем дұрыс болса «˄» белгісін, дұрыс емес болса «–» белгісін қояды.

1. Температураның өзгеруіне байланысты зат үш күйде болады. (˄)

2. Пішіні мен көлемін сақтау құбылысы-сұйықтарға тән қасиет. (-)

3. Көлемін сақтап, пішінін оңай өзгерту-қатты денеге тән қасиет.(-)

4. Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан тұрады. (˄)

5. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының араларындағы бос орындарға өтіп таралуы-Броундық қозғалыс деп аталады. (-)

6. Газдар –көлемін де, пішінін де сақтамайды. (˄)

7. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасын Р.Броун анықтады. (-)


8. Химияда су молекуласының формуласы НО деп белгіленеді. (-)

9. Су молекуласы екі химиялық элементтің, сутегінің екі, оттегінің бір атомынан тұрады. (˄)

10. Молекуласы ретсіз орналасатын денелер – кристалл денелер. (-)

Жауабы: ˄ˍˍ ˍˍ ˄ ˍˍ ˄ _ _ ˄ _


Бағалау критерийі

Дискрептор

– заттың үш күйін біледі;

– үш күйіне тән қасиеттерді ажырата алады;

– МКТ-ның негізгі үш қағидасын тұжырымдайды.

– заттың үш күйіне мысалдар келтіреді;

– бір заттың үш күйде болатынын біледі;

– Анықтамаларды тұжырымдай алады.


2. Жаңа сабаққа көпірше – « Суреттер сыр шертеді» – тақтаға «мысықтың» суреті қойылған слайд көрсетіледі және оқушылар мысық деген жазуды керісінше оқу (жазу) арқылы «қысым» деген сөзбен танысады. Ендеше бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбы «Қысым туралы» екендігін біледі.

Топтық жұмыс: «Бізден сұрақ-сізден жауап» Бейнекөрсетілім – оқушылар көргендерін топпен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді. 1.Бейнекөрсетілімнен қандай көрініс көрдіңіздер?

1-топ:Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғысы бар бала қар үстімен тезірек жүреді?

2-топ:Қай жағдайда үстел құмға батады?

3-топ: Күректердің қайсысымен жұмыс істеу жеңілірек

Бағалау критерийі

Дискрептор

-бейнекөріністен көргендерін түсіндіреді;

-сурет бойынша қатты денелердегі қысымның белгілі бір бағытта берілетіні түсінеді.

– қысымның қандай шамаларға тәуелді болатынын түсінеді.

-қатты денелердегі қысымның белгілі бір бағытты берілетінін біледі;

-қысымның беттің ауданына тәуелді екенін біледі;

-қысым түсетін күштің модуліне байланысты екенін ұғынады.

Қалыптастырушы бағалау: Бас бармақ әдісі


Мұғалім: Жалпы қысым қандай шамалармен анықталатынын, белгіленуі, өлшем бірліктері туралы түсіндіреді.


Дәптермен жұмыс: формулаларды, өлшем бірліктерді жазады

* Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
* Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

P=F/S  формуланы түрлендіру арқылы:  F=P*S     S=F/P

*Қысымының  өлшем бірлігі: Паскаль (қысқаша Па)
1Паскаль – 1Н күштің 1м
2 ауданға түсіретін қысымы: 1Па=1Н/м2

1гПа =100Па=102Па 1кПа =1000Па=103Па 1МПа =1 000 000 Па=106

*Қатты денелерде қысым белгілі бір бағытта беріледі.

«Ойлан-жұптас-бөліс» -деңгейлік  тапсырма.

1 деңгей:

Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әрекет етеді.Егер иненің ұшының ауданы 0,0003м3 болса, онда күйтабаққа түсіретін қысым қандай?

2  деңгей:

Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені 0,1 м. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?

3 деңгей:

Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2 , түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.

Бағалау критерийі

Дискрептор

Қысымның формуласын пайдаланып, есеп шығаруда қолдана алады

-күш пен аудан белгілі болғанда, қысымды есептейді;

-масса мен ұзындық және ені белгілі болғанда,қысымды есептеу формуласын өзгерте алады;

-қысым белгілі болған жағдайда, күшті, формуласын таба алады.

Қалыптастырушы бағалау:Бағдаршам әдісі,смайликтер

Көзге гимнастика жасау


1.Топтық жұмыс- «Сөйлеу арқылы, ойлау» –суреттерді салыстыра отырып қатты денелердегі қысымның физикалық мағынасын біледі.

1. Мұздың үстінде жатырған баланың әрекеті дұрыс

2. Жылқы жалғыз тұяқты, батпақты және  ылғалды жермен жүрген кезде жылқы аяғын үлкен қиындықпен көтереді.   Себебі: қысым тұяқтың бетінің ауданына байланысты.

3. Сиыр –қос тұяқты батпақты және  ылғалды жермен жүрген кезде сиыр аяғын жеңіл алады. Себебі: қысым тұяқтың бетінің ауданына байланысты.

4. Бірінші дененің ыдыс түбіне түсіретін қысымы көп.

ҚБ:Мадақтау



Ортасы

10 минут







































Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы - Қатты денелердің, сұйыктардың және газдардың барлык қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондыктан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен-бірі қалай әрекеттесетінін, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік.

Мынадай тәжірибе жасайык. Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолынды үстелге қой. Кітапты алаканыңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен кысып бас.

Сол қолың қысымның артуын сезе ме?Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір колыңмен кітапты үстінен ақырын бас,екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол косымша кысымды сезе ме?

Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір ғана бағытта (сыртқы әрекет күшінің бағытында ғана) тарататынына көз жеткізуге болады.

Мұны қатты денені құрайтын молекулалардың белгілі бір ретпен орналасатыны және олардың кандай да бір нүктенің төңірегінде тербеліп қана қозғалатыны әрі молекулалардың осы нүктеден алыс ұзап кете алмайтыны аркылы түсіндіре аламыз. Ал енді сұйықтар мен газдарда кысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан-жакка бірдей таратады.

Ауаның кысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын резеңке шарды, колдопты және т.б. үрлеген кезде бақылауға болады.Үрлеген кезде ауаның бір бағытта берілетініне қарамастан, шар немесе доп барлык бағытта біркелкі ұлғаяды. Бұл - катты дененің қысымды жеткізу процесінен мүлдем өзгеше кұбылыс.

Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағыт-бірдей ұзындықта шапшып немесе будактап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.

Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сүйықтар мен газдардың кысымды барлық жаққа. бірдей жеткізетінін дәлелдеді. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Сұйықтар мен газдардың қысымды барлык. жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен түсіндіріледі


Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут



1.Үйге тапсырма: §7.3.1.2 Қатты денелердегі қысым

2.»Алма ағашы»  -кері байланыс

Оқу жетістігінің деңгейі

Білу

Өткен тақырыпты толық меңгереді.

Түсіну

Бейнероликтен көргендері бойынша қойылған проблемалық сұрақтарға  жауап айтады.

Қолдану

Формуланы  тиімді пайдаланып, есептер шығара алады.

Талдау

Суреттен  қатты денелердегі қысымның физикалық мағынасын түсіндіре алады.

Жинақтау

Өлең жолдарынан қатты денелердегі қысымның маңызын біледі,терминдерді үш тілде  айтады.



Бағалау


5 минут





Кері байланыс

3 минут

   Жетістік баспалдағы:

Мен бүгін жақсы жұмыс жасадым, түсіндім, басқаларға үйретуге дайынмын

Мен топта барлық оқушыға көмектестім және  түсіндім

Мен жеке жұмыста сұрақтарға орташа жауап бердім

Мен топта кейбір жұмыстарға араластым

Мен топта аз жұмыс істедім және аз жауап бердім

Мен топта жұмысты аз істедім және  түсінбедім

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі