12. Қатты ерітінділер
түзетін изоморфты жүйенің балқу диаграммасын сызып, талдау
жүргізіңіз.
Изоморфты
жүйе- – құрамы ұқсас
заттардың аралас кристалдарды (изоморфты қоспалар) түзу
қасиеті.
Бір -
бірінде сұйық күйде де, қатты күйде де шексіз еритін компоненттер
қатты ерітіндінің үзіксіз қатарын түзеді. Мұндай компоненттердің
балқу диаграммасында эвтектикалық нүкте болмайды және балқу
диаграммалары 1, 2 және 3 - суреттер де көрсетілгендей үш типке
бөлінеді . Диаграммалардағы жоғарғы қисық ликвидус, төменгі қисық
солидус қисықтары. Ликвидус қисығы қатты ерітінділердің қата бастау
температурасын, ал солидус қисығы қатып бiту температурасын
көрсетеді. Ликвидус және солидус қисықтары диаграмманы үш бөлікке
бөледі : 1 бөлікте жүйе бір фазалы ( сұйық балқыма), дивариантты (
E = 2-1 + 1 = 2 ); ІІ бөлікте гетерогенді, екі фазалы (балқыма +
қатты ерітіндінің кристалы ), моновариантты ( E = 2-2 + 1 = 1 ) ;
ІІІ бөлікте жүйе I бөліктегі сияқты гомогенді ( қатты ерітінді
кристалы ) , яғни дивариантты.

Бірінші
типтегі жүйелерде (1- сурет ) балқу температурасы жоғары болатын
компоненттің (мысалы, никельдің ) концентрациясының өсуімен қатты
ерітіндінің кристалдану (балқу) температурасы жоғарылайды. Ликвидус
және солидус қисықтары үзіксіз , бұл қисықтардағы нүктелердің бәрі
А және В компоненттерінің балқу температуралары арасында
орналасқан. Екінші типтегі жүйелерде ( 2 - сурет ) қатты
ерітіндінің кристалдану температурасы А компонентіне В компонентін
және В компонентіне А компонентін қоса бастағанда төмендейді.
Ликвидус және солидус қисықтары минимум арқылы ( 0 нүктесі ) өтіп,
минимум нүктесінде бір - бірімен жанасады . Үшінші типтегі
жүйелерде (3 - сурет ) қатты ерітіндінің кристалдану температурасы
компоненттерді бір-біріне қоса бастағанда жоғарылайды. Ликвидус
және солидус қисықтары үзіксіз, олар максимум нүктесінде жанасады.
Гиббс және Розебомның бірінші ережесі бойынша,
сұйық
балқымамен тепе - теңдіктегі қатты ерітінді құрамында жүйенің балқу
температурасын жоғарылататын компонент сұйық балқымаға қарағанда
көбірек болады. Мысалы ,1-суреттің Р
нүктесіндегі қоспа сұйық балқымаға (құрамы m) және қатты ерітіндіге
( құрамы n ) бөлінеді . Қатты ерітінді құрамында ( тепе -
теңдіктегі сұйық балқымамен ( х ) салыстырғанда) В компоненті
көбірек болатынын және В компонентінің концентрациясы көбейген
сайын қатты ерітіндінің кристалдану температурасы жоғарылайтынын
диаграммадан көреміз . Гиббс және Розебомның екінші ережесі
бойынша, балқу диаграммасының
максимум немесе минимум нүктелерінде тепе тендіктегі сұйық балқыма
мен қатты ерітіндінің құрамдары бірдей.
Максимум
және минимум нүктелерінде Гиббстің фазалар ережесінің ( E= K- Ф+2-1
) -теңдеуі бойынша жүйенің варианттығы нөлге тең (E = 2-2 + 1-1 = 0
). Рычаг ережесін қолданып, тепе – теңдіктегі сұйық фаза ( балқыма
) мен қатты ерітінді мөлшерлерінің қатынасын анықтауға болады .
Мысалы, 1, 2 және 3 - суреттерде берілген диаграммалардағы Р
нүктелеріне сәйкес гетерогенді қоспалар үшін
балқыма
массасы / қатты ерітінді массасы = pn / mp
Қосымша
Р -
нүкте
m -
масса
n –
құрамы
Ликвидус (лат. liquidus — сұйық, аққыш) —
" ликвидус сызығы" немесе "ликвидус жазықтығы деген сөз
тіркесінде қолданылатын, балқымалардың немесе ерітінділердің
минералдана бастауы кезіндегі температурасы мен кұрамы
арасындағы байланысты сызба тұрғыдан кескіндейтін
шама. Температура мөлшері нақтылы заттың ликвидус
температурасынан жоғары болған жағдайда ол зат тек қана сұйық
күйінде ұшырасады.
Солидус қисығы латын сөзi solid -
қатты дегенді білдіреді . Ликвидус қисықтарынан жоғары жатқан
температурада жүйе тек сұйық күйде болатын болса, солидус қисығынан
төмен жатқан температурада жүйе тек қатты күйде болады. Ликвидус
және солидус қисықтарының қиылысу нүктесін (Е
нүктесі) эвтетика
нүктесі дейді . Бұл нүктеге сәйкес
келетін температураны ( ТЕ
)
эвтетикалық температура, ал құрамды (
xE
) эвтетикалық құрам немесе
эвтетикалық қоспа деп атайды . Эвтетикалық
температура жүйенің балқу температурасының ең төмен
мәні. Эвтетикалық
қоспа дегеніміз А және В
компоненттерінің өте ұсақ кристалдарының механикалық қоспасы .
Эвтетикалық қоспа басқа құрамдағы қоспаларға қарғанда тез
балқитындықтан прктикада кең қолданылады . Мысалы, қалайы немесе
қорғасынның эвтетикалық қоспасы ( қорытпасы - третник ) дәнекерлеу
жұмыстарында пайдаланылады .
Гиббс
фазалар ережесінің формуласы (E= K- Ф+2 )
Бір
компонентті жүйе (E= 1- Ф+2 )
Екі
компонентті жүйе (E= 2- Ф+2 )
Үш
компонентті жүйе (E= 3- Ф+2 )