жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар
|
Сабақ жаратылыстану |
Мектеп: |
||||||
|
Күні |
Мұғалім |
||||||
|
Сынып 3 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
|
|
||||||
|
||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
3.3.1.1 - заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау; |
||||||
|
Критерий |
|
||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар Заттың қатты, сұйық және газ күйін ажырата алады. Көпшілгі Мысалдармен дәлелдер келтіре алады. Кейбір оқушылар Тәжірибе жасай отырып, дәлел келтіреді. |
|
||||||
Әдісі
|
АКТ, диалогтік оқыту, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балаларды оқыту. |
|
||||||
Ресурстар |
плакаттар, кеспе қағаздар, стикер, маркер |
|
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Мұғалім іс – әрекеті |
Оқушы іс - әрекеті |
|||||
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық дайындық: Оқы сабақ, ерінбе, Жалқаулыққа берілме. Сауатты бала боп шықсаң, Сүрінбейсің өмірде. Оқушыларды 1,2,3 сандары арқылы топқа бөлу. |
Өздерін дескрипторлар арқылы бағалап отырады және «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. |
|||||
|
Өткен сабақты еске түсіру |
«Кір
жайғыш» әдісі І-топ
ІІ- топ
ІІІ- топ
Сергіту сәті Бір,
екі, үш Дескриптор 1 Сұраққа жауап береді. |
Жеке жұмыс Берілген сұрақтарға жекелеген оқушылар жауап береді. Топ мүшелері толықтырып отырады. |
|||||
|
Жаңа сабаққа дайындық |
«Жан бітір» ойыны Ойын шарты Берілген суреттерге жан бітіріп, сипаттап айтады.
Дескриптор 1 Суретке қатысты ойларын айтады. 2 Суреттерді сипаттап жан бітіреді. |
Топтық жұмыс Әр топ берілген суреттерін сипаттап айтып береді.Сәйкес сөзді тиісті суретке тіркеп баяндайды. Аталған сөздердің суретке қатысын айтады. |
|||||
|
Жаңа сабақ |
Суреттерге сипаттама беруге қолданылған сөздерді атай отырып, оқушылар заттың үш күйі болатынын түсінеді. Бірнеше мысал келтіріп, түрлеріне ажырату. «Қаламыңды ұшта» әдісі Су Бу Мұз
Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз бұл - газ, сұйық және қатты күй. Мысалы су, су бөлменің оң температураларында сұйық боп ағады, аязды күндерде су далада мұз боп қатады, шәйнектегі су қайнап буға айналып газ күйіне айналады.Заттардың агрегаттық күйлері молекулалар мен атомдардың орналасуына байланысты. Газдарда молекулалар мен атомдар бір-бірінен алыс орналасады, ал сұйықтар мен қатты заттарда молекулалар мен атомдар бір-біріне жақын орналасады. Сұйық пен қатты заттардың атомдары мен молекулалары тығыз орналысқандықтан, заттың бұндай агрегаттық күйлерінде заттың көлемі тұрақты болады. Сұйық пен қатты заттарды соңдықтан сығу қиын болады. Қатты
заттардың атомдары көбінесе кристалдық
тор пішінді болады:
Кристалды тор дегеніміз атомдардың тор сияқты бір тәртіппен орналасуы, бұндай құрылым қатты заттарға тән. Қатты заттың атомдары кристалдық торды құратындықтан, бұндай заттың пішінің өзгерту, сығу, қысу қиын болады. Металдардың серпінділігі бұндай құрылымнан туындайды. Ал газдарда молекулалар мен атомдар қашық орналасқандықтан газдарды сығу оңай болады. Газ көлемің көп күш жұмсамай кішірейте аламыз, және де газдардың тығыздықтары да осы себептен аз болады. Сұйық денелерде молекулалар мен атомдар қатты денелерге қарағанда қашық орналасады. Сұйық заттарда молекулалар тәртіпсіз орналасады. Сұйық заттар осы себептен аққыш болады. Сұйықтар ыдыстың пішінің қабылдайды. Тәжірибе жасап көрсету.
Дескриптор 1 Суретті өмірмен байланыстырып айтады. 2 Мысалдар келтіреді. |
Әр топ заттың үш күйіне мысал келтіреді.
Топтық жұмыс
|
|||||
|
Сабақты бекіту
|
«Жалғасын тап» ойыны Заттардың үш күйіне қатысты қасиеттерді жалғастырып жазады. І- топ Нақты пішіні мен көлемі болады------------------ Оларды сығу өте қиын------------------ Бір-біріне өте мықты бекінген----------------- ІІ- топ Нақты пішіні жоқ, бірақ нақты көлемі болады.----------- Олар өзі тұрған ыдыстың пішінін алады, ---------------- Сығу қиын. ---------------- ІІІ-топ Нақты пішіні мен көлемі болмайды--------------- Сығу өте оңай.-------------- Өзі тұрған ыдыстың көлемін толықтай толтырады--------
Дескриптор:
|
Берілген сөздердің жұбын тауып, тақтаға іледі. |
|||||
|
Кері байланыс |
Стикерге
жазған кері байланыстарын «Тілек»
ағашына жабыстырады.
|
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан не қызықты , не қызықсыз болғанын және келесі сабаққа пікірін жазып жабыстырады. |
|||||
|
Бағалау |
Дескрипторлар арқылы өздерін бағалап отырады. Бағдаршам түстерімен бағаланады. « БЛОБ» ағашы арқылы өзін-өзі бағалау жүргізіледі
|
Қағаз бетіне жазылған есімдерін БЛОБ ағашына жасырып, өз-өздерін бағалайды. |
|||||
|
Үйге тапсырма |
Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар |
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген