Тақырыбы: Қатыгездік
және зорлық-зобылық
Мақсаты: 1. Оқушыларды ойлауға,
ой түйіндеуге, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын қорғауға, дәлелдеуге
үйрету.
Жеке тұлғаның санасын
ситуациялық сұрақтар, пікірталас көмегімен дамыту.
Қылмыстық әрекеттерден аулақ
болуға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: Дөңгелек үстел.
Пікірталас.
Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Слайд,
бейнефильм,Қанатты сөздер, баспасөз материалдары,
үлестірмелі қағаздар, т.б.
Өткізілу
барысы: 1.
Ұйымдастыру бөлімі.
Ой қозғау.
“Қатыгездік қайдан
шығады?”
(оқушылар
пікірін тыңдау)
Мұғалім сөзі.
Мен қазақпын, мың өліп, мың
тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң
тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн
тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн
түрілген- деп,Ж. Молдағалиев жырлаған халықпыз. Сол халықтың
жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды
жастарымыз еліміздің намысын биікке асқақтатты. Бірақ, әттеген- ай
дейтін жеріміз де баршылық.
Бұл- бүгінгі жасөспірімдердің қылмысқа бой
ұрып бара жатқандығы. Яғни, қылмыскерлердің жасы жасарып бара
жатыр. Жастардың қатыгездікке, қылмысқа бой алдыруы- заман
проблемасына айналды. Сондықтан бүгінгі әңгіме жасөспірімдер
арасындағы қылмыс жөнінде болмақ.
Қазаққа қатыгездік қайдан келген? - поиск
Яндекса по видео
(yandex.kz)
Негізгі бөлімі: Жағдаятқа байланысты
пікірталас.
“Мен жанұяда жалғыз бала
болдым. Сондықтан ба әке- шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. 13
жасымнан бастап қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола
бастадым. Әке-шешем ақшаны аямай беретін болғандықтан, қымбат
темекі шегетінмін. Барлық зат оңайлықпен келетін болған соң, өмірге
жеңіл қарадым. Қанша рет арақ ішіп, милицияға ұсталдым. Әкем
таныстары арқылы ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Өзімнің
жаза тартпайтыныма масайрап, қылмыс жолына түсе бастадым. 17
жасымда әкем жол апатынан қаза болды. Жалғыз анам маған ештеңе
жасай алмады. Сол кезде қасымдағы өзім сияқты жаман жолға түскен
балалармен көрші шағын аудандағы Ернар есімді баланы өлімші етіп
сабадық. Оның бар жазығы менің досым жақсы көретін Айна есімді
қызбен достығы еді. Бәріміз де қамалдық. Шығарып алатын әкем жоқ.
Осы жерде ғана мен өз өмірімді бүлдіргеніме бірінші рет өкіндім. Үш
бала болып бес жылға сотталдық. Темір тордың арғы бетіндегі
өткізген бес жыл мен үшін бес жүз жылға тең болды. Бүгінде босап
келіп, жаңа өмір бастап жатырмын. Өмірімді қайтадан бастағым
келеді.Жастарға айтарым, кейін өкінбейтіндей өмір сүріңдер, бар
қызық алдарыңда. Арақ-шарап, есірткі- бірінші жауларыңыз”- дегім
келеді.
Мұғалім:
— Осы жайға байланысты өз
ойларыңызды ортаға салыңыздар. Бұл Оқушылардың пікірін
тыңдау.
Сұрақ-жауап кезеңі:
Қасыңдағы жолдасыңның қылмыскер
екенін білсең, не істер едің?
Неліктен қазіргі жастар
бір-бірін аяусыз ұрып-соғып, тіпті өлтіруге дейін барады? Кім
кінәлі?
Оқушылар жауаптарын
тыңдау.
Тағы бір жағдаятқа
тоқталайық:
— “Біздің үй үнемі
ұрыс- керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем:
“Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың шамалы” деп
ызыңдаудан жалықпайды. Әкем ішіп алғанда талай рет қол жұмсады.
Шешем көбінесе екеуімізді бөлек тамақтандырады. Мен ата- анаммен
бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге
де түскім келеді? Не істерімді білмей жүрмін” дейді.
Мұғалім: Бұған не айтар
едіңдер?
Оқушылар жауаптарын
тыңдау.
Слайд:
1-топ:Қатігездіктің түрлері. Қазіргі қоғамда ең көп
таралған қатыгездік қайсы деп ойлайсыздар?
2-топ:Зорлық-зомбылыққа куә болдыңдар ма? Бопсалау
дегеніміз не?
3-топ:Кибербулинг дегеніміз не? Оның зардаптары бар
ма?
4-топ:Физикалық
зорлық-зомбылыққа нені жатқызамыз? Оның зардаптары
қандай?
5-топ:Зорлық зомбылықты шешу
жолдары бар ма? Кез-келген зорлық-зомбылыққа куә болсаңдар не істер
едіңіздер?
“Күн мен
түн” жаттығуы. Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына тұрып
өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып кемшіліктерін
айтады.
Қорытынды:
— Өмір дегеннің өзі
қыраттардан, ойлы- қырлы белестерден тұрады. Алдыңда не
кездесетінін білмейсің. Одан ойдағыдай шығудың жолы адамның өзіне,
жігеріне байланысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің
Жолдауында жастар ісіне, жастардың білім алуына көп көңіл бөліп
отыр.Салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді. Тек салауатты
өмір салтын ұстанған адамның қылмысқа бармасы анық.
Адам барлық қиындықты еңбекпен
ғана жеңеді. “Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық- аздырар адам баласын”
деп ұлы Абай бекер айтпаған.
Тақырыбы:
“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді”
Мақсаты: 1. Өзін-
өзі және өзгені тану қабілеттерін
дамыту.
Ой өрістерін дамыту, жақсы
мінез, айналасындағылармен
Тақырыбы:
“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді”
Мақсаты: 1. Өзін-
өзі және өзгені тану қабілеттерін
дамыту.
Ой өрістерін дамыту, жақсы
мінез, айналасындағылармен жақсы қарым- қатынас
қалыптастыру.
Оқушыларды өз ойларын ашық айта
білуге, шыншылдыққа, қарым- қатынасты реттеуге үйрету.
Түрі: Тренинг
Әдісі: Еркін қарым-
қатынас
Көрнекілігі: Нақыл
сөздер, каррточкалар, “Күн” және “Түн” суреттері,т.б.
Өткізілу
барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Ой қозғау. “Өзіңді білу”,
“Өзіңді тану” тіркестерінің мағынасы жөнінде пікірлерін
тыңдау.
Кіріспе:
— Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез-
құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану.
Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық
айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі.
Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып
өзін-өзі тәрбиелейді.
Негізгі бөлімі. Тренинг
жаттығулары
“Мен кіммін”
жаттығуы
Нұсқау: тренингке қатысушыларға “Мен”
бейнесін жазбалар, сурет, қимылдық бейне, ән арқылы ашуға, ойлануға
уақыт беріледі. (арттерапия әдісі). Басқалар осы бейненің бұл
адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.
Қорытынды: мен- Адаммын,
Адам бола білу- ең қиын мамандық.
“Күн мен түн”
жаттығуы
Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына
тұрып өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып
кемшіліктерін айтады.
Қорытынды: “Жетістікке таспа,
кемшілікке баспа”.
3.“Мейірім” жаттығуы
Нұсқау: өзіңнің жақын
туысқаның не танысың туралы жақсы сөздер айту.
Қорытынды: “Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын”.
“Көңіл күйді
тану” жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар түрлі
көңіл-
Мен кіммін” жаттығуы
Нұсқау: тренингке қатысушыларға “Мен”
бейнесін жазбалар, сурет, қимылдық бейне, ән арқылы ашуға, ойлануға
уақыт беріледі. (арттерапия әдісі). Басқалар осы бейненің бұл
адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.
Қорытынды: мен- Адаммын,
Адам бола білу- ең қиын мамандық.
“Күн мен түн”
жаттығуы
Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына
тұрып өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып
кемшіліктерін айтады.
Қорытынды: “Жетістікке таспа,
кемшілікке баспа”.
3.“Мейірім” жаттығуы
Нұсқау: өзіңнің жақын
туысқаның не танысың туралы жақсы сөздер айту.
Қорытынды: “Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын”.
“Көңіл күйді
тану” жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар түрлі көңіл-
күйдегі адамдар бейнеленген карточкалардың ішінен өзінің сол
сәттегі көңіл күйіне сәйкес келетінін айтады. Таңдау себептерін
айтады.
Қорытынды: көңілділік айналаға күлкі
сыйлайды. Күлкі- ең тамаша ем.
Қорытынды: — “Жақсыға
ұмтыл, жаманнан тыйыл”. Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді.
Адамгершілік- мәнді өмір бастауы. Алдағы өмірлеріңе сәттілік
тілеймін.