|
Ұйымдастыру
кезеңі (7 мин)
|
«Ұрпақ саулығы –
ұлт саулығы», сол себепті бүгінгі баланың болашағын ойлау ол әр
ата-ананың дұрыс әрекетінен басталады. Бала жанашыр және елін
сүйетін, ата-анасына қасіретін емес, қасиетімен қамқор болуы
керек. Ол үшін қоғам, ата-ана, мектеп үштағаны берік
болуы керек. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында
жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік
пен қылмыстық іс-әрекеттер өзекті мәселеге айналып
бүкіл елді алаңдатуда. Бұрын ер балалар арасында ғана аргідік
кездесетін бұзақылық, әлімжеттік мәселесі қыздар арасында да белең
алып бара жатқаны
қынжылтады
|
Адамның
адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің
бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты
ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек
қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа
достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта
өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз
таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы
қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл
мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі
жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан
Момышұлы.
Адамда асыл
қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де
болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік
ашу,ызақорлық
|
|
|
.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
1.Адамгершілік дегенді қалай
түсінесіңдер?
2. Адамгершілікке
қандай қасиеттерді жатқызуға
болады?
«Өз бойыңда қандай
жақсы қасиеттер бар?»
|
Компьютер
|
|
Сабақ
басы (13 мин)
|
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін
бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық –
адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз
ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты
сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау,
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті
деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы
мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар
болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын
алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары
және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және
бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде
ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып
табылады.
|
|
видео
|
|
Ортасы
(20 мин)
|
Зорлық-зомбылық
құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына
тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы»
делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету,
ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген
зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі
мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне,
өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту
үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген
зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған
қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті
баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып
табылады.
|
Оқушылар
дың пікірі
тыңдалады
|
презентация
|
|
Соңы
5минут
|
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке
өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау
күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе
балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға
итермелеу;
|
|
презентация
|