МКҚК «Балерке»
бөбекжай-балабақшасы
Қатынас
саласы
Сөйлеуді дамытудан
өткізілген
ашық ұйымдастырылған оқу
қызметінің
тақырыбы:
«Менің
балабақшам»
«Жұлдыз» ересек
тобы
Тәрбиеші: Копесова
Н.А.
Көкпекті ауылы, 2021-2022 оқу
жылы.
Тақырыбы: Менің
балабақшам
Мақсаты: балабақшаға деген
сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін
санасына сіңіру, достық қарым - қатынас сезімдеріне
тәрбиелеу.
Міндеттері:
- үлкендердің еңбектерін бағалауға
үйрету;
- балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін
дамыту
- айналасындағы адамдарды жақсы көруге
тәрбиелеу.
Әдістер: түсіндіру, әңгіме,
ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша
қызметкерлерінің суреті, «Топтастыру» стратегиясы, АКТ, «Ойын»
технологиясы
Тәрбиеші:
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане
қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар
амандасады)
- Балалар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы
«Менің
балабақшам»
- Ендеше балалар, барлығымыз бір - бірімізге,
қонақтарға
жақсы
көңіл - күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін
құрайық.
«Шаттық шеңбері»
Амансын ба Алтын
күн!
Амансын ба Жер
ана!
Амансын ба
достарым,
Сендерді көрсем
қуанам!
Тәрбиеші: Керемет! Енді
орнымызға отырамыз.
Балалар айтыңдаршы сендер
қайда келдіңдер? -
Балабақшаға
Балабақшамыздың аты қалай? -
«Балерке» балабақшасы
Балабақшада қай топқа
келдіңдер? - «Жұлдыз» тобына
Балабақшаға келгенде
адамдармен қалай амандасамыз? - Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
Hello!
Қане бәріміз бірге
қайталайықшы.-«Қайырлы
таң!».
Тағы қандай әдепті сөз
қолданамыз?-«Сәлеметсіз
бе!».
Күндіз кездескен адамдарға не
деп айтуымыз керек?-«Қайырлы
күн!».
Ал, кешке ше?-«Кеш
жарық!»
Шығармашылық
жұмыс
Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша
қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға,
құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім,
балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме
жүргізеді.
Балаларға балабақша ішінде
жасалған серуенді слайд арқылы
тамашалату.
АКТ – слайд материалдарын
көрсету
Тәрбиеші: Балалар бізге
қонаққа торғай ұшып келіпті. Торғайды балабақшамен таныстырып, оған
өлең айтып берейік.
Тәрбиеші балалармен бірге өлең
айтады
Торғай
Торғай - торғай,
тоқылдақ
Жерден тары шоқып
ап
Бөтегесі
бұлтиып
Шиқ-шиқ етіп
отырмақ
Балалар, мен сендерге бірнеше
сұрақ қойғым келіп тұр.
(тәрбиеші тақырыпты терең ашу
мақсатында бірнеше сұрақтар
қояды)
- Балалар балабақша дегеніміз
не?
- Балабақшада біз не
істейміз?
- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта
аламыз ба?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық
көрсетеді, аялайды?
- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс
істейді?
- Қане, олар кімдер және не істейді
екен?
(тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші
апайлар).
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы,
таза болсын деп бөлмемізді жуып,
тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ
әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын
қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып
береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып
өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Балалармен балабақшада
қызмет атқаратын қызметкерлерді атап, олардың қызметінің
маңыздылығын атап, көрсету арқылы топтастыру стратегиясын
қолдану
Балалар, енді бізге кім
балабақша жайлы тақпақтар айтып береді? Кім қандай тақпақ
біледі?
Балалар қонақтарға тақпақ
айтып береді.
Әдеби
монтаж
Асылым:
Үлкенге де
Сіз!
Кішіге де
Сіз!
Баршаңызға
құрметпен
Бас иеміз
Біз!
Бақытжан:
Біз ақылды
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Бізге келген
қонақпен
Сәлемдесіп
аламыз
Айтөре:
«Балеркеге»
келіңіздер,
Кереметін
көріңіздер.
Балабақшамызды
көркейтуге
Үлес қоса
біліңіздер!
Кирилл:
Дети в садике
живут,
Здесь играют и
поют.
И друзей себе
находят,
На прогулку с ними
ходят
Мансұр:
Балабақша есігін
Сәби болып
ашқанбыз
Балапандай
мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Дарья:
Бала, бала,
баламыз,
Бақшамызға
барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да
қаламыз!
Даяна:
Мен бақшаға
барамын,
Ойнаймын, ән
саламын.
Тәрбиеші апайлар.
Досы барлық
баланың.
Біздің ақылды, әрі деніміз
сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар
еңбектенеді.
Балабақша – біздің екінші
үйіміз сияқты екен, ал бірінші үйіміз өз үйіміз, себебі онда
сендерді жақсы көретін жақын адамдар тұрады, әке - шешен, ата -
әжең, ағаң, апайын. Олар сендерге
қамқорлық көрсетеді.
Сергіту сәті
Балалар тәрбиешілермен бірге Е. Өтетілеуұлының
«Бала, бала, баламыз»өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес
қимыл – қозғалыс жасайды.
Бала, бала,
баламыз
Бала, бала,
баламыз,
Бақшамызға
барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да
қаламыз!
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға
бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға
бір.
Міне, «вагон»,
кіреміз,
«Пойызбен»жол
жүреміз.
«Кемеге» де
мінеміз,
Толқындарды
тілеміз.
Дидактикалық
ойын:
«Менің сүйікті
балабақшам!»
Шартты: Балабақша суретін жапсырмалап
құрастыру керек.
Магнитті тақтаға кезек
жапсырып, құрастырады.
Тәрбиеші: Балалар, оқу қызметінде үйренген өнегелі
сөздерді қайталап айтыңдаршы.
Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш
жарық! Рахмет!
Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?
Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз.
Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы
көреміз.
Жүректен жүрекке
шеңбері.
Жақсылыққа
құмармыз,
Жақсы адам боп
шығармыз.
Бізді жақтап
отырған,
Сендерге де мың
алғыс!
Балалар орындарына
отырады.
Тәрбиеші: Ал осымен оқу қызметіміз аяқталды. Назарларыңа рахмет!
Күтілетін
нәтиже:
Білуі
тиіс: Балабақша өз үйлері
екенін, сәби болып келіп, ересек болып шығатынын
біледі.
Игеру
керек: Сұрақтарға толық
жауап беру арқылы, сөйлеу мәдениетін
игереді.
Меңгерді: Балабақша
қызметкерлерін танып, әрқайсысының жұмысын
меңгерді.