400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қатынас ыдыстар 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім жүйесі бойынша әріптестер арасында тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Молекулалы-кинетикалық теория негіздері

№52 мектеп-лицей

Күні: 24.01.2019ж

Мұғалімнің аты жөні: Омарова Майра

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қатынас ыдыстар

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.3.1.6 - Қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіру


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Қатынас ыдыстардың қасиеттерін білу,тұрмыстағы қолданылуына мысал келтіру.

Басым бөлігі: Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіндіру

Кейбір оқушылар: Формуланы түрлендіре отырып, күрделі есептерді шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Қатынас ыдыстардың ерекшелігін біледі

  2. Қатынас ыдыстарды өмірде қолдану тәсілін түсінеді

  3. Оған қатысты есептерді шығаруда қолданады

Тілдік мақсаттар


Қатынас ыдыс кемі ..... бөліктен тұрады

Қатынас ыдысқа мысал...


Құндылықтарға баулу




Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылықтарына баулу - сапалық және эксперименттік тапсырмалар арқылы іске асырылады.

Пән аралық байланыс

Математика - есеп шығару

Информатика - презентациялау, интернет ресурстар алуда

Экология - су тазалығын сақтау

Алдыңғы білім


7.3.1.5 сұйықтықтағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.




Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты топқа бөлу: Оқушылар түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

Мақсаты-топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін тыңдауға, бір-бірінен үйренуге,үйретуге,сөздік қорын толықтыруға дағдыланады.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі - оқушылар дұрыс сұрақ таңдайды, тез ойланады, сұраққа нақты жауап беруді үйренеді.

Бағалау-оқушылар бірін-бірі басбармақ әдісі арқылы бағалайды



Сурет қиындылары

Сабақтың ортасы


30 минут













Жаңа сабақ

«Ой қозғау» әдісі - сын тұрғысынан ойлану, зейінді шоғырландыру үшін.

Оқушыларға қатынас ыдыстарға байланысты бірнеше сурет көрсете отырып (шәугім,шәйнек, қатынас ыдыстардың физикалық үлгісі) , сұрақ қойылады:

-Осылардың ұқсастықтары мен ерекшелігі неде?


Жаңа сабақтың мағынасын «Джигсо» әдісі арқылы ашылады. Ол оқылым-тыңдалым-айтылым дағдыларын дамытады.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, әр топқа бір бөлігі беріледі. Олар алдымен жеке-жеке оқып,түсініп, кейін топта талқылау , ой бөлісу арқылы берілген бөлікті жақсылап түсінеді. Орталарынан бір оқушы келесі топқа барып түсіндіреді,сұрақтарына жауап береді. Осылай ауыса отырып мәтіннің барлық бөлігі өзара түсіндіріледі.

Топтар өзара бағалауды бағдаршам арқылы жүргізеді.


Сергіту сәті - оқушылардың қан айналу жүйесін қалпына келтіру үшін жасалады. Ортаға белсенді оқушылар кезегімен шығып,гимнастикалық қозғалыс элементтерін жасайды, қалған оқушылар дәл қайталауға тырысады. Жақсы жасаған оқушылар марапатталады.

Мұғалім қиындық тудыратын күрделі сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақты толықтырады.

Қатыныс ыдыстар

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады

Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері бірдей болмайды


Жаңа сабақты бекіту мақсатында тапсырмалар орындау

  1. А-деңгейі

1.Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар? 1 балл

2.Қатынас ыдыстардың үш тармағы бар. Оларға су, керосин және сынап құйылған. Осы текті сұйықтардың еркін беттері қалай орнасады? 2 балл

2. В-деңгейі

1.Су құбыры не үшін керек? 2 балл

2.Қандай мақсатта қолданылатын су құбырларын білесіңдер? 3 балл

  1. С-деңгейі

1.Су құбырының жұмыс істеу принципі қандай? 3 балл

2. Мұнаралық су құбырының құрылысы қандай? 4 балл


Бағалау шкаласы:


Критерий

Дескриптор

Балл (максимал 15 балл)

баға

Қатынас ыдыстардың ерекшелігін біледі

1.Қатынас ыдыстарды біледі

2.Мысал келтіреді


0-6

3

Қатынас ыдыстарды өмірде қолдану тәсілін түсінеді

1. h1/h2=p2/p1формуланыың физ. мағынасын түсінеді

7-12

4

Оған қатысты есептерді шығаруда қолданады

1.формуланы түрлендіреді,есеп шығаруда қолданады

13-15

5


«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Оқушылар бүгінгі өтілген тақырып бойынша орындықта отырған оқушыға сұрақтар қояды.

Бағалау «дұрыс жауапқа шапалақтау» әдісі бойынша жүргізіледі.

Суреттер немесе слайд

AutoShape 1



Оқулық (7 сынып)







Бағдаршам макеттері







Интерактивті тақта













































Сабақтың аяғы

5 мин


«Бес саусақ» әдісі бойынша оқушымен кері байланыс жасаймын.

1. Бүгін мен...................орындай алдым

2. Маған.........................қиын болды

3. Мен.............................қайталауым керек

4. Мен кімге көмек көрсете алдым?

5.Өзімді...................бағалаймын

-Қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіріңіз

Үйге тапсырма:

Қатынас ідістер 3.5-жаттығу: №3-4 есептерді шығару





Саралау – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

.

Қабілеті төмен оқушылар: қатынас ыдыстар туралы білу;

Қабілеті орта оқушылар: Қатынас ыдыстардың қолданылу мақсатттарын анықтау;

Қабілеті жоғары оқушылар: Қатынас ыдыстардың түрлеріне түсінік беріп, жұмыс істеу принциптерін анықтай алу;

Жоспарға «басбармақ», «бағдаршам», баллдық шкала, «дұрыс жауапқа шапалақтау»,критерийлер арқылы бағалау әдістерімен оқушы білімін бағалау енгіздім

Тапсырма

Критерий

Дискриптор

ұпай

Үй тапсырмасы

«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі

Қатынас ыдыстардың ерекшелігін біледі

  1. Анықтамасын айта алады

  2. Мысалдар келтіреді

1

1

Джигсо

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға қатынас ыдыстарға байланысты бірнеше сурет көрсете отырып (шәугім,шәйнек, қатынас ыдыстардың физикалық үлгісі

  1. Анықтамасын айта алады

  2. Түрлерін таныйды

3. Қолданылуын біледі

1

1

1

Деңгейлік тапсырмалар

Қатынас ыдыстардың ерекшелігін біледі

1.Қатынас ыдыстарды біледі

2.Мысал келтіреді

1



2

3

Қатынас ыдыстарды өмірде қолдану тәсілін түсінеді

  1. h1/h2=p2/p1формуланыың физ.

  2. мағынасын түсінеді


Оған қатысты есептерді шығаруда қолданады

1. формуланы түрлендіреді,

2. есеп шығаруда қолданады


«Ыстық орындық»

Деңгейлік тапсырмалар

Анықтамасын біледі және мысалдар келтіреді

1



Сергіту сәтін жасау-денсаулық сақтай отырып, оқытуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік техникасын сақтау үнемі назарда болады

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған қандай шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ мақсаттары шынайы;

-Оқушылар оқу мақсатын толық игерді

-уақытты тиімді пайдалана алдым.








Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақ барысында «ой қозғау»тиімді болды.

2. «Джигсо» әдісі жаңа тақырыпты ашуға тиімді болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Жаңа әдістерді тиімді пайдалану

2. Оқушыларды бағалауды түрлендіру

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?

Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау -тиімді сабақ кепілі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
2067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі