400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қатынастар және пропорциялар

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп:Валерий Чкалов атындағы орта мектебі

Күні: 13.07.2018

Мұғалімнің есімі: Атамуратова Шахноза Акрамқызы

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті



Сабақ негізделген оқу мақсаты

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • пропорция анықтамасын біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • пропорцияның мүшелерін ажыратады және құрастырады;

Кейбір оқушылар:

  • пропорцияның негізгі қасиетін біледі және есептер шығаруда қолданады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау

критерийлері

  • пропорцияның мүшелерін ажыратады;

  • пропорцияны құрастыра алады;

  • пропорцияның негізгі қасиетін біледі;

  • пропорцияның негізгі қасиетін есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: - пропорцияның анықтамасын біледі;

  • пропорцияның негізгі қасиетін тұжырымдайды.

Терминология: қатынас, пропорция

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының алтыншы құндылығы Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

Пәнаралық

байланыстар

Физика, химия, тарих

Алдыңғы оқу

Қатынас туралы біледі.

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

Ұйымдастыру: амандасу, түгелдеу


Топқа бөлу: Түрлі-түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу


Үй тапсырмасын тексеру: «Жұптық тексеру» бойынша білім алушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Тапсырма.  1. 27:18 2. 8:20 3. 15:10 4. 20:35

Пропорция құруға болатындай қатынастар жұбын таңдап алып, пропорция жаз.

Дескриптор:

- пропорцияның анықтамасын қолданады;

  • дұрыс қатынастар жұбын алады;

  • пропорция құрайды.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы:

  • Жарайсың!

  • Жақсы!

  • Бәрі де қателеседі, түзету үшін шаршама!

Ширату жаттығуы.
«Желпуіш» әдісі

1.Шамалардың бөліндісі

2.Екі қатынастың теңдігі

2.Пропорцияны қайда қолданамыз?

3.Пропорцияны қалай жазамыз?

4.Жаңа пропорция қалай құрамыз?

5.8,4:2,1=12:3 мұндай теңдіктер .................... деп аталады.

6................................. ортаңғы мүшесі деп аталады.

7................................ шеткі мүшесі деп аталады.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы:

  • Жақсы, осы бағыттан тайма !

  • Үйренгенің өзіңе жақсы, үйреткенің қоғамға тиімді!

  • Өз қатеңді іздеуден шаршама!

  • Ұйымшыл топ!

  • Алғыр топ!

Сабақтың тақырыбын жариялау.

«Таихқа шолу»

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.























Сабақтың ортасы

27 мин

«Сұрақты қағып ал» әдісі

Тапсырма №1

1 топ:  120 м  матадан 24 көйлек тігіледі, осындай 18 көйлек қанша м  матадан тігіледі?

 2 топ: 28 кг картоптан 4,2 кг крахмал алынады, 35 кг картоптан қанша  кг  крахмал алынады.

3-топ: Күн ыстықта 6 шалғышы кішірек торсықтағы қымызды 1,5 сағатта ішіп бітірді. Осындай мөлшердегі қымызды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді?

Дескриптор:

  • Есептің шартын құрады;

  • Пропорция құрады;

  • Пропорцияның белгісіз мүшесін табады;

  • Жауабын жазады.

«Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы:

  • Жұмысыңның бағыты дұрыс келе жатыр!

  • Басқаларға үйретуің тиімді болды!

  • Төзімділікпен әлі де үйрен!

  • Сенен бәрі үлгі алу керек, жақсы!

«Крест» әдісі.

Тапсырма №2

Садақтан 50 оқ атылды. 5 жебе нысанаға тимеді. Тиген жебенің пайыздық мөлшерін анықта.

Дескриптор:

  • Есептің шартын құрады;

  • Нысанаға тиген жебе санын анықтайды;

  • Пропорция құрады;

  • Крест әдісін пайдаланып, пропорцияның белгісіз мүшесін табады;

  • Тиген жебенің пайыздық мөлшерін жазады.

“РАФТ” әдісі.

Тапсырма №3

Жер бетіндегі 540 км арақашықтық картада 3,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз.

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып






Дескриптор:

  • есептің шартын құрады;

  • пропорция құрайды;

  • басқа өлшем бірлігіне ауыстырады;

  • арақашықтықты табады;

  • масштабты табады.

«Үш шапалақ» арқылы бағалайды.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы:

  • Фантастика, маған ұнады!

  • Керемет, тағы да бір шыңға шықтың!

  • Дұрыс айтпай қалам деп ешқашан қорықпа!

  • Әлі де тырысу керек!

«Элективті тест» әдісі

Дескриптор:

  • Пропорция құрады;

  • Пропорцияны анықтайды;

  • Пропорцияның белгісіз мүшесін табады;

«Өзін-өзі ауызша бағалау» арқылы бағалайды.







































Сабақтың соңы

5 мин

«Желпуіш» әдісі

1. Пропорцияның негізгі қасиетін айтып беріңдер?

2. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табады?

3. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін қалай табады?

4. Пропорцияның ...........................көбейтіндісіне тең.

5. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі……...................... бөлгенге тең.

6. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі............................. бөлгенге тең.

7.Қатынастар мен пропорциялар теориясы кімнің кітабында енгізілген?

8. «Пропорция» сөзінің латыннан аударғандағы мағынасы

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»

1. Бүгінгі сабақта маған ... қызықты болды.

2. Маған ... қиындық туғызды.

3. Менің көңіл – күйім ...

Үйге тапсырма:

Дескриптор:

  1. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланады;

  2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.
























Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Мен сабақта «Сұрақты қағып ал», «Желпуіш», «РАФТ» , «Крест», «Элективті тест» әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырамын, тапсырманы саралай отырып, оқушылардың деңгейіне қарай дереккөз, органайзер, формулаларды беріп, оқушылардың бір-бірлеріне көмек беруге мүмкіндік бере отырып, сабақтың мақсатына жетемін.


«Бас бармақ», «Бағдаршам», «Үш шапалақ»,

«Аяқталмаған сөйлем» оқушылардың қай сатыда тұрғанын анықтау үшін бағалау

География – масштаб табу;

Химия – концентрацияға байланысты есептерді пропорция арқылы шығару;

Үoutube сайтын қолданады;

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы құндылығын тарихқа шолу мен тапсырма орындау барысында қолданады.

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі