400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қатырма қағаздан қорап жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатырма қағаздан қорап жасау Еңбек оқулығының әдістемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбек

Уақыты:05.12.2018ж

Кабинет:204

Мұғалім:Доненбаева Д

Сабақтың атауы

Қатырма қағаздан қорап жасау

Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету, білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: қорап үлгісі

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.





Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Қызығушылықты ояту

Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?

Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?

Мағынаны тану


аPicture 1 ) мұғалімнің түсіндірмесіҚораптар әртүрлі болады. Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.

- Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?

ә) оқулықпен жұмыс. б) қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.

2. Қораптың төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.

3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.

4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.

5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.

6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.

7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.

8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.

9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс



Picture 2

Қағаздар.

Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:

  1. баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады.Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.

  2. Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

  3. Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.

  4. Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.

  5. Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.

  6. Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.

  7. Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.

  8. Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.

Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.

Үй тапсырмасы

Қорапты аяқтау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Парақшаларды толтырады

Кері байланыс





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі