400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіз бала- ортақ міндет

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қауіпсіз бала- ортақ міндет" ата-аналар жиналысының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





« Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп » КММ

















Ата –аналар жиналысы

Қауіпсіз бала- ортақ міндет

2 «А» сыныбы













Сынып жетекшісі: Жумабаева Ж.К.









2018-2019 о.ж.







Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: Қауіпсіз бала – ортақ міндет

Мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Ата-ананың бала қауіпсіздігіне назар аудару.

  1. Ата- аналарды топқа бөлу

Постер жасау

1-ші топ Баланың үйдегі қауіпсіздігі

2-ші топ Баланың көшеде жүру қауіпсіздігі

  1. Ата-аналарға арналған  кеңес «Балалардың үйдегі қауіпсіздігі».

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ.

Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

         Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге

ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.

         Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден

мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына

жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені

дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді,

көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін,

бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.

         Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің

алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй

телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып,

баланың фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық

сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні

қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек.

         Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:

-         Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;

-         Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;

-         Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;

-         Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.

Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.

         Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.).

Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып

жүрмеуін қадағалауы қажет.

         Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.

         Құрметті

ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы

– балалар.Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

Келесі сайысымыз Кім тапқыр?» деп аталады. Барлық топқа бірдей жұмбақ жасырылады, әр топ жауаптарын  алдарындағы қағазға жазады. Әр жұмбақтың дұрыс шешіміне 5 ұпайдан беріледі.

1.Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді.  (бағдаршам)

2.Екі аяқты, бір ізді

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді.  (велосипед)

3.Көзін ашып жұмады,

Бағыт  сілтеп тұрады.  (бағдаршам)

Үйде тұр бір жұлдыз,

Ол барда түн – күндіз.

(электр лампасы )

жылт-жылт еткен,

жылғадан өткен.      (су )

Үлкен- үлкен қалаларда жүреді,

Табаны темір, төбесінде жүрегі                (трамвай)


Сөзжұмбақ шешу. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

1.Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.

Қоғамдық көлік түрі.

Зымыран жүргізушісі.

4.Машина маркасы.

5.Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?

Алғашқы медициналық пункті.

Машинаның аяқ киімі.

Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?

 Жеңімпаз топты анықтау

Қорытынды жасау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20.01.2019
2514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі