Қауіпсіз еңбек - менің болашақты таңдауым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіз еңбек - менің болашақты таңдауым

Материал туралы қысқаша түсінік
. Қазіргі заманда да еңбек адамының рөлі аса маңызды. Технология дамыса да, адам еңбегінің орны бөлек. Әрбір салада – өндірісте, ғылымда, ауыл шаруашылығында – табанды еңбек қажет. Еңбекқорлық – табыс пен бақыттың кепілі. Сонымен қатар, еңбек адамын бағалау, құрметтеу – қоғамның мәдениеттілігінің белгісі. Еңбек адамы – елдің жүрегі. Олардың еңбегі – ұрпаққа үлгі, болашаққа бағыт. Әрбіріміз өз ісімізді адал атқарсақ, еліміз де өркендей береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Облыс, аудан (қала),ауыл: Қызылорда облысы,Арал қаласы

Білім беру ұйымының атауы: Арал көпсалалы колледжі

Автордың аты-жөні: Маратұлы Арман

Тобы/курс: 2курс ,№39топ

Жетекшісінің тегі,аты-жөні: Абишева Гаукар Жумахановна

Байланыс телефоны: 8 705 762 19 08























Қауіпсіз еңбек - менің болашақты таңдауым


Қоғамның дамуы – әрбір адамның еңбегіне байланысты. Бірақ сол еңбек

қауіпсіз болмаса, оның берері де, баянды болашағы да болмайды. Сондықтан мен өз болашағымды тек қауіпсіз еңбекпен байланыстырамын. Бұл – жай ғана жұмыс емес, бұл – адам өміріне деген жауапкершілік, қоғамға деген құрмет.

Адам өміріндегі ең басты құндылық – денсаулық пен қауіпсіздік. Қауіпсіздік сақталған жерде еңбек те өнімді, өмір де берекелі. Өкінішке қарай, кей кәсіпорындарда қауіпсіздік ережелері ескерілмегендіктен, жазатайым оқиғалар орын алуда. Бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесіне айналады.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударып, жұмыс берушілерді мамандардың қоғамда мәртебесін көтеруге шақырды. Президенттің айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал етеді. «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді», деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Адал еңбек еткен адам ғана шынайы жетістікке жетіп, қоғамның дамуына үлес қоса алады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халқымыздың нақылы еңбекке деген көзқарастың тереңдігін көрсетеді. 

     Еңбек адамы – елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Еңбек адамының күнделікті тіршілігі – жауапкершілік пен төзімділіктің көрінісі. Олар таң атпай жұмысқа барып, ел игілігі үшін тер төгеді. Мұғалімдер – білім нәрін себеді, дәрігерлер – адам өмірін сақтайды, құрылысшылар – жаңа нысандар салып, қалаларды гүлдендіреді. Осындай адамдардың арқасында ел дамып, өмір сапасы артады. Қазіргі заманда да еңбек адамының рөлі аса маңызды. Технология дамыса да, адам еңбегінің орны бөлек. Әрбір салада – өндірісте, ғылымда, ауыл шаруашылығында – табанды еңбек қажет.       Еңбекқорлық – табыс пен бақыттың кепілі. Сонымен қатар, еңбек адамын бағалау, құрметтеу – қоғамның мәдениеттілігінің белгісі. Еңбек адамы – елдің жүрегі. Олардың еңбегі – ұрпаққа үлгі, болашаққа бағыт. Әрбіріміз өз ісімізді адал атқарсақ, еліміз де өркендей береді.

Бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуда кейбір жастарымыздың психологиясында қалыптасқан шеттен тыс қанағатшылдық сезімі еңбек жолында табысты нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибе жинақтауға, жаңа мақсат-мүдделерге, болашаққа талпынуға кедергі келтіреді. Керісінше, жастар еңбек етуде үнемі жаңа қарқынға, заманауи сұраныстарға сай болып отыру мақсатында өз-өзін үнемі жетілдіріп, қамшылап отыруы қажет. Өзім де арман қуып Арал көпсалалы колледжіне “Ауыл


шаруашылығын механикаландыру”-мамандығына 9 сынып бітіріп, құжаттарымды тапсырдым. Ойым туған жерді өркендету, Азамат ретінде өз орнымды тауып , ата-анамды жерге қаратпау. Қазір “ауыл шаруашылығының тракторист-машинисі” біліктілігін меңгерудемін. “Еңбек -түбі береке”-дегенмен де қауіпсіз еңбек- берекелі, нәтижелі де болады. Осы орайда елімізде еңбекті қорғау жөніндегі ҚР Еңбек кодексінде “еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі” делінген.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2024 – 2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасында :

еңбек жағдайларын сыныптау, өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігін, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттығын бағалау;

      зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың кумулятивтік және (немесе) ұштастырылған әсерін бағалау кезінде қолдану;

еңбекші кадрларды оқыту және біліктіліктерін жоғарылату;

еңбекті қорғау саласындағы мониторинг және бақылау жасау жолдары берілген.

Қоғамда көптеген кәсіп иелері қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау үшін еңбек етеді. Мысалы:

- Еңбек қауіпсіздігі инженерлері – өндіріс орнында қауіпті болдырмайды;

- Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер – өмір мен мүлікті аман сақтайды;

- Медициналық қызметкерлер – жарақат алған жандарға көмектеседі;

- Психологтар – адамның ішкі күйзелістерінен қорғауға тырысады;

- Техник-механиктер – техника қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жауапты.

Бұл кәсіп иелері – біздің қоғамның нағыз тірегі.


Еңбек мәдениеті – бұл жұмыс орнындағы тәртіп пен ұқыптылықтың, өз ісіне деген адалдықтың көрінісі. Әр адам қауіпсіздік ережелерін сақтауды күнделікті әдетке айналдырса, апаттың алдын алуға болады.

Еңбекқауіпсіздігіне заманауи технологиялар да әсер етеді.

- Қашықтан басқару – адамды қауіпсіз аймақта қалдырып, техникамен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

- 3D-симуляторлар мен VR жаттықтырғыштар – қауіпсіздікті оқыту әдісін жеңілдетті.

Яғни технология – еңбек қауіпсіздігінің сенімді серігіне айналды.

Мен үшін «қауіпсіз еңбек» – болашақтың басты талабы. Өз кәсібімді игере отырып, мен тек жұмыс істеуді емес, қауіпсіздікті сақтауды өмірлік ұстанымға айналдырғым келеді. Себебі әр еңбек адамы – өз өмірінің ғана емес, қоғам тыныштығының да кепілі.










Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

2.Қазақстан Республикасының 2024 – 2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы

3.Сатыбалдиев Ж.Ж. “Еңбекті қорғау”

4.Мукашева А. “Өндірістік қауіпсіздік мәдениеті”











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі