400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіз интернет

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға тәрбиелік қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кауіпсіз Интернет

Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру:

Сабақ түрі: пікірталас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру,

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім сөзі: Жылдың 11 ақпанында 100 ден астам елде Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күнін атап өтеді. Осынау дәстүр 2004 жылдан бастау алды. Биылдан бастап, Назарбаев Университетінде алғаш рет осы маңызды маселелермен байланысты іс-шаралар өткізілді.

ІІІ. Сұрақ- жауап бөлімі:

  • Әлеуметтік желі зиян ба, пайдалы ма? Бұл желілер не үшін керек болды? Мүмкін шығарушы елдер бөтен мемлекеттердің ішкі-сырты құпияларын ұрламақ болды ма?

  • Негізінде әлеуметтік желіні «әлеуметтік медия» деп те атайды екен. Бұл -адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі бұл - адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

  • Әлеуметтік желі деген не?

  • Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік - халық, адамдар, топ болса, желі -байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі - интернеттегі сайт болса, «әлеумет» - бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз.

  • Әлеуметтік желі не үшін керек?

  • Әрине, селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.

  • Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?

  • Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны екі қолдың саусағын қосып санасаңда жетпейтін жағдайға жетті. Мой Мир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бағыттағы , тақырыптық әлеуметтік желі бар. Мысалы, ретінде әлеуметтік видео желіге youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, ал микроблоггинг мысалына twitter. Сонымен әлем бойынша рейтінгі ең жоғары әлеуметтік желіні атап өтейін.

  • Тіркелудің түрлері ?

  • Әр желінің өзінді тіркелу шарттары бар. Мысалы: МойМир желінің тіркелуі тұратын жерің, қалаң, ауылың тіпті мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй тіркелу үшін деп қоямыз, мүмкін бұның астарында не жатқанын кім білсін. Ал Facebook желсіне өзің туралы, бойың, салмағың, жұмыс орның, бойың, салмағың, жұмыс орның. Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын саны 25 сұраққа жауап бересің. Бір қызығы енді, сенімен осы сайтта дос болған барлық адам сенің өмір баяныңмен, хоббиіңмен таныс болады. Яғни өзіңді-өзің басқаның қолына байлап бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік желілер ФБР және ФСБ секілді барлау қызметтерінің жобасы деп.



  • Әлеуметтік желінің денсаулыққа қандай зияны бар?

  • Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс падалану денсаулыққа зиян деп жарияланды. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі төмендейді. Деп дабыл қағып отыр.

  • Әлеуметтанушылар мен психологтар "Facebook сияқты әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз" деп отыр.

ІV. Қорытынды:

Қысқаша тест жұмысы:

1. Әлеуметтік желі дегеніміз не?

  1. адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара

байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт

b) адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы

c) интернеттегі сайт

d) фото-альбомдарымызды көрсететін сайт

e) Интернет ресурс

2. Әлеуметтік желі не үшін керек?

  1. селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін.

  2. адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы

  3. Ермек қылу үшін

  4. Керек затты алу үшін

  5. Медия файлдар көру үшін

3. Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?

  1. Нақты саны жок

  2. 3 түрі

  3. Youtube, vk, mail.ru

  4. Бетпе-бет

  5. 8 түрі

4. Facebook әлеуметтік желісінде неше адам тіркелген?

  1. шамамен 640 млн адам

  2. 55 адам

  3. 1 млрд адам

  4. 11 млрд адам

  5. 15 млн адам

5. Twitter әлеуметтік желісі құрылған уақыты

  1. Құрылған жылы 2006 шілде айы

  2. Құрылған жылы 2013.12.1

  3. Құрылған жылы 2000.06.2

  4. Құрылған жылы 1998.11.28

  5. Құрылған жылы 2011.8.12
















Болашақ ауылдық округі № 10 орта мектеп





Тақырыбы: «Қауіпсіз интернет»












Сыныбы: 2 «А»

Сынып жетекшісі: Алибаева Н.Т.














2019/ оқу жылы

Қауіпсіз интернет

  20 апреля 2016, 10:30

Балалар қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігін, жол ережелерін сақтау қажет екенін білумен қатар, бүгінде әлеуметтік желілердегі этикадан хабардар болғаны жөн. Мысалы,  Facebook, Twitter және тағы да  басқа әлеуметтік желілер бұрынғыдай қауіпсіз және соншалықты ыңғайлы емес.

 Балалар мен жасөспірімдер виртуалды өмірде жазылған жазбалар атылған оқтай, ұшқан құстай, кері қайтаруға болмайтынын түсінбейді. Ал, әлеуметтік желілердегі жазылған ақпараттарды әркім әртүрлі  мақсатта пайдалануы мүмкін. Сондықтан балаларға интернет және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік туралы жиі айтып, өзі туралы ең жақын досына, кейде оның құлағына сыбырлап айтатын әңгімелерді ешқашан әлеуметтік желіге жазуға болмайтынын түсіндіру керек. Отбасы мүшелерінің туған күндері туралы Туған күнде виртуалды сыйлық, құттықтаулар алған жақсы. Бұл – кейбіреулер үшін достарының туған күнін ұмытпағанын, айналасындағылар оны жақсы көретінін білдіруі мүмкін.  Алайда, интернет-қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар профильде туған күні туралы нақты ақпарат көрсетілмегені дұрыс деп санайды. Ал, туған күн – ең дәл деректердің бірі.   Мұндай ақпараттарды алаяқтар фейк аккаунт ашуға немесе басқа да заңсыз қаржы операцияларына пайдалануы мүмкін. Бірақ барлықәлеуметтік желіге туған күнді көрсетпей тіркелуге де болмайды. Мұндай жағдайда  не туған жылды, не  туған күнді көрсетуге болады.

Отбасылық жағдайы Бүгінде балалар да әлеуметтік желілердегі парақшаларына жеке өміріндегі қарым-қатынас туралы ашық жазады. Бұл да «қауіпті» ақпараттардың бірі. Мұндай жазбалар бейтаныс адамдармен танысуға түрткі болуы мүмкін. Мекенжай туралы Интернет қолданушылар үшін қайда жүргенін, бос уақытында қайда баратынын, қашан үйге келетінін әлеуметтік желілерде белгілеу – қызықты ойын сияқты. Бұл да алаяқтар үшін таптырмас ақпарат. Баланың аптасына жеті күн және тәулігіне 24 сағат қайда болатынын тек ата-аналары ғана білуі тиіс. Балаға неліктен сайттарда нақты ақпараттар мен алдағы жоспарлар туралы жазуға болмайтынын түсіндіру маңызды. Сондай-ақ, үйде жиі жалғыз қалатыны немесе бір жаққа баратыны туралы жазуға болмайтынын үнемі ескерту қажет. Егер қандай да бір  концерт немесе саяхаттан алған әсерін, суреттерін бөліскісі келсе, шара өтіп кеткен соң жазған дұрыс.  Үйде жалғыз қалғанын жазбаған жөн Балалар әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдармен сөйлесіп, оларға өздері туралы ақпарат жаза береді. Сондықтан оларға үйде жалғыз қалатынын, ата-анасы қай уақытта жұмыстан келетінін, қайда жұмыс істейтінін және таяуда сатып алған гаджет туралы интернете жазбау керек екенін түсіндірген абзал. Сонымен қатар, мұндай ақпараттарды экранның ар жағында отырған досына да айтуға болмайды. Себебі балалар досының қайда, кіммен отырғанын білмейді. Ал, әлеуметтік желідегі парақшадағы жазбаларды кез келген адам оқи алады. Мұндай жазбалар ұрлықшылар үшін  «олжа» болуы мүмкін. Балалардыңсуреттері мен есімдері Интернет-қауіпсіздік жөніндегі сарапшыларды ата-аналардың нәрестелерінің суреттерін интернетке жиі жүктейтіні алаңдатады.  Әрине, ата-аналар сүйкімді сәбилерін мақтан тұтады. Алайда, сарапшылар балалардың суреттерін ашық жариялауға болмайды деп есептейді. Себебі мұндай суреттерді әркім әртүрлі мақсатта пайдалануы мүмкін. Ал, он  ата-ананың тоғызы интернетке балаларының суреттерін ғана емес,  баланың атын, туған күнінкөрсетіп, інілері мен әпкелері туралы ақпарат жазады екен. Қаншалықты ақпарат көп болса, алаяқтарға балаңызбен жақын араласуға соншалықты мүмкіндік туады. Ал, балалар отбасы туралы толық ақпарат білетін адамдарға сеніп, тез тіл табысып кететінін ұмытпаған жөн.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
7059
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі