400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіз интернет

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының аясында атқарылған шаралар туралы толық есеп

Қарасай аудандық білім бөлімінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы жылдың 23 сәуір- 10 мамыр аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес Қайнар ауылындағы орта мектепте «Қауіпсіз интернет» атты апталық өз деңгейінде өтті.

Апталық жұмысына ата- аналар мен оқушылар белсенді түрде қатысты. Апталықтың негізгі мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата- аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсендігі бақылауға қатысты Интернет қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

2018 жылдың 23 сәуірінде мектебімізде «Интернет желісі деген не ?» тақырыбында жалпымектептік лездеме болып өтті. Лездемені өткізген информатика пәнінің мұғалімі Амантай Әйгерім Амантайқызы және педагог- ұйымдастырушы Балапанова Шынар. Әйгерім Амантайқызы интернеттің пайдасы мен зиянына кең тоқталып өтті.

23 сәуір мен 8 мамыр арасында бейнелеу пәнінің мұғалімі Андирова Жанбота «Қауіпсіз интернет» тақырыбында фотоконкурс өткізді. Фотоконкурсқа 5- 11 сынып оқушылары қатысты. Конкурсқа оқушылар белсенділікпен қатысып, 9 «б» сыныбынан Миргиястинов Искандер жеңіске жетті.

23 сәуірден бастап 2-11 сынып жетекшілері «Интернет және біз», "Интернеттің пайдасы мен зияны", «Мен және интернет», "Заң және интернет" тақырыбында сынып сағаттарын өтті.


27 сәуір күні информатика пәнінің мұғалімі Амантай Әйгерім білім алушылар арасында Интернетке қолайлы тәртіп модельдері туралы бейнероликтердің көрсетілімін ұйымдастырды.

28 сәуір аралығында «Интернетке балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» атты семинар ұйымдастырылды. Бұл семинарда мұғалімдер білім алушылардың интернетте отыру ережелерін, зиянды сайттарға кірудің алдын алу туралы өз ойларымен бөлісті.


4 мамыр күні кітапхана меңгерушісі Сагембаева Ж. «Интернет орнына кітап» атты біркүндік акция өткізді.

Мектебіміздің психологі Жапарова Жадра психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Оқушылар бұл ішшарада еш қымсынбастан өз ойларын толық әрі, нақты, дәлелдер келтіре отыра пікір алмасты.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.05.2019
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі