Материалдар / Қауіпсіз интернет

Қауіпсіз интернет

Материал туралы қысқаша түсінік
интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Қауіпсіз интернет

Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары,зияны және пайдасы туралы түсінік беру,интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру.

Көрнекілік: слайд

Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе сөз:

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек емес пе?

Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқаны ашылып, іс-шаралары жоспарланды.

Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қызу пікіралмасу ешкімнің көңілін тыс қалдырмады.

Қазақстан интернеттен бас тарта алмайды. Егер біз ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік өркениеттен, тез мағлұмат алу мен байланыс құралынан бас тартатын болсақ біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп қазақ халқы айтпақшы, ауырмайтын жолдарды жасап, монитор алдында күлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережелерін сақтайық.

Ойын:Сұрақ -жауап

Қорытынды: Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әрбір бала он бір жыл уақыттын өткізеді. Киелі ордада әрдайым жұмыс қайнап жатады. Мұғалім қандай қиыншылықпен бетпе бет келсе де, шешімін әрдайым таба алады. «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралардан соң мектеп оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгерді деген үміттемін.




16 Қаңтар 2024
199
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі