400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіз және сапалы тамақтану – оқушы денсаулығының кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіз және сапалы тамақтану – оқушы денсаулығының кепілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қауіпсіз және сапалы тамақтану – оқушы денсаулығының кепілі

2026-2027 оқу жылында мектебімізде оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушының денсаулығы – мектеп ұжымының басты назарындағы маңызды мәселелердің бірі. Өйткені сапалы әрі құнарлы тамақтану баланың денінің сау болып өсуіне, сабаққа белсенді қатысуына және оқу үлгеріміне оң ықпал етеді. Осыған байланысты мектебімізде оқушылардың қауіпсіз, сапалы және құнарлы тамақтануын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Мектеп асханасында оқушыларға берілетін тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауда. Тамақтану кезінде санитарлық талаптардың сақталуы, тағамдардың сапасы, дайындалу жағдайы, ас мәзірінің талапқа сай болуы және оқушыларға тағамның уақытылы ұсынылуы қадағаланады.

Оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында ай сайын бракераждық комиссия мүшелері тарапынан тексеру және мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Комиссия мүшелері дайын тағамдардың сапасына, сыртқы түрі мен дәміне, ас мәзірінің сәйкестігіне және тамақтануды ұйымдастыру барысына назар аударады. Бұл жұмыстар оқушыларға қауіпсіз әрі сапалы тағам ұсынылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылының І тоқсанынан бастап оқушылардың тамақтануын тіркеу Face ID жүйесі арқылы жүргізіледі. Аталған жүйе тамақтанатын оқушылардың есебін нақты жүргізуге және тамақтану үдерісін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог және мектеп мейірбикесі оқушылардың күнделікті сапалы тамақтануын қадағалап, асханадағы тамақтану тәртібіне тұрақты бақылау жүргізеді. Оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру, тазалық талаптарын сақтау және пайдалы тағамдарды тұтынудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалмайды.

Дұрыс әрі қауіпсіз тамақтану – бала денсаулығының маңызды негіздерінің бірі. Сондықтан мектебімізде оқушылардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

Біздің басты мақсатымыз – әр оқушының денсаулығына қамқорлық жасап, оның қауіпсіз, сапалы әрі құнарлы тамақтануына қолайлы жағдай жасау.




Орал қаласы, №1ЖОББМ

Әлеуметтік педагог Мукашева Г.А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.09.2026
40
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі