«ҚАУІПСІЗ ОРТА – СЕНІМДІ БОЛАШАҚ»: МЕКТЕП
ПСИХОЛОГЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ
ТРАНСФОРМАЦИЯ
Авторы: Нуртазаев Талгат Тулегенович
Қызметі: Педагог-психолог
Қаласы: Қызылорда
Жұмыс
орны: Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ
мектеп-лицей
Жоба
сайты: mektep-senim-2026.my.canva.site
1.
КІРІСПЕ
Қазіргі білім беру
кеңістігіндегі мектеп психологының қызметі жаңа технологиялық
мүмкіндіктерді қажет етеді. Z және Alpha буынының өкілдерімен жұмыс
істеуде дәстүрлі форматтар өз тиімділігін жоғалтуда. Осы орайда,
менің авторлық «Қауіпсіз орта – сенімді
болашақ» цифрлық-мультимедиялық кешенім
(ЦМК) психологиялық диагностика мен түзету жұмыстарын жаңа деңгейге
шығаруды көздейді.
2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ (ПЛАТФОРМАЛАР)
Жоба аясында оқушылардың
психологиялық жай-күйін бақылау және оларға жедел көмек көрсету
үшін келесі цифрлық құралдар кешенді түрде
қолданылады:
-
Canva платформасы:
Барлық ресурстардың бірыңғай цифрлық хабы.
Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық блоктар, QR-кодтар
мен интерактивті ресурстар осы жерде жинақталған.
-
Online Test Pad: «Өз-өзіңді таны: Қобалжу мен стресс деңгейін
анықтау» модулінің негізгі құралы. Бұл платформа арқылы оқушылардың
мазасыздық деңгейін кәсіби деңгейде диагностикалауға және
нәтижелерін жедел өңдеуге мүмкіндік туды.
-
Telegram-арна және Бот
жүйесі: Психолог пен оқушы арасындағы жедел кері байланыс
арнасы. Бұл — виртуалды кабинет рөлін атқарады, мұнда оқушы кез
келген уақытта (24/7) психологиялық қолдау немесе кеңес ала
алады. «Telegram платформасы арқылы жүзеге асатын кері
байланыс жүйесі оқушыларға анонимді түрде сұрақ қоюға және
психологтан жедел кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл – мектептегі
буллинг пен кибербуллингтің алдын алудың тиімді цифрлық
тетігі».
-
TikTok және YouTube:
Жасанды интеллект (Grok, HeyGen) көмегімен
жасалған терапиялық контенттер мен мотивациялық роликтерді тарату,
оқушылардың медиа-кеңістігінде психологиялық мәдениетті
қалыптастыру үшін пайдаланылады.
3. АВТОРЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ
МАЗМҰНЫ
3.1. «ЦИФРЛЫҚ АРТ-ТЕРАПИЯ: СӨЗСІЗ
ДИАЛОГ» Бұл
менің авторлық әдістемемнің ең маңызды бөлігі. Цифрлық құралдар
(Quizizz-дің «Draw» функциясы және графикалық редакторлар) арқылы
оқушы өз ішіндегі жасырын қорқыныштарын, агрессиясын немесе мұңын
сурет ретінде бейнелейді. Бұл «сөзсіз диалог» баланың тілмен
жеткізе алмайтын ішкі тебіреністерін сыртқа шығаруға
(экстернализация) және психологтың баланы тереңірек түсінуіне жол
ашады. Әдістеме тек сурет салу емес, баланың сол сәттегі
эмоционалдық деңгейін (мазасыздық, тұйықталу) диагностикалауға
мүмкіндік беретін вербалды емес байланыс құралы болып
табылады.
3.2. «Өз-өзіңді таны: Қобалжу мен стресс
деңгейін анықтау» Бұл
модуль Testpad платформасындағы арнайы тестілеу жүйесіне
негізделген. Оқушылар өздерінің стресске төзімділік деңгейін
анықтап, психологиялық қысым кезінде өзін-өзі реттеудің алғашқы
дағдыларын меңгереді.
3.3. Жеңімпаз психологиясы және
Психогеометрия Интерактивті тесттер арқылы оқушылар өздерінің
тұлғалық типін анықтайды. Бұл олардың өзіне деген сенімін арттырып,
мектептегі жетістікке жету мотивациясын
нығайтады.
4. ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН КҮТІЛЕТІН
НӘТИЖЕСІ
Жобаны мектептің психологиялық қызметіне енгізу
келесідей оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
береді:
-
Қолжетімділік пен жеделдік:
Telegram-бот пен QR-кодтар жүйесі психологтың
көмегін шекарасыз және 24/7 форматында қолжетімді етеді. Бұл
оқушыларға кез келген уақытта анонимді түрде көмек сұрауға жағдай
жасайды.
-
Инновациялық тәсіл:
Дәстүрлі арт-терапияның цифрлық форматқа («Сөзсіз
диалог») көшуі баланың шығармашылық еркіндігін арттырып,
психологиялық диагностиканы қорқынышты тесттен қызықты интерактивті
процесске айналдырады.
-
Проактивтілік және
превенция: Платформалардан алынған сандық мәліметтерді жедел
талдау арқылы депрессиялық күйлер мен мазасыздықтың алдын алу
(превенция) мүмкіндігі артады.
-
Жұмыс тиімділігін арттыру:
* Диагностика уақытын 50%-ға
қысқарту: Автоматтандырылған Online Test Pad және Quizizz
жүйелері нәтижелерді қолмен өңдеу уақытын
үнемдейді.
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Выготский Л. С. Воображение и творчество в
детском возрасте. — М.: Просвещение, 1991.
-
Гоулман Д. Эмоциональный интеллект. Почему он
может значить больше, чем IQ. — М.: Манн, Иванов и Фербер,
2013.
-
Копытин А. И. Арт-терапия детей и подростков. —
М.: Когито-Центр, 2014.
-
Прихожан А. М. Психология тревожности: дошкольный
и школьный возраст. — СПб.: Питер, 2009.
-
Роберт К. Кии. Информационные технологии в
современной психологии. — М., 2010.
-
Торренс Э. П. Диагностика креативности. — М.,
1998.