Автор : Коптенова Лайла Усенхановна
Пән : Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып : 4-сынып
Бөлім : Табиғи құбылыстар
Тақырып : Катаклизм кезіндегі менің қауіпсіздігім
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
4.2.3.2 зерттеулер негізінде өз өңірінде туындауы мүмкін табиғи апаттарға болжам жасау
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Климаттың адамзат дамуына әсері туралы, өз өңіріндегі және Қазақстан
аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық іс-әрекеттерін
анықтайды.
Көптеген оқушылар: Өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді:
оқулықтағы берілген ақпараттарды қолданады.
Кейбір оқушылар: Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты мамандануын түсінеді. Зерттеу
негізінде өз өңіріндегі табиғи апаттардың туындауын ықтималдығын болжайды. Өзінің жасанды
ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.
Тілдік мақсаттар: Табиғи құбылыстар; климаттық әсер; табиғи апаттар;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар катаклизм туралы біледі, алған білімдерін өмірде қолданады;
Бағалау критерийлері: Зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи апаттардың туындауын ықтималдығын болжайды;
Климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;
Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;
Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды;
Құндылықтарды
дарыту:
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу:
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Интернет ресурстар, дерекқордан және интнрнеттен сабаққа қатысты ақпарат іздеу.
Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиеттік оқу, дүниетану.
Бастапқы білім: Оқушылар табиғи құбылыстар,ауа-райы элементтері, ауа-райының болжамы, климат, климаттың
адамның іс-әрекеттеріне әсері, табиғаттағы қауіп-қатерлер туралы 2-сыныпта «Бізді қоршаған әлем»
тарауында,3-сыныпта «Жанды табиғат» тарауында оқып танысқан. Оқушылар ауа-райының
қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыруды, табиғи ортадағы өзінің
қауіпсіздігін жоспарлауды біледі.
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
(5 минут)
Хат кімге?
Дескрипторы:
Келген хатты ашып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді;
Сөзжұмбақты шешіп, жаңа тақырыпты ашады;
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Сөзжұмбақ «Катаклизм»
1. Кіммен? Немен? Сұрағына жауап беретін көмектес септік.
2. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып Қ.Сәтбаев
сайланды.
3. Қазақ халқының арғы бабалары сақтар.
4. Дыбыстың шағылуынан пайда болатын құбылыс жаңғырық деп аталады.
5. Мөлдір емес затқа жарық сәулесі түскенде пайда болатын қараңғы дақ
көлеңке.
6. Мөлдір денеде көлеңке болмайды.
7. Қандай? деген сұраққа жауап беретін мәтін түрі? Сипаттау
8. Пейзаж- көркем әдебиетте суреттелген табиғат көрінісі.
9. Өткен заманның мәдени мұралары қайда сақталады? мұражай
Мақсаты: -Қандай катаклизмдер болатынын есіңе түсіресің.
-Катаклизм кезіндегі қауіпсіздік шараларымен танысасың.
Сұрақ-жауап.
Конверт Алдыңғы білімді еске
түсіру тапсырмалары
Сабақтың ортасы
(30 минут)
Аудио тыңдау:
«Катаклизм кезіндегі менің қауіпсіздігім»
Дескрипторы:
зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын
болжайды;
климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;
өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.
Жұптық жұмыс «Зертте, ойлан, талқыла!»
Дескрипторы:
Картадан Қазақстанда табиғи апаттарды анықтайды;
Қауіптердің шартты белгілерімен мұқият танысады;
Табиғи апаттары бар жерлерді шартты белгілер арқылы жазады;
«Бейнефильм» Ой қозғау
Оқушыларға табиға апаттар жайлы репортаж ұсынылады. Видеоны көрер
алдында төмендегідей сұрақтар қойылады:
-қандай табиғат құбылысы жөнінде репортаж?
-бұл жағдайдың болуына не әсер етті?
-зардабы қандай болды?
Топтық тапсырма:
1-топ: «Жер сілкінісі»
Дескрипторы:
Берілген қима суреттермен танысады;
Жер сілкінісі кезіндегі атқарылатын қауіпсіздік шараларын дұрыс
орналастырады.
2-топ: «Төтенше жағдай!»
Дескрипторы:
Төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керек?Айтып береді;
Төтенше жағдай кезінде қалай дайындалады? Көрсетеді.
3-топ: «Суреттер сөйлейді»
Дескрипторы:
Берілген суреттермен танысады;
Сурет арқылы өз ойларын айтады;
Тапсырманы орындаған
оқушыны
мадақтау,толықтыру жасау,
тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырма лары.
Сабақтың соңы
(3 минут)
Түсіндім Алған білімімді өмірде қолданамын Бұрынғыдан көп нәрсе
үйрендім Түсінбедім Маған қиындық тудырды Сұрақтарым бар
Рефлексия
(2 минут)
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Рефлексия +,- Оқушылар сабақтан алған
әсерлерін кері байланыс
тапсырмалары арқылы
білдіреді
Қосымша
ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті
жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Бағалау -
Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай
жоспарлайыз? Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы
ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен
орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды
да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да,
оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген
оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі
сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2.