жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қауіпсіздік
Тақырыбы: "Өрттен сақ болайық"
Мақсаты:
- Оттан дұрыс қорғана білуге үйрете отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үйрету.
- Адам өміріне қауіп төндіретін заттар туралы білімдерін кеңейту.
- Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жеттік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Өрт қауіпсіздігі ережелерінің суреттері, сіріңке қорапшасы және бейне материалдар.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты,
Қайырлы күн достарым
Қайырлы күн қонақтар.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті қәне қонақтармен амандасып алайық!
Жұмбақ:
Есіктен кіреді,
Тесіктен шығады.
(От)
Жүрген жерін жалмайды,
Тілінен жарық тарайды.
(От)
Сары атым аунаған жерге шөп шықпас.
(От)
Қимылы оңдырмас,
Кiшкене қоңырбас.
(Сiрiңке)
Үй үстiнен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе iшiнен,
Iз-тұз жоқ боп тынады.
(Түтiн)
Түсi нарттай,
Тiлiн тартпай.
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.
(От)
Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?
(Өрт сөндіруші)
Елу тентек тып-тыныш
Бір сарайда жатады
Тысқа шықса біреуі
Жарқ етіп от шашады
(Сіріңке)
Қане балалар бейнероликке назар аударайық.
Интербелсенді тақтадан. (Өрт туралы бейнеролик көрсетіледі)
Сахнада үй.Көңілді музыка ырғағымен
сайқымазақ үйдің қасына
келеді.
Сайқымазақ:
Көңілім түсіп тұрғаны....... Көңілім
көтерілетіндей не бұзықтық жасасам екен?(қолындағы сөмкесін
сілкілейді де,сіріңкенің дауысын құлағы шалып
қалады)
О,о! Менің сөмкемде сіріңке бар екен
ғой,қалай байқамағанмын? (Сөйтіп сіріңкені бір-бірден алып жаға
бастайды)
Осы кезде шуды естіп,үйден ... Қоян
шығады.
Қоян: Ой,сайқымазақ сен мұнда не істеп
жүрсің?
Сайқымазақ:(Артынан шыққан дауыстан қорқып кетіп,селт
ете қалады) Ой,қорқытып жібердің ғой,Не болды сонша айқайлап?Мен
бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой.Ал сен болсаң мен үлкен өрт
шығарғандай
айқайлайсың?
Қоян: Қайдан білесің,мен сені тоқтатпағанда
бұл ойының үлкен өртке ұласар ма еді? «Ойын түбінен от шығар» деген
мақалды естіп пе
едің?
Сайқымазақ:
Қойшы сен де,бір сіріңкеден қандай өрт шығар
дейсің?
Қоян: (сіріңке макетін қолына
ұстап)
Балалар-ау,балалар
Сіріңкеге
қараңдар.
Өзі кішкентай болса
да
Бойында алып бір күш
бар.
Сіріңкемен
ойнасаң,
Абайсызда өрт
шығар,
Соны есте
сақтаңдар.
Сайқымазақ:О,мен енді түсіндім.Сіріңкенің
мұндай тентек екенін бұрын
білмеппін.
Қауіпті екен
сіріңке,
Оны бәрі
біледі.
Дос болудың
сіріңкемен
Жоқ-ау, сірә
керегі.
Сайқымазақ:
Мен бұрын сен туралы көп естігенмін.Сенің
үйіңді бұрын өрт шалмап па еді?Cөйте тұра сен маған сіріңке жайлы
ақыл үйретіп тұрсың?
Қоян: (мұңая) Иә,сондай оқиға болған.Ал қазір
мен өрттің алдын-алу ережелерін жақсы
білемін.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме,Сайқымазақ,Қоян.
Сіріңкемен ойнауға болмайды,қоян өте дұрыс айтады,біздің
әрқайсысымыз өрт қауіпсіздігі ережелерін жақсы білуіміз керек.Егер
өрт қатты жанып тұрса ,онда біздің негізгі мақсатымыз тез үйден
кету.
Сайқымазақ,кенеттен сенің үйіңнен өрт шықса
несітер едің?
Өрт сөндірушілерге шұғыл
хабарлау.
Сайқымазақ:
Мен төсектің астына тығылып қалар
едім.
Тәрбиеші:Сайқымазақ олай істеуге
болмайды.
Өрт кезінде балалар қорқып кетіп,керуеттің
астына,шкафтың ішіне тығылып қалу мүмкін.Олай жасауға болмайды.Егер
өрт қатты жанып тұрмаса да,бірақ үйдің іші түтін болса,үйден тез
кету керек Себебі түтін өрттен де қауіпті болады.Сондықтан да
түтінмен демалмауға тырысып,ауыз бен мұрынды сулы шүберекпен жауып
алу керек.Өрт көбінесе адамдардың ұқыпсыздығынан шығады.Өртті
болдырмаудың ең басты тәсілі-қарапайым ұқыптылық.Өрттің болуына
себеп болатын жағдайлар мыналар: -үйде сіріңкемен ойнауға болмайды
және кішкентайлардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеу керек
Қосылған электроқұрылғыларды,мысалы үтікті,телевизорларды қараусыз
қалдыруға болмайды;-ток көздерімен ойнамаңыз Жүз рет
әңгімелегенше,бір рет көзбен көрген артық. Қазір өрт қауіпсіздігі
ережелерін жақсы білетін балалар ортамызға қосылады.Сайқымазақ,сен
бізбен бірге қалып, балалардан көп нәрсе үйренуіңе
болады.
Сайқымазақ:
Мені қалуға көндірдіңдер.Өрт қауіпсіздігі
туралы ережелер маған да артық
болмас.
Тақпақ
Назерке:
Үйді түтін шалса бірақта,
Ұйықтама, зарықпа.
Газ ашық қалса егерде,
Тез арада жабарсың.
Терезені ашарсың,
Әбілмансұр:
Өртке өзіңнің шамаң жетпес,
Ол әрине балаға арналған іс емес.
Уақыт алмай тез арада,
«101»-ге хабарлас.
Ырыскелді:
Жылдамырақ терсең егерде,
Өртенбейді барлық зат,
«101» өрт сөндіру қызметі,
Ұмытпас мұны адамзат.
Ойын: «Өрт сөндіру»
мақсаты: Отты өшіруге үйрету.
Сахналау:
Тәрбиеші:Балалар бүгін біз төтенше жағдайларда не істеуіміз керек, қалай сақтануымыз керек екенін біліп, ережелерімен танысамыз, әңгімелейміз.-Қауіпсіздік тудыратын жағдайларды, біздер төтенше жағдайлар дейміз.
Телефон шырылдайды:
Тәрбиеші:
Алло, өрт сөндіру қызметі тыңдап тұр!
Бала:
(Айгерім)
Алло, сәлеметсізбе,мен дүкеннен келгенде үйде екі қоян балам шырпымен ойнап , үйім өртеніп жатыр.
Тәрбиеші:
Фомилияңызды, мекен жайыңызды айтыңыз.
Бала:
(Айгерім)
Бақыт Айым. Уалиханова 14-ші үй, 5 пәтер.
Тәрбиеші:
Жарайды.
Тыңдаңыздар! Уалиханова көшесінде 14 үйде 5 пәтерде өрт болып жатыр.
Бір кезде Ана қоян екі баласымен келеді.
Бала:
(Айгерім)
Саламатсыздарма балалар?
Тәрбиеші:
Саламатсызба! Жағдайларың қалай? Қане біздің балалармен бірге
қауіпсіздік ережелерін тыңдап отырыңдар.
Тәрбиеші:
Балалар өрт басталған кезде тығылуға болмайды.
Біріншіден
101 нөміріне хабарлап, қоңырау шалып,өз фамилиямызды атап, мекен жайымызды айтып өрт сөндірушілерді шақырамыз.
Екіншіден
үйден немесе өрт болып жатқан жерден тез шығып, есікті жауып кетуіміз керек. Көршілерге айтып,көмек сұрау керек.
Үшіншіден
жанып жатқан жерде біреу қалып қойса міндетті түрде өрт сөндірушілерге хабар беру керек.
Төртіншіден
үйдің ішінде қатты өрт болса, түтін болса онда сулы шүберекті мұрынға басып,сулы шүберекті үстіге жауып есікке қарай еңбектеу керек. Ал есіктің қасында өрт болып жатса. Онда түтіні жоқ бөлмеге барып, таза ауамен демалу керек немесе балконға шығып таза ауамен демалып көмекке шақыруымыз керек.
Балалар мына ережелерді ұмытпаңдар:
1.Үйден шыққанда шамдарды, электр заттарын сөндіріп шығу. (үтікті, теледидарды, ғаламторды, компютерді)
2.Сіріңкемен ойнама.
3.Газ плитасына жақындама.
4.Қолдан істелген немесе бұзылып тұрған шам тізбегін пайдаланба. Электор заттарын су қолмен ұстама.
5.Отшашудан сақ бол. (ересектің көмегімен)
6.Табиғатты оттан қорға. (түсіндіріп беру.)
7.Өрт сөндіру техникасымен таныстыру. (көлігі,сатысы,депосы)
8.Өрт сөндіретін құралдар.
Тәрбиеші:
Енді біздің балалар төтенше жағдай орын алған кезде
қандай номерлерге хабарласу керек екені туралы тақпақтар айтып береді.
Не күтерін білмейміз біздің алдан?
Кім құтқарар біздерді «тілсіз жаудан»?
«101»-ге қоңырау соғып көмек сұра,
Өрт сөндіруші, жүректі, батыл жаннан
Малика:
«Тілсіз жауды» әп-сәтте ауыздықтап,
Ертедегі батырына, қалады ұқсап.
«101»-дің қызметшілері жүреді ылғи
Азаматтық парызын биік ұстап!
Ойын: «Аңдарды оттан тез құтқар»
Шарты:
Оттың ішінде қалып қойған
(себетте отырған)
жануарларды құтқару керек.
Тәрбиеші:
Ал енді бізге келген мына екі тентек қояндарға, және де сендерге ескерту болсын қандай өрт қауіпсіздік ережелерін білесіңдер айта қойыңдар.
Тәрбиеші доп лақтыру арқылы қарытынды жасайды.
Осымен балалар төтенше жағдайларға байланысты сағатымыз аяқталды, рахмет. Сау болыңыздар, сақ болыңыздар.
Қорытындылау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды жеке атап өтіп мақтау, мадақтау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген