400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіздік ережесі 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал информатика пәні мұғалімдеріне көмек ретінде керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру.

Табыс критерийлері:

1.Қауіпсіздік ережесін жатақа айта алады.

2. Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алады.

3. Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете аладыы сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін біледі.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері" ойыны. Жаңа сабақты байланыстырып топқа бөлу. "Миға шабуыл" әдісі, "қарлы қағаз" ойыны, "Ой қозғау" тәсілі, "Есте сақтайық"жаттығуы,"Критериалды бағалау" әдісі. Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңберін» құрғызу.


Орындарынан тұрғызып жазғы демалыс кезіндегі қызықты оқиғаларын айту арқылы жаңа сабаққа қызықтыра отырып жаңа оқу жылында информатика сабағына белсене қатысып информатиканың шыңына үлкен білім ұшағына мініп жетуіміз қажет екенін айтыу.

«Қарлы қағазы» ойыны

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар бір- қағаздан алып жаңа оқу жылына бір-біріне тілек жазады да шеңбер болып тұрып аспанға лақтырады. Қағып алған оқушы сол тілектерді өз жадында сақтайды.

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Қағаздар






Тұсаукесер

5 мин.

Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1.Информатика.

2.Компьютер.


«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады?



Атауларға байланысты шағын топқа бөлінеді.





Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.


АКТ

Негізгі бөлім






8 мин




15 мин
























7мин

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру».


« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру » тақырыбында конспекті жазу.


«Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.

Жалпы қауіпсіздік таларптар:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  4. Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель, артық заттар қоюға болмайды.

  5. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.


Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?

Ол үшін мына талаптарды орындау керек.

  1. Мониторға дейіінгі арақашықтықты 55-65 см –ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығы)

  2. Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы керек.

  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.

  4. Экранның ортасына қарау керек.

  5. Компьютермен жұмыс істегенде әрбір 10-15 минут сайын көзге арналған жаттығуларды орындай отыру керек.


Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету.


Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.






Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.


Оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді.


Мәтінді жазу, өз ойларын салыстыра отырып қорғау.



















Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін айтып шығады.


АКТ











Дәптер





Дәптер

Сағат

Қорытынды

5 мин

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс.

Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды.

Үйге тапсырма беру. Қауіпсіздік ережесін жаттау.

Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.

Смайликтер.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
2078
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі