400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қауіпсіздік ережесі "Қауіпсіз жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың жаңа жылда қауіпсздіктің алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 24.12.2019 жыл

Уақыты: 17.00

Тақырыбы: Қауіпсіз жаңа жыл


Жаңа жылды көтеріңкі көңіл - күймен қарсы аламыз. Бірақта мереке қайғылы жағдайға ауысуы мүмкін. Жиі жағдайда абайсыздықтан «жаңа жылғы себептерден» өрт пайда болады.

Мерекенің сәні санайтын кейбір заттар сол мейрамның ең қайғылы оқиғасының себепшісі болып қалуы ғажап емес. Себебі, отшашулар, шырағдандар, бенгал шамдары сынды жарылғыш заттардан түрлі жарақаттар алу қаупі өте жоғары.

Жаңа жыл мейрамын өткізгенде адамдар тек қуанышын ғана ойлайды, бірақ осындай мейрамдар өрттің шығуына қолайлы деп айтсақ,қате болмас. «Сақтықта- қорлық жоқ» деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Осы мейрам қаншама жас балаларға қуаныш алып келеді! Сол уақытта өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды ұмытпайық?!


Шартылдақтар – жаңа жыл фейерверктерінің ең көп тараған түрі. Сонымен бірге, ең қауіпсіз. Оларды қағаз немесе пластик цилиндрдан жасайды. Жібінен тартып қалған кезде ішіндегі үйкелісінен пиротехникалық құрамы жана бастайды және шартылдақтан түрлі-түсті конфеттилерді, серпантинді шашады.

Қауіпсіздік ережелері жай фейерверктерге де бар: оны адамның бетіне қаратып емес, жоғарыға қаратып ұстау керек (мұндай әзіл көздің көруіне әсер тигізуі мүмкін); шартылдақты шамның және басқада от көздерінің жанында пайдалануға болмайды – қолайсыздыққа ұшырататын өрт.


Бенгал шамы - шартылдақтарға қарағанда көпшілікке белгілі. Оларсыз жаңа жыл мерекелері өтпейді. Қазір көптеген сапалы өнімдерде тұтатуды жеңілдету үшін ұштар жасалған. Қолдарын күйдірмей және ыстық шлакты еденге түсірмей, оларды бір сіріңкемен ғана тұтауға болады.

Қауіпсіздік ережелері. Түрлі-түсті бенгал оттары жану процесінде зиянды тотықты бөледі, сондықтан оларды ашық ауада тұтатқан дұрыс немесе тез арада орын-жайды желдетіп алу керек.


Петардалар - Қатты шартыл және ашық заряд – бұл петардалардың халық арасындағы үлкен сұранысқа ие болуының құпиясы. Олардың кейбіреулерін сіріңкенің қорабына тұтатуға болады. Кейбіреулерін фитилін тұтатып атуға болады. Құрама әсерлі петардалар атар алдында егер көрушілер он немесе он бір жастағы балалар болса, оларды қуанышқа кенелте айналуы, секіруі, жоғарыға ұшуы мүмкін.


Қауіпсіздік ережелері. Егер сіз орамасын пайдаланғанға дейін бұзбасаңыз, петардалар қауіпсіз болады; олардан 5-6 метрге алыс тұрыңыз; нұсқауда айтылғандай орнатыңыз. Тұтатқаннан кейін қолда ұстап тұруға болмайды. Бөтелкенің, шелектің, банканың ішіне, жануарларға, адамдарға қарай тастауға мүлдем болмайды.


Рим шамы – ұзын картоннан жасалған түтікше, жоғарғы жағында фитиль орналасады, ал ішінде жай жанатын пиротехникалық құрамы және


жұлдызшалар болады. Ол тек далада ғана қолданылады. Тұтанғаннан кейін шам жарқыраған және дыбысты әсерлер жасай отырып, жоғарыға жанған жұлдызшаларды атады.

Қауіпсіздік ережелері. Рим шамдарын тік орнатып, қазыққа байлап қою керек, қолда ұстау өте қауіпті. Тәуекелге бармаңыз!


Фонтандар, жанар таулар және пішінді шамдар Олардың ең басты әсері - жарық ұшқындар ағыны. Фонтандардың жұмыс істеу уақыты бірнеше секундттардан 2-3 минутқа дейін. Фонтандар мен пішінді шамдар отты бейнелерді немесе түрлі-түсті суреттерді және жазулар үшін пайдаланылады. Осындай фейерверктердің түрлерін тек қана ашық ауада пайдалану керек. Орын-жайларда үлкен емес түтінді аз шығаратын фонтандарды пайдалануға болады, пайдалану бойынша нұсқауларында орын-жайда пайдалану мүмкіндіктері туралы нақты жазылу керек.

Қауіпсіздік ережелері. Фонтандарды, жанар тауларды және шамдарды сөндіруге тырыспаңыз! Ұшқын құрғақ немесе жанғыш затқа тиіп тұтанбайтын жерде ғана қолдануға болады.


Салют – бұл қағаздан немесе металдан жасалған, 30 метр биіктікке «парашют» немесе «жұлдызшалар» ататын гильза. Салюттер әр түрлі әсерлі бірнеше ондық гильзалармен батареяларға біріктіріледі. Осындай жағдайда балалық шақтағы мерекелік салютке ұқсайды.

Қауіпсіздік ережелері. Салютті аударылып қалып, адамаға атып жібермеу үшін жерге орнатып, жақсылап бекіту керек. Мамандар салюттердің батареясының жерге бекітілген жерін топырақпен немесе қармен жауып тастауды ұсынады. Мұздың үстіне орнатуға болмайды.


Зымыран – бұл «күшейтілген» фейерверк, 20 метрден 100 м дейін артында із қалдырмай тез ұшады, сол кезде пиротехникалық құрамы тұтанады, содан кейін зымыран түрлі-түсті салют атып, жарық ұшқындарын, парашюттарын, қатты шартылдап шашады.

Қауіпсіздік ережелері. Зымыранның күштілігінен онымен ерекше абай болу керек. Зымыранды жерге емес, мойны жіңішке бөтелкеге немесе темір құбырдың кесіндісінің 1/3 бөлігінің ішіне салып орнату керек (ол ұшпай жерде салют атуы мүмкін).


Күн - горизонтальды осьті айналатын, жан-жағына ұшқын шашатын, түрлі-түсті шеңбер жасайтын өте әсерлі фейерверк. Сатылымда бұйым шегемен бірге сатылады. Ол күннің ортасындағы саңылауға кигізіліп, 1,5 метрден кем емес биіктікте тік тірекке шегеленеді. Тіректі ағаштан жасауға болады.

Қауіпсіздік ережелері. Оны тек қана далада жағыңыз. Күнді орнату кезінде оның айналуына кедергі тигізбейтіндігін тексеріңіз.


«Істеуге болмайтын» 8 ереже:


1. Ақаулы пиротехникалық өнімдерді пайдалануға: жыртылған, майысқан, дымқылданған, сырты немесе фитилі зақымдан;

2. Фейерверктерді қалтаға салып жүруге, оларды алауда жағуға, бөлшектеп оларға механикалық әсер етуге;

3. Мас күйінде пиротехникалық өнімдермен көңіл көтеруге және олардың жанында шылым шегуге;

4. Жылынатын аспаптардың жанында сақтауға;

5. Ағаш бұталарының, электр сымдарының астында және тез жанғыш заттардың жанында фейерверкті қолдануға;

6. Фитильді тұтату кезінде пиротехникалық құралға еңкеюге болмайды;

7. Істемей қалған құралды екінші рет тұтатуға;

8. Үлкендерсіз балаларға қолдануға


Қарапайым ережелерді сақтай отырып, Жаңа жылда өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріндегі қауіпті сейілте аласыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
4635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі