400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіздік сабағы «Заң және тәртіп - қауіпсіздік кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Заң және тәртіп - қауіпсіздік кепілі» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




Педагогтің Т.А.Ә.

Даулетиярова А.Б.

Күні:

08.01.2026ж.

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бірыңғай қауіпсіздік сабағының тақырыбы:

«Заң және тәртіп - қауіпсіздік кепілі»

Құндылықты дарыту:

1) Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 
2) Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; 
3) Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу; 

Апта дәйексөзі:

«Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)



















Сабақтың ортасы

(25 мин)

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

«Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу – ақ»

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» Ж. Баласағұн

«Куәсіз істі күмән табар, Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)

«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы) 
Тәрбие сағаттың барысы. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу,

ә) Оқушыларды үш топқа бөлу: 1 - топ «Ақиқат», 2 - топ «Заңгерлер». 3 - топ «Болашақ»

б) Әділқазылар алқасын тағайындау.

в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру. 

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Абайлаңыз! Құқықбұзушылық қаупі бар» онкүндік аясында «Заңды білу – заман талабы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымызға бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине бұл Заңдарды білу. Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: ( слайд көрсетіледі )
Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-- ананың міндеттері де көрсетілген. Мысалы: (слайд көрсетіледі )
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама
331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
            
І бөлім. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру) 
ІІ бөлім «Тікелей сұрақ»әр топқа 10 сұрақтан Ақиқат тобының сұрақтары: 
    1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitution» құрылым, өкілім); 
    2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық) 
    3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 
    4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995) 
    5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент) 
    6. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес) 
    7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан) 
    8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік 
    9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? (Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.) 
    10. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан) 


Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.



















Жаңа ақпаратпен танысады, өз ойларымен бөліседі.






















































Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстырады).

Сұрақтарға жауап береді.








презентация

Сабақтың соңы

(10 мин)

Оқушының міндеттері:

Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

«Мәре» бекеті – Рефлексия.

Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

презентация


















































«№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ





















Бірыңғай қауіпсіздік сабағының тақырыбы:

«Заң және тәртіп – қауіпсіздік кепілі»



Сынып: 8 «Б»

Сынып жетекші: Даулетиярова А.Б.










Ақтөбе қаласы-2025 жыл

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
08.01.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12