400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағаш өңдеу кезінде қауіпсіздікті сақтай білуге, әр түрлі жағдаяттардан шығуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен шеберханадағы ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.

2.Ағаш өңдеу кезінде қауіпсіздікті сақтай білуге, әр түрлі жағдаяттардан шығуға үйрету.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі:алған білімін практикада қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

(оқушыларды түгендеу,белгілеу,кезекшілерді анықтау)

2.Жаңа сабақ .

«Технология» ежелгі гректің «техно» -өнер, шебер, білгір және «логос» ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология –шеберлік, өнерлік ,білгірлік туралы ғылыми ұғым.

Оқу барысында сендер әр түрлі бұйым жасаудың ең жетікәдіс-тәсілдерін меңгересіңдер.ағаш, металл және басқа конструкциялық материалдардың өңдеу жолдарын үйренесіндер. Сарамандық жұмыс барысында қажетті құрал-саймандар, материалдар мен көмекші аспаптар, құралдармен дұрыс жұмыс жасауды үйренесіндер.

Ол үшін мына қауіпсіздік ережелерін білулерің қажет.

Шеберханадағы ішкі тәртіп ережелері

1.Шеберханаға тек қана қоңырау шалынғаннан кейін және мұғалімнің рұқсатымен кіру керек.

2.Сабаққа арнайы киіммен /халат немесе жеңқабы бар алжапқыш, бас киәм/ келу керек.

3.Өзіңмен бірге сызғыш жабдығы бар жұмыс дәптерінің болуы қажет.

4.Жұмысқа қажет материалдар мен құрал-саймандарды кезекшілер немесе мұғалім ереді.

5.Мұғалімнің рұқсатынсыз машиналардың электр құрылғыларына жақындауға тыйым салынады.

6.Жұмыс орындарында тек тапсырмада белгіленген жұмыстар ғана орындалады.

7.Жұмыс кезінде құрал-саймандарды басқа жұмыс орнынан алуға болмайды.

8.Құрал-саймандар мен құрылғылар тек тағайындалған тәртіпте қолданылуы керек.

9.Сабақ кезінде жұмыс орныңды тастап, басқа жұмыс орнына баруға тыйы салынады.

10.Жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтау қажет. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жұмыс киімін шешіп, қол жуу қажет.

11.Құрал-саймандарды, құрылғыларды, жасалған бұйымдар мен дайындық бұйымдарын кезекшіге немесе мұғалімге тапсырады.

12.Шеберханадан тек қана мұғалімнің рұқсатымен шығады.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Жұмысқа дейін

Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)

Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б)

Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.

Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде

Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.

Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

Жұмыс кезінде алаңдама.

Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін

Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.

Өзіңді ретке келтір.

Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық.

Бекіту сұрақтары

1. Технология сөзі нені білдіреді?

2. Қандай материалдармен жұмыс жасайсыздар?

3. Шеберханада қандай ережелер сақтау керек.?

4.Сабақты қорытындылау.

5.Оқушылар білімін бағалау.

6.Үйге тапсырма беру

Қауіпсіздік ережелерін жаттап келу.

































Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

5 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдейтін токарь станогындағы жұмысты ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: СТД-120м токарь станогының құрылысымен таныстыру;

Тәрбиелік:Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

Дамытушылық:Ой - өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 55-сурет. Плакат. Сурет сызба.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

б) техника қауіпсіздігін еске түсіру.

2.Үй жұмысын құрау.

1. Сен ағаш материалдарын кесу арқылы механикалық тәсілмен өңдеудің қандай негізгі түрлерін білесің?

2. Ағашты қолмен кесудің механикалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?

3. Технологиялық процесс пен операцияның мәні мен мазмұны қандай?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Ағаш өңдейтін СТД-120м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізгі блогы(6)болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны (4,5 ) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы (11) орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау(12) экраны бар қорғағышпен ( 3) жабылып тұрады.

Станок орнатылатын тіректі негіз (6) өзінің тірек табандары (4,5 ) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға ( 1) мықтап бекітілген.

Станог жұмысына басшылық жасау түйме тетік блогы ( 8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке ( 7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам (9 ) бекітілген.

1 – платформа;

2 – электр қозғалтқыш;

3 – қорғағыш қаптама;

4, 5 – тіректі табан;

6 – станок орнатылатын негізгі бөлік;

7 – алдыңғы қыспақ тетік;

8 – түймеше тетік блогы;

9 – бір жерге ғана жарық түсіретін шам;

10 – патрон;

11 – ұстайтын тұтқа;

12 – мөлдір экран;

13 – артқы қыспақ тетік.

Шпиндельдің саптама тетіктері:

а) шанышқы (үш тісті айыр),

ә) патрон,

б) тығырық.

Ағаш өңдеу жұмыстарына қолданылатын токарлық өткір тістер:

а) бір қалыпқа келтіретін жұмыстарға қажетті қармақты ілгектер;

ә) жартылай дөңгелек қашау;

б) қиғаш жүзді қашау;

в) ою - өрнек салатын тістер.

Бекіту сұрақтары

1. Токарь станоктарында ағаш материалдарын өңдеудің қандай түрлері орындалады?

2. СТД-120м токарь станогының құрылысы қандай, ол қандай мақсаттарға пайдаланылады?

3. Жанып жонудың сан алуан түрлері кезінде қандай аспаптар қолданылады?

4.Сабақты қорытындылау.

5.Оқушылар білімін бағалау.

6.Үйге тапсырма беру (§20, 73-бет).





















































Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

23 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіріу әдістері Мақсаты:

а)білімділігі:Оқушыларды электр күйдіргішінің құрлысымен таныстырып,қолдану тәсілін үйрету. ә)дамытушылығы:Оқушылардың қолданбалы қолөнер бұйымдарын күйдіріп әшекейлеудегі икемділігін арттыру.

б)тәрбиелігі:Оқушылардың өнерде,шеберлікке деген ынта-қабілетін арттырып өздігінен сапалы бұйым жасауға,әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі:алған білімін практикада қалыптастыру.

Көрнекіліктер:ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер, дайын тақтайша, үлгілер. Құрал-жабдықтар:күйдіргіш аппарат,ағаш тақтайша,лакжәне щетка.

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,тарих,әдебиет.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу,белгілеу,кезекшілерді анықтау) ІІ.Өткен сабақты еске түсіру

1.Ағаш бөлшектерін шегемен құрастыру

1.1Ағаш ұсталығында кеңінен қолданылатын шеге түрлері

1.2Шегені қандай ылғал немесе кепкен ағашқа қаққан жөн

1.3Қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштарға қандай шеге қағылады 2. Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастыру

2.1Қандай шегені бұрама шеге дейді 2.2Бұрама шеге қай жерде пайдаланылады

2.3Біздің еліміздің өнеркәсібінде қандай өлшемде бұрама шегелер шығарылады 3. Ағаш бөлшектерін желіммен құрастыру

3.1Желім түрлерін атаңдар

3.2Жақсы ағаш желімін қалай анықтаймыз

3.3Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек

ІІІ.Жаңа сабақ.

Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография деп атайды. Күйдіруге арналған аппараттар жетілдірілменген кезде, бензинді қолдана отырып,соның көмегімен платина ине қыздырылатын.Иненің қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болды.Алайда техникалық қиындықтарға қарамастан,пираграфия дамуын жалғастыра берді.

Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісіне айналды.Оны сондай-ақ былғары,сүйек,қатырма қағаз т.б материалдарды өңдеуге қолданады. Қарапайым электр күйдіргіш бәсеңдегіш трансформатордан, реостаттан,тұтқадан және штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды-көк терек,жөке, қандыағаш,теректі қолдану тиімді.Терең және күйдіру үшін балқып қызған штифтті сәл ғана тигізудің өзі жеткілікті. Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды,оған жол беруге болмайды.Ал штифт өте баяу қызса,оны ағаш бетіне біршама күш жұмсап басуға тура келеді.Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады,сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру қажет.Күйдірілген суретті бояуға болады.Ол үшін акварель,гуашь, майлы бояулар,тушь қолданылады.

ІV.Ағашты күйдіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

1.Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды.

2.Штифттерді аппарат тоқтан ажыратылғаннан кейін ғана ауыстыру керек.

3.Қызып тұрған штифтерді қолмен ұстап көруге болмайды.

4.Тоқтың үзілген жері немесе ашық жері кездессе дереу мұғалімге хабарлау керек. 5.Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу керек.

V.Ертегілер әлеміне саяхат.

Әр топ алдын-ала дайындалған ертегілердің біреуін таңдап алып оған сипаттама беріп,алынған суретті ағаш бетіне түсіреді.

VІ.Сарамандық жұмыс

Алынған сурет бойынша ағашты күйдіріп өрнектеу.

VІІ.Жаңа сабақты бекіту

Тест

1.Ағашты күйдіріп өрнектеуді не деп атаймыз?

а)пиротехника

б)пирография

в)гравюра

2.Күйдіріп өңдеу барысында неше минут сайын үзіліс жасау керек?

а)20-25 минут

б)15-20 минут

в)15-25 минут

3.Күйдіріп өңдеуге қандай ағаш түрлерін пайдаланады?

а)қарағай,ұшқат

б)самырсын,қайың

в)жөке,терек,қандыағаш.

4.Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы мындай бөліктерден тұрады:

а)трансформатор

б)электр сұқпа

в)күйдіргіштің тұтқасы,электр сұқпа,трансформатор

а)күйдіргіштің тұтқасы

б)штифт

в)электр сұқпа

VІІІ.Сабақты қортындылау,бағалау

ХІ.Үйге тапсырма жұмысты аяқтау

Х.Жұмыс орнын жинау























Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

9сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: СТД-120м токарь станогының құрылысымен таныстыру;

Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

Ой - өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 55-сурет. Плакат. Сурет сызба.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

б) техника қауіпсіздігін еске түсіру.

Үй жұмысын құрау.

1. Сен ағаш материалдарын кесу арқылы механикалық тәсілмен өңдеудің қандай негізгі түрлерін білесің?

2. Ағашты қолмен кесудің механикалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?

3. Технологиялық процесс пен операцияның мәні мен мазмұны қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ағаш өңдейтін СТД-120м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізгі негізі (6)болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны ( ) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы () және артқы () қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы () орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен ( ) жабылып тұрады.

Станок орнатылатын тіректі негіз ( ) өзінің тірек табандары ( ) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға ( ) мықтап бекітілген.

Станог жұмысына басшылық жасау түйме тетік блогы ( ) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке ( ) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам ( ) бекітілген.

1 – платформа;

2 – электр қозғалтқыш;

3 – қорғағыш қаптама;

4, 5 – тіректі табан;

6 – станок орнатылатын негізгі бөлік;

7 – алдыңғы қыспақ тетік;

8 – түймеше тетік блогы;

9 – бір жерге ғана жарық түсіретін шам;

10 – патрон;

11 – ұстайтын тұтқа;

12 – мөлдір экран;

13 – артқы қыспақ тетік.

56 – сурет. Шпиндельдің саптама тетіктері:

а) шанышқы (үш тісті айыр),

ә) патрон,

б) тығырық.

57 – сурет. Ағаш өңдеу жұмыстарына қолданылатын токарлық өткір тістер:

а) бір қалыпқа келтіретін жұмыстарға қажетті қармақты ілгектер;

ә) жартылай дөңгелек қашау;

б) қиғаш жүзді қашау;

в) ою - өрнек салатын тістер.



Бекіту сұрақтары

1. Токарь станоктарында ағаш материалдарын өңдеудің қандай түрлері орындалады?

2. СТД-120м токарь станогының құрылысы қандай, ол қандай мақсаттарға пайдаланылады?

3. Жанып жонудың сан алуан түрлері кезінде қандай аспаптар қолданылады?


Сабақты қорытындылау.


Оқушылар білімін бағалау.


Үйге тапсырма беру (§20, 73-бет).



















Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

________Н.Утепбергенова

7 сынып

10сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сымкәптеу туралы түсінік

А) оқушыларға сымкәптеу туралы жалпы мағлұмат беру;

Б) сурет-графикалық бейнелерге қарау арқылы кеңістікте елестете білу қабілеттерін жетілдіру;

В) өз бетімен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтыңтүрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: ауызша сүрақ, әңгіме, өз бетімен жұмыс.

Қажетті құрал-саймандар: сым темір, тістеуік, сызғыш, темір қайшы.

Пәнаралық байланыс: физика, бейнелеу өнері, сызу.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй жұмысын тексеру.

1. Токарь станоктарында ағаш материалдарын өңдеудің қандай түрлері орындалады?

2. СТД-120м токарь станогының құрылысы қандай, ол қандай мақсаттарға пайдаланылады?

3. Жанып жонудың сан алуан түрлері кезінде қандай аспаптар қолданылады?

3.Жаңа сабақ.

Түсті металл сымдардан жасалған әшекейлерді «сымкәптеу» дейді. Бұл сөз ежелден қолданылып келе жатқан сөз, «сымды бұрау, өрнектеу, дәнекерлеу» деген мағынаны білдіреді.

Ал француз тілінде ол «филигран» деген атпен тараған. Ежелгі зергерлер сымкәптеу өнеріне алтын, күміс, қола мен мыс сымдарын қолданған. Бірақ бұйымның құны мен сәні материалға қарап емес, оның жасалу шеберлігіне, іскерлігі мен біліктілігіне қарай бағаланып отырған. Тіпті қарапайым мыс темірден өте құнды қолөнер туындыларын жасаған.

Сымкәптеу өнерінің негізгі екі түрі бар:

-сымды әшекейлеп жеке өңдеу;

- сымды арнаулы бұйымға /білезік, алқа т.б./ дәнекерлеу арқылы өңдеу.

Сымды жеке әшекейлеп өңдегеннен гөрі арнаулы бұйымға дәнекерлеу арқылы өңдеу тәсілі едәуір құнды, бағалы көрінеді. Ондағы білезік, шашбау, сақина, тіпті нан, қант т.б. бұйымдар салатын ыдыстарды да осы тәсілмен жасайды. Ал сымды жеке өңдеуге, шынжыр баулар және бұралған сымнан жеке бұйымды өрнектеп дәнекерлеу т.б. тәсілдер жатады. Бұл тәсіл де өте шеберлікті талап етеді. Әсіресе қымбат тастарды сымға бекіту, сүйекпен, мүйізбен, ағашпен байланыстыру бағалы саналады. Сондықтан суретшілер сымкәптеу өнерін кеңінен қолданады.

4.Сарамандық жұмыс.

С ымтемірден зергерлік бұйымдар жасау.






Қауіпсіздік ережесі:

-жұмыс киімін кию

-құралдарды тексеру

-жұмыс кезінде қолды үрып, кесіп жарақаттап алмау

-бір-біріне кедергі жасамау

-кескенде темір ұштарынан абай болу

-жұмыс орнын, құралдарды дұрыс пайдалану

- жұмыс соңында орынды тазалап, қалдықтарды арнайы щеткамен сыпыру.

5. Бағалау.

Оқушылардың жасаған бұйымдарын бағалау.

6.Үйге тапсырма: сым темірден алқа жасап келу.












































Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

7сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым бөлшектерді өңдеудің технологиялық картасын жасау.

Сабақтың мақсаты:

-Оқушылар технологиялық карталарды қолдана отырып, токарь станогында ағаш жону әдісін меңгеруге үйренеді;

-Сызбаның жасалу әдістері арқылы СТД-120 ағаш жону станогында жұмыс атқара білуін дәлелдейді;

-Оқушылар топта жұмыс істейді, бір-бірімен пікірле-седі, өз ойларын ортаға салады, пікір қалыптастырады.

Сабақтың міндеттері:

Технологиялық сызбалар арқылы жасалу жолдарын жүйелеу. Оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту; оқушының пәнге деген қызығушылығын анықтау.

Сабақтүрі: дәстүрлі емес.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Shape1
Мотивация. Ағаш жону станогының құрлысын көрсету

Технологиялық сызбалардың жасалу жолдарын баяндау.

1, Қызығушылықты ояту. Технологиялық сызбаларды СТД-120 марка станогында цилиндр пішіннен басқа қандай түрде, қалай жонуға болады?

Мұғалім қуыстап жону әдісін жонып көрсетіп, қандай, қалай, - деп сүрақ қояды.

Әркім ойларын, жұпта талқылап, ұжымда айтады.

2. Мағынаны ажырату.


1-топ

Жүмыс істер алдында не істеу қажет?

1. Дайындаманың бекітілгенін мүқият тексер.

2. Артық ауысқұралдардыңболмауынқадағала.

3. Өзіңці жұмысқа дайында (жеңіңді түймеле)
4. Мүғалімнің рұқсатынсыз станокты қоспа.




2-топ

Жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігі

1. Қорғаушы көру экранын пайдалан.

2. Жұмыс кезінде алаңцама.

3. Дайындама өлшем бірліктерін станок
тоқтаған кезде өлше.

4. Станокты тоқтатпай үзап кетпе.

3-топ

Жүмыс

аяқталған

соң

1. Станок ток көзінен толық ажыратылған кезде тазалық жұмысын жүргізу.

2. Құрал-саймандарды орнына жинау.

3. Станокты мүғалімге тапсыру, мұғалімнің станокты көруі.



О й толғаныс кезеңі. «Жону барысында қандай қиындықтартуды?» деген тақырыпта жүппен хат жазу (5 минут).

Қорытындылау:

Топтың кемшіліктерін бір-бірлеріне айту.

Toп басшылары бағалайды.

Оқушылар бағаланады.


Р/С

Оқушының аты-жөні

Сұрақ-жауап

Технологиялық карта

Қауіпсіздік ережесі

Қорьггынды баға








































Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

20сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бөлшектерін желімдеу

Білімділік: оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету;

Тәрбиелік: оқушыларды үқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірме-практикалық.

Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Өзіндік бағалау» әдісі.

Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «ұшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?

II. Үй тапсырмасын тексеру. Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастырып-бекіту.

«Тізбектей сұрау» әдісі:

Қойылған сураққа беріліп жатқан оқушыныңжауабы кез келген жерінен тоқтатылып, әрі қарай басқа оқушының жауап берілуі сүралады. Бұл әдіс оқушылардыңз ейінін аудару және байқағыштығын дамытуға байланысты.

ІІІ.Жаңа сабақ. Желімдеу технологиясы
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшыктарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар эсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті белшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен ете тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің накты кездегі жағдайын және сапасын, преске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ престен шыққаннан кейінгі тезімділік уақытын айтуға болады.

Сонымен бірге желімдеудің сапасына эсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалыкты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз - желім қабатының қалыңдығы шамаммен 0,1 мм болуы тиіс.

Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарыныңдымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымкьілдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды оз бойына тартып алады.

Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердіңжағдайына келетін болсақ, олардың аздәған кедір-бүдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.

Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

1. Керекті жеріне аздап қана жақ.

2. Келемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат.

3. Жолакша немесе майда нәрсе желімдепэнде абайла.

4. Желімдеген бэліктің үстінен таза қағаз жауып,сыртынан қолыңмен сипап бас.

5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.

6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңдысабындап жу.

IV .Сарамандық жұмыс.

Жұмыстың мақсаты: шарбакты, кертікті-тиекті материалдарды құрастырып, бекітуді үйрену.

Шарбақты, кертікті-тиекті материалдарды қүрастырып, бекіту кезінде олардың жартысы дерлік эздері кигізілетін ойыктар мен тесіктерден шығып, керініп түруы тиіс. Оларды желім жағылып болғаннан кейін тиісті орындарына қағып кіргізіп, престің астына бастырып қояды. Бірақ бұл кезде белшектердің дұрыс қүрастырылып бекітілгеніне толық көз жеткізіп алу қажет.

Престің астына алып, бастыра желімдеу былай жүргізіледі.

Әуелі жақсы жонып, қиюластырылған такталарды таңдап, іріктеп алындар.

Олар қалқанда қалай тұруы керектігіне қарай рет-ретімен орналастырыңдар.

Тиісті жактарына желім жағыңдар.

Бұрандама қысқьіштың кемегімен жаксылап бекітіндер.

V. Жаңа сабақты бекіту.

«Сиқырлы торша» ойыны

Желім қабатының қалыңдығы неше мм болуы тиіс? (0,1 мм)

Ағаш материалдарының дымқылдығы неше пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді? (8-10%)

Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі не деп аталады? (Желімдеу технологиясы)

Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек? (18-25°)

Құрал-саймандармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережесі. (Құрал-саймандардың дұрыстығын тексеру)

Желімді жапсыратын қабатқа біртегісетіп жағу үшін қандай қүралды пайдаланады? (Қылқалам)

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

«Идеал тапсырма» әдісі: әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы, біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі нұсқау картасы немесе бұйым жасауы мүмкін.





































Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

21сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Құрастырып бекітудің басқа түрлері арқылы бұйымдар жасау.

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастырудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

Жасалатын бұйымдарды нүсқау карта бойынша жасауға қалыптастыру:

ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны жасап көрсету;

б) тәрбиелік: оқушыларды еңбекке баулу, ез бетінше жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, сурет.

Сабақтыңтүрі: теориялық, сарамандықжұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі тактай белшектері, технологиялық нұсқау карта, шеге, бұрамашеге, желім, балға, бұрауыш т.б. еңбек құралдары.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткен сабакты қайталау.

III. Жаңа сабақ.

СPicture 1 езжүмбақ шешсек, бүгінгі сабағымызға байланысты сөз шығады.

150 х 200 мм діңгекті ата. (Шпал)

Шегені соғуға арналған қүрал. (Балға)

Саз аспаптарын жасайтын ағашты ата. (Қайың)

Құрастырып бекіту ненің көмегімен орындалады?

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

Теориялық бөлімі: шеге, бурама шеге, желім туралы мәлімет беру. Мектеп шеберханасында кептеген бұйымдар жасалады. Оларәртүрлі бөліктерден тұрады. Бұйымдардың бірнеше беліктерден түратыны айтылып. Бөліктерді біріктіру әдістерін де осы такта арқылы керсетемін. (Ягни шетінен және ортасынан біріктіру). Оларды бір-бірімен әр түрлі әдіс-тәсілдермен біріктіреді. Ағаштарды бір-бірімен біріктіру барысы толығынан жинақтау деп аталады.

Қүрастырып бекіту шеге, бұрама шеге және желімнің кемегімен орындалады Шегені біріктіріп бекітуде пайдаланатын қүрал балға болып табылады.

Бұрама шегемен құрастырып бекіту анағүрпым мықты әрі берік болады.

Бүрама шеге дегеніміз - конус тәріздес металл діңгектер. (Бүрама шегелер түрлері керсетіледі.)

Бұрама шегенің қалпағында жалпақ бурауышқа арналған бір ғана кесік ойыкты немесе крест түріндегі ойығы болады. Осыған қосымша бүрама шегенің қалпағында алты қырлы кілтке келетін түрі де кездеседі.

Ағаш бөлшектерді желімдеу арқылы қүрастырып бекітудің өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы желімдер табиғи және синтетикалық желімдер болып екіге бөлінеді.

(Желімдер түрлерін көрсету)

IV. Жаңа сабаққа байланысты сарамандық,жұмыс.

Сарамандық жұмыстың мақсаты: ағаштан жасалатын бүйымдарды құрастырудың әдіс-тәсілдерін және бұйымды жинау жолдарын меңгерту, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жұмыс кезінде құрал-жабдықтарды дүрыс пайдалану жолдарын және жұмыс орнының таза болуын қадағалау.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдыктар: жүмыс үстелі, қол ара, сүргі, бұрғы, балға, желім, шегелер, бүрандалы шегелер, т.б. еңбек құралдары.

Сарамандық жұмыста қолданылатын шикізаттар:

Керекті тактайды кесіп және сүргілеп, дайындаймыз.

Қолданылатын тактайдың шірігі, жарылған жері болмауы керек. Жасалатын бұйым (аласа орындық) тактайдан жасалады.

Қауіпсіздік ережесін айту:

1. Жұмыс құралдарың жұмысқа жарақты болсын!

Балғамен, арамен жүмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сакта!

Жұмыс кезінде жұмыс орнының таза болуын, басқа артық заттардың болмауын қадағалау керек.

Сарамандық жұмыстың орындалу реті аласа орындық жасаудың технологиялық картасы арқылы көрсетіледі

V.Сабақты бекіту

Ағаш өңдеуге қажетті құралдарды еске түсіру үшін жумбақтар шешейік.

Ағаш мойын, шойын бас,

Осы мыкты мойымас.

Мыктап тұрып ұрады,

Мықты жерге тығады. (Балта)

Кедір-будыр тақтайды,

Тегістейтін тіліммен.

Жеген асын таптайды,

Шығар желке түбінен. (Сүргі)

Маржан тісі ақшиып,

Ызылдап ән шырқайды,

Кек тіреген қақшиып,

Қарағайды қырқады. (Ара)

«Кім білгір?» ойыны.

Сұраққа жауап қайтару арқылы ағаш, ағаш бөлшектері туралы сұрактарға жауап берейік. Ағаш белігі жапырақтар арқылы білімімізді сынайық. Нөмірлеген жапырактардағы бір санды таңдау арқылы сұраққа жауап береді.

1. Ағаш қандай материал және оны не үшін пайдаланамыз?

(Ағаш табиғаттың бір бөлшегі. Оны түрлі күрал-саймандар мен тұрмыстық бұйымдар жасау ұшін, үй жасау үшін пайдаланамыз.)

2. Ағаш материалын өңдеу үшін қандай ерекшеліктері ескеріледі?

(Ағашты өңдеу үшін табиғи түр-түсі, тығыздығы, жүмсақ, қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі ескеріледі.

3.Ағаш материалының қандай қасиеттері бар? (Түсі, тығыздығы, дымқылдығы, беріктігі.)

4.Ағаш қандай бөліктерден турады? (Тамыры, үшар басы, діңі)

5. Құрылыс материалының ең берік жері ағаштың қай бөлігінен алынады?

(Діңнің орта бөлігінен алынады)

6. Қурастырып бекіту ненің көмегімен орындалады?(Шеге, бұрама шеге, желімнің көмегімен орындалады)

VІ Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма беру.






















Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

22сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сылдырмақ жасау технологиясы.

Сабақ мақсаты: оқушыларға сылдырмақ жасау технологиясын меңгерту

а) Оқушыларға сылдырмақ түрлері, оның құрлысы туралы түсінік беру

ә) Оқушыларды ұжымдық еңбексүйпштікке тәрбиелеу.

б) Оқушылардыңсылдырмақжасау технологисы туралы білімдерін дамыту

Көрнекілік: асатаяқ асагаяқ сызбасы, технологиялық карта, интерактивті гақта, слайд, көрме,

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: топтықоқыту, түсіндіру. сүрақ-жауап, сарамандық жумыс

Пәнаралық байланыс: сызу, ән, информатика

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларга өткен тақырылты естеріне түсіре отырып, үй тапсырмасын тексеру ағаш бөлшектерін қалай желімдейді, қандай желім түрлерін падаланатынын сурау

3. Оқушы білімін тексеру. «Ғажайып жетілік»
ойыны арқылы үй тапсырмасын қорыту,

1) Қандай желім түрелрін білесіңдер?

2)Табиғи желім дегеніміз не?

3)Синтетикалық желім дегеніміз не?

4)Казеин желімі қандай шишаттан жасалады?

5)Желіммен қурастырыл бекітудің артықшылыгы неде?

6)Ағаш бөлшектерін қүрастырып бекітудің қандай түрлерін білесіңдер?

7) Бұрама шегені ағашқа қандай әдіспен орнатуға болады?

5. Жаңа сабақ.

Сылдырмақтың екі түрі бар біріншісі ағаш тілшіктерінен жасалған қол сылдырмақ Екінші сылдырмақ түрі - асагаяқ Оның қүрылысы аса күрделі емес, Ол гұтас агаштан шабылып жасалады Aғаш бөлшектерден жасалған қол сылдырмақ алты бөліктен турады Сылдырмақтың негізі қатты ағаштан жасалуы тиіс ал екі жақтағы тілшіктер сылдырмақ жанына желімделеді Оның қалыңдығы шамамен 5 мм Ал ортасындағы тілшіктер саны жетеу. Бұл бөліктер дыбыс шығару үшін қажет Олар бірінен кейін бірі үдете дыбыс мимбрана үшін, оның астыңғы жағына аралық ағаш кесінділері қойылады Аспап түбі екі жағынан тесіліп, жібек жіпке немесе басқа мықты жіпке өткізіліп байланады

Келесі жасап үйренетін бұиымымыз-асатаяқ.

6. Сарамандық жумыс (1-кесте).
Оқушыларды екі топка бөліл оларға асатаяқтың сылдырмақтарын жуқа қаңылтырдан үлгілерін жасату .Жұмыстарына бақылау жасау, қателіктерін түзету, қауіпсіздік ережесін сақтауын ескерту, жумыстарын бағалау

7. Сабақты қорыту.

1.Сылдырмақтың қандай түрлерін білесіңдер7

2.Асатаяқ ішін неліктен қуыс жасайды9

8. Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма: Асатаяқ негізін жасау.










Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

2 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ағашты механикалық өңдеу тәсілдерін мен оны көркемдеуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: ағашты өңдеудің қыр-сырын меңгерту, ұлттық көзқарасын ояту, икемділікке, ұқыптылыққа шақыру;

Тәрбиелік мақсаты: ағашты көркемдеуде түрмыстағы мән-мағынасын, сәндік бұйымдардың жасалуын , жасалу тәсілдерін үйретуге, еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру жұмысы:

Тәртіп сақгай отырып сабаққа жұмылдыру.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Сабаққа қажетті қүралдарды, материалдарды дайындау.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

IIІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің неше алуан түрі бар.

Аралау-ағашты көп жүзді аспаппен-арамен бір-неше бөлшек етіп бөлу. Араның түр-түрі бар. Олар: жақ ара,таспалы ара, қыл ара, дөңгелек, цилиндрлік аралар. Аралау тәсілдермен, атап айтқанда, ағаш кесетін жақ аралармен, таспалы арасы бар, дөңгелек арасы бар, цилиндлі арасы бар станоктармен жүзеге асырылады.

Таспалы және дөңгелек арасы бар станоктарда ағаш материалдарын алдын ала белгіленген мөлшерде /ені мен қалыңдығы/ бойынша ұзынынан өлшеп-кесіп дайындау, көлденеңінен дөңбекшелеп кесу, материалдарды белгіленген ұзындықпен кесу, материалдарды белгіленген ұзындықпен өлшеп, кесу сияқты жұмыс түрлері атқарылады.

Цилиндрлі арасы бар станоктар бөшке жасайтын өндірісте ағаш бөшкелердің элементтерін /қалақша бөліктерін/ аралап кесу үшін пайдаланылады.

Жону- ағаштың үстіңгі бетін түзу сызық бойымен және үдемелі қозғалыс жасайтын ара тістерінің көмегімен біртегіс етіп өңдеу.

Фрезерлік өңдеу-ағаштың жұқа қабатын айналмалы жүзі бар станокпен бірте-бірте жүйелеп кесу. Бұл ретте ағаштың үстіңгі қабатындағы орақ тәріздес жаңқалар тазартылады.

Бұрғылау деп өз осінен айналатын тісті бұрғы арқылы ағашқа цилиндрлі тесіктер, шұңғыл ұялар немесе ұзынша кертпе саңылаулар жасауды айтады.

Ұңғу деп бұрғылап ұңғу, сондай-ақ тізбектеп ұңғу станоктарымен сопақша, ұзынша немесе тік бұрышты тесіктер жасауды айтады.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1.Ағашты қолмен кесудің механиалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?

2.Ағаш материалдарын механикалық тәсілмен өңдеудің қандай негізгі түрлерін білесің?

3.Жону дегеніміз не?

V.Сарамандақ жұмыс.

119 беттегі тапсырманы орындау. / оқулықпен жұмыс/

VІ.Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, қошымша сұрақтар қою.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

111-114 беттер.







Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

8сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ағаш материалдарын механикалық тәсілмен өңдеу кезіңдегі техникалық қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ағашты механикалық өңдеу кезіңдегі қауіпсіздік ережелері;

Дамытушылық мақсаты: ағашты өңдеудің қыр-сырын меңгерту, ұлттық көзқарасын ояту, икемділікке, ұқыптылыққа шақыру;

Тәрбиелік мақсаты: ағашты көркемдеуде түрмыстағы мән-мағынасын, сәндік бұйымдардың жасалуын , жасалу тәсілдерін үйретуге, еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру жұмысы:

Тәртіп сақгай отырып сабаққа жұмылдыру.Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Сабаққа қажетті қүралдарды, материалдарды дайындау.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

IIІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін

Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат)

Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты)

Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт.

Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын.

Жүзін тексер.

Станокті бос айналдырып тексеріп көр.

Көзге көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде

Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.

Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.)

Жарақат алмас үшін:

а) станокқа қатты басты еңкейтпе;

ә) станок үстінен алыс – беріс жасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында;

в) қолыңмен тоқтатушы болма;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.

Жұмыстан кейін

Жұмыс орныңды ретке келтір.

Станокті тазалап мұғалімге тапсыр.

Өзіңді ретке келтір.

Сарамандақ жұмыс.

Токарь станогінде жұмыс.

Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, қосымша сұрақтар қою.

Үйге тапсырма беру.


Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі

_________Н.Утепбергенова

7 сынып

2 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдейтін станоктар

сабақтың мақсаты:

Білімділігі: ағаш материалдарын өңдеудің қандай түрлері орындалатыны женінде түсінік беру;

Дамытушылығы: бұрғылау станогы мен ағаш өңдейтін токарь станоғының құрылысын салыстыра отырып, машиналар жөнінде, олардың тұрмыста қолдануы туралы кең мағлұмат беру;

Тәрбиелігі: оқушылардың техникаға қызығушылығын арттыру, технологиялық картамен, нұсқау картамен өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық.

Сабақтың көрнекілігі: үлгі, технологиялықжәне нұсқау карталар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру белімі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ағашты қолмен кесудің механикалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?

Технологиялық процесс пен операцияның мәні мен мазмұны қандай?

III. Жаңа сабақ.

Кез келген машина қозғалтқыш (двигатель) беріліс механизмі мен орындау механизмі деп аталатын үш бөліктен тұрады.

Мысалы, трактор немесе езі жүретін ауыл шаруашылық машиналары қозғалтқыш, күш берілісінен, жүріс бөлігінен, жүмыс жабдықтары мен басқару органдарынан тұрады, сөйтіп бұларда кемінде 5 белік болады. Трактордың күш берілісі қозғалтқыштың күшін оның жүріс бөлігіне жеткізеді. Беріліс механизмдері тісті, үйкелісті, қайысты, тоғынды, шынжырлы т.б. берілістен тұрады.

Шеберханада біз технологиялық машиналарда жұмыс жасаймыз. Мысалы: токарь станогында ағаш жонуға арналған. Айналатын денелер түрінде бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып жонып егейді.

Біздің отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз токарь станоктарын шығарады. Ағаш өңдейтін СТД-120М үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктермен қоса алғанда, шойыннан қүйылған тіректі негізі болып табылады. Ол езінің екі тіректі табаны арқылы станоктың түрақты әрі берік түруын қамтамасыз етеді. Оған алдынғы және артқы қыспақ тетіктері, ұстайтын тұтқасы орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын құрайды. Бұл аймақбайқау экраны бар қорғанышпен жабылып тұрады. Станок орнатылатын тіректі негіз, езінің тірек табандары арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігінде станоктың электромеханикалықжетегі орнатылған. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілген қос сатылы тегершіктің сынағы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілген екінші қоссатылы тегершіктен тұрады.

Шпиндельдің айналу шапшаңдығын езгерту жетек белдікті бір тегершіктің тұтқасына ауыстыру арқылы жүзеге асады. Станоктың жетегі сактандырып тұратын қорғаныш қаптамамен жабулы тұрады, ал ол қаптама бұранданың кемегімен мықтап бекітіледі. Станок жұмысына басшылық жасау тетік блогы арқылы қамтамасыз етілген. Ол блог алдыңғы қыспақ тетікке орналыстырылған. Дәл осы жерге жарық түсіргіш шам бекітілген. Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпиндельдің саптама тетіктері пайдаланылады. Әзірленген қысқа ағаш материалдары ішкі ойыктарды ойып-жону кезінде патронға бекітілген болса, ағаш материалдарының диаметрі неғұрлым үлкендері тығырыққа орналастырылады. Жетектің сақтандырғыш қоршауының қақпағын электр қуаты берілмей, тоқтап қалатындай етіп сақтықпен жалғастырылған. Ағашты кесіп өңцеу аймағы алдын ала қорғағыш қоршаумен тетік жұмыс істеп түрған адамды түсіп жататын жаңқалардан қорғайды және ағашты аралау кезінде зиянды шаң-тозаңның шоғырлана түсуін бәсеңдетеді, үгінді қалдықтардың үйіліп қалуын бәсеңдетеді.



IV. Сабақты пысыктау және бекіту.

Ағаш өңдейтін токарь станогын жұмысқа әзірлеудің және оның жұмысын әзірлеудің, басқарудың тәсілдерімен таныстыру.

Жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері сактауын қадағалау.

Станок жұмысын басқару тәсілдерін үйрету.

V. Сарамандық жұмыс
Технологиялық карта. Граната жасау.
Сабакты қорыту, бағалау.

Оқушылардың жұмыстарын тексеру, өлшем бойынша жақсы жұмысқа баға қою.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі