жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал- жабдықтармен танысу
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал- жабдықтармен танысу |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.1.1 Химия ғылымының нені оқытатынын білу 7.1.1.2 химиялық зертханада және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды химия кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысады; зертханалық құрал жабдықтармен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді. |
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы: -«Химия» ғылымының нені оқытатынын біледі -Химия зертханасында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін айтады,түсіндіреді -Зертханалық жұмыстарды орындағанда зертханалық құрал жабдықтарды орынды пайдаланады
|
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты лексика және терминология элемент,қосылыс, қоспа,қоспаларды бөлу, химиялық реакция, атомдар, массалық қатынастар, араластыру, жағу,қыздыру,сүзу,суалту,еріту. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Химия...........зерттейді Химия сөзінің шығу тарихы............ Химияның міндеттері............ Өлшемі және .............. бойынша ажыратылатын денелер …........денелер деп аталады.
|
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» идеясы негізінде білім алушыларға өмір бойы білім алуға,құрмет,ынтымақтастық,ашықтыққа баулу |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, физика,информатика |
|
Алдыңғы білім |
5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау; 6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 минут 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал орнатамын. Топтарға бөлу «зертханалық құралдар» Оқушылар (спиртшам,құтылар,стақандар ) суреттері бойынша 3 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрауға «Жалғасын тап» әдісі бойынша сергіту сәтін пайдаланамын. Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратамын, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл кезде оқушылардың ауызша жауап беру дағдылары дамиды, қызығушылығы артады, жылдам ой қорытады,тез ойланады І топ: 1.Химия пәні ... зерттейді. 2.Заттар дегеніміз- ... ІІ топ: 1.Заттардың физикалық қасиеттеріне ... жатады. 2.Бір ғана заттан ...... физикалық дене түзілуі мүмкін. ІІІ топ. 1.Заттардың қасиеттері дегеніміз – олардың бір-бірінен ...немесе өзара ......көрсететін белгілері. 2.Әртүрлі .....бірнеше .... жасалады. Бағалау критерийі: 1.«Химия» ғылымының нені оқытатынын білу
Бірін-бірі бағалайды.
|
зертханалық құрал жабдықтар
«Жалғасын тап» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 минут
15 минут |
«Кинометафора» әдісі бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсете отырып баланың өз ойын, ой-пікірлерін білу арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.Бұл әдісті қолдану кезінде баланың логикалық ойлау қабілеті дамиды. Тақырып анықталған соң балаларға оқулықта берілген қауіпсіздік техникасы ережелерін оқуға 5 минут уақыт береміз және әр топ зертханалық жұмыстарды жүргізу бойынша кейбір сақтық шараларын «ұсынуға» дайындалады. Оқушылар дайын болған кезде қабырғаға дайындалған постерлері ілінеді. «Галереяға саяхат» әдісі қолданылады,топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі қабырға газеттерін қарайды. «Галереяға саяхат» кезінде топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін тыңдайды,сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.Бұл кезде оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Барлық оқушылар ережелерді өз дәптерлеріне көшіріп алады. Бағалау критерийі: 1.Химия зертханасында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін айтады. 2.Зертханалық жұмыстарды орындағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіндіреді. Дескриптор 1. .Химия зертханасында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі. 2. Зертханалық жұмыстарды орындағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін түсінеді
Дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.Топтар бірін –бірі бағалайды. Келесі кезекте зертханалық құрал- жабдықтармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен Зертханалық жабдықтар«көрмесін» көріп тамашалайды. Мұғалім олардың атауымен және қолданылуымен таныстырады. Оқушылар зертханалық құрал- жабдықтармен танысып болған соң мұғалім «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша оқулықтағы практикалық жұмыста берілген тапсырмаларды орындатады және төменде берілген кестені толтыруды ұсынады.
Практикалық жұмыстың нәтижесін кестеге түсіреді.
Бұл кезде оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды. Бағалау критерийлері:
1.Зертханалық жұмыстарды орындағанда зертханалық құрал- жабдықтарды орынды пайдаланады
Оқушылар бірін-бірі бағалайды
|
https://www.youtube.com/watch?v=TmWoZE Оқулық Химия 7 сынып Слайдтар Интербелсенді тақта Түрлі қағаздар Маркерлер
Зертханалық құрал жабдықтар:
Сынауықтар,стақандар,шыны түтіктер, кәрлен табақшалар,таразы,тұрғылар,құтылар,сүзгі қағаздар,спиртшам,өлшеуіш цилиндрлер,тамшуыр,қысқыштар,тығындар,т.б.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау. Сабақтың соңында кері байланыс жасалады. Мен бүгінгі сабақта не білдім? Нені үйрендім?Не түсініксіз болды? |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1.Тапсырма тәсілі арқылы оқушылардың қажеттіліне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалар мен сұрақтар берілді. 2. Дереккөздер тәсілін қолдану барысында оқушылар электрондық ақпарат көздерін пайдаланды.
3. Диалог және қолдау көрсету тәсілін қолданып,дараланған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіліп, ынталандыру жүзеге асырылды 4.Қорытынды тәсілін қолдану арқылы барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының не түсінгендеріне көз жеткіздік.
|
Өзін-өзі бағалау Бағалау критерийі арқылы, Дескриптор арқылы бағалаймыз Мадақтау айту ынталандыру
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуінене ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген