400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпті табиғат құбылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
дүниетанудан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

Ортақ тақырып:

«Қоршаған орта»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2.2 Климат және ауа - райы

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпті табиғат құбылыстары

Оқу мақсаты

2.2.2.1 Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-

әрекетіне оң және кері әсерін талдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін біледі, айтады.


Көптеген оқушылар: Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін салыстырады және бақылау жасайды, талдайды.


Кейбір оқушылар: Ауа-райының элементтерін ажырата отырып, адам өмірі мен шаруашылығына тигізетін оң және кері әсерін зерттеп, өз дәлелдемесін келтіреді.


Бағалау критерийлері

Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-

әрекетіне оң және кері әсерін талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Ауа-райы құбылыстарын атай алады.


Пәнге тән лексика мен терминология:

Ауа-райы - бұл ауаның жергілікті жерде, белгілі бір мезгілде байқалатын жай-күйі.

Табиғат құбылыстары - табиғаттағы өзгерістер ( боран, бұршақ, найзағай, құрғақшылық, қар, жаңбыр)

Боран - күшті желдің әсерінен топырақтың, қардың, құмның ұйытқып соғуы.

Бұршақ - ірілі-ұсақты түйіршік мұз ретінде жауатын жауын-шашын.

Найзағай - бұлттар мен жер арасындағы алып электрлік ұшқынды разряд.

Құрғақшылық - ыстық күнде жауын-шашынның ұзақ уақыт бойы жетіспеушілігі.

Қар - әр түрлі пішіндегі мұз кристалдарынан тұратын жауын-шашын.

Жаңбыр- жауын-шашынның түрі.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Қандай жыл мезгілдерін білесіндер?

-Ауа-райы туралы не білесіндер?

-Бүгінгі ауа- райы қандай?

-Неліктен ауа - райын хабарлап отырады?

-Ауа - райының элеметтерін ата?

-Боран дегеніміз не?

-Боран қай уақытта соғады?

-Бұршақ дегеніміз не?

-Ол қай уақытта жауады?

-Найзағай дегеніміз не?

-Оны қай кезде көруге болады?

-Құрғақшылық дегеніміз не?

-Ол қай кезде болады?

-Қарды қай мезгілде көруге болады?

-Жаңбыр дегеніміз не?

-Жаңбыр қай уақытта көп жауады?


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 5 құндылығы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» атты құндылығын еске ала отырып, қоршаған ортаны аялауға баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, көркем еңбек.


АКТ қолдану дағдылары

Видеожазба, интерактивті тақта, www.tolekova.jimdo.com

Бастапқы білім

Оқушылар ауа-райы туралы біледі, табиғат құбылыстарын біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут










Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал

«Джунглидегі жаңбыр» әдісі

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Өздерін джунгли ну орманында тұрмыз деп елестетеді. Ауа - райы тамаша, күн өте ыстық болады. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. (алдыңда тұрған адамның арқасына қолмен жеңіл қимылдар жасайды) Жел күшейе түсті. (арқаны қаттырақ басамыз) Қатты дауыл соқты. (қимылды күшейтеміз) Ұсақ жаңбыр жауды .(арқаны саусақпен басамыз) Кенет нөсер жауын құйды. (алақанмен жоғарыдан төмен қимыл жасайды) Бұршақ жауды .(арқаны барлық саусақтарымен түртеміз) Тағыда нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді , одан кейін күн ашылады.

Топқа бөлу.

Мұғалім оқушыларға күн, жаңбыр , найзағай суреттерін таратып береді. Сол суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді:

1-топ: Күн

2-топ: Жаңбыр

3-топ: Найзағай





Әр топтың үстелінде табиғат құбылыстарының атаулары жазылып тұрады. Сол атаулар бойынша оқушылар топпен отырулары тиіс.






















Рисунок 2



Табиғат құбылыстары суреттері, құбылыстардың аты жазылған кеспе қағаздар










Сабақтың ортасы

5 минут



























7 минут































10 минут































2 минут













8 минут

Тапсырма №1. (Т) «Ойлан, тап» әдісі

Мұғалім әр топқа жыл мезгілдерінің атауы жазылған А4 қағаз және де түрлі табиғат құбылыстарының атаулары жазылған қима қағаздар таратып береді. Оқушылар қай жыл мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болатынын тауып, сол тұсқа жапсырады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

  1. Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын сәйкестендіреді.

1.Табиғат құбылыстарын жыл мезгілдеріне сәйкес ажыратады.

2.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына қарай сәйкестендіреді.

ҚБ. «Қыс. Жаз» әдісі

Жаз - бәрі түсінікті

Қыс - есімде сақтаймын



Тапсырма №2.(Ж) «Ажырату» әдісі

Мұғалім оқушыларға табиғат құбылыстарын адамға қауіп туғызатын және қауіп туғызбайтын деп 2 топқа бөліп жазуды тапсырады. Оқушылар өз бетімен орындарында отырып, тапсырманы орындайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  1. Табиғат құбылысының адам өмірі мен шаруашылығынатигізетін оң және кері әсерлерін салыстырады.

1. Табиғи апат түрлерін анықтайды.

2.Табиғат құбылысының адам өміріне тигізетін оң

әсері туралы жазады.

3.Табиғат құбылысының адам өміріне тигізетін кері

әсері туралы жазады.

ҚБ. «Күннің шуағы» әдісі

Ашық күн- жарайсың

Бұлтты күн- жақсы



Тапсырма №3.(Ұ) «Шабыт қаламы» әдісі

Мұғалім әр топқа бір-бір табиғат құбылысының суретін таратып береді.

1-топ: Бұрқасын жел

2-топ: Бұршақ

3-топ: Найзағай

Оқушылар берілген қауіпті табиғат құбылысына байланысты сақтық ережелерін құрастырады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  1. Табиғат құбылысына байланысты сақтық ережелерін құрастырады.

1.Берілген құбылысты атайды.

2.Берілген құбылысқа байланысты сақтық ережесін құрастырады, жазады.

ҚБ. «Сиқырлы қалам» әдісі

Жасыл қалам- бәрін түсіндім

Сары қалам- жартылай түсіндім

Қызыл қалам- түсінбедім



Сергіту сәті "Көңілді күн"

Рисунок 3



Тапсырма №4.(Т) «Сурет көрмесі» әдісі

Әр топ бір табиғат құбылысын атап, сол құбылыстың суретін салады, әңгімелейді. Бес жолды өлең құрастырады.

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Етістік

  4. Сөз тіркесі

  5. Синоним



Бағалау

критерийі

Дескриптор

  1. Табиғат құбылыстарын сипаттайды.

1.Табиғат құбылысын атайды.

2.Табиғат құбылысының суретін салады.

3.Эстетикалық талапқа сай сурет салады.

4.Бес жолды өлең құрастырады.

ҚБ. «Жұлдыз» әдісі

Жасыл жұлдыз – жарайсың

Сары жұлдыз – жақсы

Қызыл жұлдыз - талпын

А4 қағаз, табиғат құбылыстары атаулары жазылған қима қағаздар











AutoShape 1





































www.tolekova.jimdo.com













































Сабақтың соңы

  1. минут


Кері байланыс.

«Жақсылық шуағы» әдісі

Мұғалім оқушыларға күннің шуағын таратып береді. Әр бала шуаққа өзінің ауа- райы туралы сабақтан алған әсерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазып, оны тақтаға күнді айналдыра жапсырады. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.


Рефлексия. Сабақтан алған көңіл-күйді әр түрлі смайликтер арқылы бағалау.



Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?


№1 тапсырмада саралаудың тапсырма тәсілін қолданамын. Себебі, мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. №2 тапсырмада саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолданамын.

Себебі, кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. №3 тапсырмаға саралаудың қарқын тәсілін қолданамын. Себебі, кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді. №4 тапсырмаға саралаудың қорытынды тәсілін аламын. Себебі, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



1.ҚБ. «Қыс. Жаз» әдісі

Жаз- бәрі түсінікті

Қыс- есімде сақтаймын

2.ҚБ. «Күннің шуағы» әдісі

Ашық күн- жарайсың

Бұлтты күн- жақсы

3.ҚБ. «Сиқырлы қалам» әдісі

Жасыл қалам- бәрін түсіндім

Сары қалам- жартылай түсіндім

Қызыл қалам- түсінбедім

4.ҚБ. «Жұлдыз» әдісі

Жасыл жұлдыз – жарайсың

Сары жұлдыз – жақсы

Қызыл жұлдыз – талпын





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Жаттығулар жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары \оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз турлы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1090
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі