|
Ұйымдастыру
кезеңі (5 мин)
|
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін
анықтау.
«Шаттық шеңбері»: бір-біріне жақсы тілектер
айту.
|
Оқушылар сәлемдесіп, бір-біріне сәттілік
тілейді.
|
Компьютер
|
|
Ортасы
(15 мин)
|
«Қазағым жүрсін дін аман» атты бейнебаян
көрсету.
Сұрақ-жауап:
— Бейнебаянда қандай ой
айтылды?
— Елдің амандығы үшін не істеу керек деп
ойлайсыңдар?
Топтық
жұмыс:
1-топ: «Бірлік бар жерде — тірлік бар»
тақырыбында постер
жасау.
2-топ: «Менің елім — бейбіт ел» тақырыбында
эссе жазу.
|
Оқушылар топқа бөлініп, топтық жұмыс
орындайды.
|
|
|
Қауіпсіздік сабағы
(10мин)
|
Баланың қандай құқықтары бар?
Баланың өмір сүруге,
қорғауға, денсаулығын
қорғауға, тұрғын
үйге, білім алуға, даралық
және оны сақтау құқығына, мемлекеттік көмекке құқығы бар.
Қазақстан Республикасындағы
балалардың құқықтары.
Қазақстан Республикасының
2002 жылы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасындағы
Бала құқықтары туралы» заңы
(бұдан әрі – заң мәтіні бойынша) кәмелетке толмағандардың
негізгі құқықтары мен
міндеттерін айқындайды, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібін регламенттейді.
Баланың өмір сүруге,
қорғауға, денсаулығын
қорғауға, тұрғын
үйге, білім алуға, даралық
және оны сақтау құқығына, мемлекеттік көмекке құқығы бар.
«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының 2002
жылы 8 тамыздағы №345
Заңы №15, 16,
16-1, 17, 19, 20, 35,
36, 37, 38, 39-1 баптар.
Сонымен қатарбаланыңнегізгі
нақты құқықтары анықталған:
-
отбасында өмір сүру және тәрбиелеу;
-
оның ата-анасы кім екенін
білу;
-
ата-аналарымен бірге тұруға (бұл оның мүдделеріне
қайшы келетін жағдайларды қоспағанда), олардың тарапынан
қамқорлыққа алу;
-
ата-аналардың тәрбиесіне, ал олар болмаған немесе
ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда қорғаншының, қамқоршының
немесе балалар мекемесінің тәрбиесіне;
-
жан-жақты даму; адамның
қадір қасиетін құрметтеу;
-
ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен,
әпкелерімен және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасау;
-
өз пікірін білдіруге
арналған өтініш; тегі, аты, әкесінің атын алуға өтініш.
-
Негізгі бөлім
-
Құқықтар мен міндеттердің мысалдарымен
презентация көрсету.
-
Сақталуы қажет ережелерді
талқылау (мектеп ережелерін сақтау, басқаларға құрмет көрсету және
т.б.).
-
Құқықтар бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмін әзірлеу (презентация қорытындысы бойынша
әзірлейміз):
-
Ересектерге немесе педагогтерге хабарлаңыз.
-
Көмек алу үшін тиісті органдарға хабарласыңыз.
|
Оқушылар әрдайым қауіпсіздік шараларын
сақтайды.
Баланың қандай құқықтары бар екенін
біледі.
|
|
|
Соңы
(5мин)
|
«Тілек шеңбері»: Оқушылар елімізге, халқымызға
деген тілектерін
айтады.
Мұғалімнің қорытынды
сөзі:
— Қазағым аман болсын, еліміз тыныш болсын.
Ұрпағымыз саналы, елжанды
болсын!
|
Оқушылар тілек шеңберін құрып,
жақсы тілектерін айтады.
|
смайликтер
|