Материалдар / "Қазағыма ризамын" атты жыр жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазағыма ризамын" атты жыр жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыр жинақтары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-Анаға

Қазагым менің айтайын кеңес жакындер,
Уайымга батып әркашан бізге бак тілер.
Жандары жайсаң шуагы кундей тогілген.
Мерейін асыр ата-ананды жаксы кор.
Айтты гой шындык Куранда бізге таңірде
Бой ұсыныңдар раббым айткан әмірге.
Опасыз жалган турмайды мәңгі колыңда
Шагында тірі ата-ананды қадірле
Сиынан жәннәт кунінде махшар құр кетпе
Олардан жакын жаныңа жоккой жер кокте
Жемісін татыр өздері еккен бакшаның
Алтыннан асыл ата ананды курметте
Толғантып ойды кызыл тіл сірә кідірме.
Бакыттын білмей бағасын барма күпірге
Алмасар уакыт жалгасар өмір токтамай
Сол ушін досым ата-анан барма, шукір де.




Бала күндер.

Бала күндердің мекені меннен жырақ тұр
Суреттейін өзіңді өлеңіммен құрап бір.
Есімде менің ең алғашқы ойыным
Әкем жасаған ойыншық ағаш трактор
Ат мініп ағаш қырлардан асып
Азарда болып ойнадым асық
Барғым келсе де қуалап қанша
Сол бір сәт ұзап барады қашық.
Бал шақтар еді балалық таңы
Сағым боп бүгін бәрі алыстады
Өмірге мынау келерме ем шіркін?
Жас сәби болып даралып үлгі.
Бала болған кедейлерде, патша да.
Содан қалған естелік бақ сана
Сол бір сәтті сатып ала алмайсың
Бір минутын миллиондаған ақшаға.


Көнемін


Қазақ айтқан 5 күндік қас-қағыма
Өкінбеймін қадамды басқаныма
Тағдырым осылайша жазылыпты
Дүниенің есігін ашқанымда
Жазылғанға көнемін жоқ амалым
Мені бір мүсәпірге манамағын
Жумаймын жанарымның жасыменен
Жалғанның салып берген жараларын
Кеудемде менің соққанда жүрек жұдырық
Кеткен емеспін бәрінен сірә түңіліп
Иманың серік, тәңірім маған күш берген
Жылт еткен сәуле көрінген шақта бір үміт
Тағдырым менің мойныма салған қыл бұрау
Сабырлық еттім, қажеті қанша құр жылау
Анам айтады "Еңсеңді тікте балам" - деп
Сонау бір сөздің арқасында аман жүрмін-ау
Мен мұңайганда күрсінген анам қосылып
Түсінген мені жанымда жүрген дос ұғып
Сарайы ашық сарыла күткен журектің
Бақыттың өзі кез болып жатса кешігіп
Адамға ұлмын , АЛЛАға басты игенмін
Дәл мендей болып көйлегін мұңның киген кім
Естімес үшін көргенсіз деген бір сөзді
Әдептілікті әдепсіздерден үйрендім
Өлшеулі өмір, уақыт оның шындығы
Үзе алмас ешкіи ешкім анық қой мұның шындығы
Біреуден артық,біреуден кем боп күн кешіп
Осылай өтер мендей бір жаннаң тірлігі.
Тірімін мәңгі, артымда қалса өлеңім
Шүкір деп соған, осыған төзіп келемін
Өмірдің бізге беймәлім болған сырлары
Көзіммен емес, жүрегімменен көремін.




Қазағыма ризамын...

Алтай мен Атырау арасында,
Ризамын қазақтың даласына.
Ризамын көнекөз қарияға
Ризамын ақ жаулық анасына,

Тарихы бар із қалдырған артына
Берік болған ата дәстүр салтына
Мығым болып, бірлігінен таймаған
Ризамын қазақ дейтін халқыма

Шыға білген елінің сенімінен
Етігімен тепкенде темір үзген
Ризамын қазаұтың ұлдарына
Жау төбесін көрсетпеген елімнен.

Бағасы бар алтыннанда қадірлі
Таптатпадың өзгелерге арыңды
Мақтанамын қыздарымен қазақтың.
Ойында бар,ізеттілік бар үлгі.

Мақтанамын қазағым қайсар елім,
Маған қымбат жусаның, майса көгің.
Тәңірім жар боп тұрып қазағыма
Тілегім кең құшағын жайса дедім.




Көршілер

Тілеп жүрер бір-біріне амандықты
Ақ пейілді, жасамас жамандықты
Көршілерім есен сау жүрсіздерме?
Танытпайын өлеңнен сараңдықты

Берік тұр Ынтымағы, құламайтын
Әр көршімнің өзіме сыры айқын
Бір-бірінің міндерін жауып тұрған
Артық сөзбен мұқатып сынамайтын

Сіздермен өтті Талай тамаша күн
Сіздермен жаным гүлдеп жарасамын
Сендерсің өткенімнің куәгері
Болар бәлкім сендермен болашағым.

Көршің болса ол жақсы өнегелі,
Жаман көрші топырақпен теңеледі.
Көрші ақысы тәңірдің ақысы деп,
Айтып кеткен қазақтың қөнелері.


22-нің таңы..

Қыс мезгілі 12-інші ай, желтоқсан,
Жұлдызында бүгін 27-нің.
Ақ қар басып, айналаны жел соққан
Таңы атты маған 22-нің.

Бүгін менің туған күнім расында,
Ақ тілектер ақтарылды, эхх шіркін
Ата-анам, ағайын, дос қасымда
Мейлі, мейлі болмасада көп сылқым.

Ұсынылды тартулар, мерейімді көтерген
Ат мінгізіп, жаппаса да шапанын.
Мына сөзді есте сақтап өтем мен
"Тойғаныңа тəубə қыл" деген қазақ мақалын.

Шаттықтан жүр бүгін басым айналып,
Ішпесемде бокал-бокал шараптан.
Жатыр бүгін 22-ім тойланып,
23-тің таңына аман жеткіз жаратқан.



Қарттардан қалған!

Сан ғасырлық тарихы бар көнеден,
Қымбат маған қарттан қалған өнегем!
Бүгінгі ұрпақ жағада тұр тыс қалып
Қарттар мінген кемеден.
 

Кеткен сынды іштеріне жын кіріп,
Еліктейді батыс жаққа жүз бұрып..
 
Бүгінгіден байқалмайды неліктен?!
Қарттан қалған құндылық.

Емес бүгін жөні түзу сəлемің
Өре тұрдың ə дегенге, мə дедің.
Қайда кетті қайсар мінез бауырым?
Қарттан қалған əдебің...

Өткеніңсіз ертең алға баспаған
Бір ұлы күш тура жолға бастаған.
Қарттар жүрген, ере алмаған сол көшке
Бола алмайды-ау дос маған!

Ауылым!

Тербетілген бесікте дала үнімен
Бір үзік сыр шертейін бала күннен.
Сағынамын кей кезде ауылымды,
Болсамда бозбаласы қаланың мен!

Азанмен құстар əн сап сайрайтұғын,
Үй жанында самаурын қайнайтұғын.
Анамның қою шайын ішіп алып,
Достарыммен дала кезіп ойнайтынмын!

Тыңдаушы едім шалдардың көп аңызын
Терген едім жуа менен сағызын.
Барар едім сол бір мұңсыз шағыма,
Келер болса сол бір дəурен тағы күн!

Жататұғын шаңдақ болып ақ құмың
Еске салды бала күннің пəктігін.
Мен өзіңді жырға қосып өтермін,
Еске алып сол бір кездің шаттығын!



Бес намаз

Қалам мен дəптер, ойымды жаздым қазағым,
Тартпайын десең тозақтың мəңгі азабын.
Нəпсіңді тиып, ұйқыңды қиып бауырым
Ақыретті ойлап, оқышы таңның намазын.

Жаратқан сені Раббың болсын есіңде,
Қадамды басып мешітке келші бесінде.
Біліп та, білмей жасаған күнəң қаншама
Тəубе қыл досым құдайым мені кешір де.

Тəңірің берген ризығыңды қашырма,
Зиянды іске құл болып інім бас ұрма.
Шын жүрекпенен мешіттің ашып есігін
Қиямға тұршы, кіргенде уақыт асырға.

Қиналар мəңгі тозақтың отын жақса кім,
Сыйланар анық жұмақтың кілтін тапса кім.
Кеш батқан шақта көшеде жүріп көсілмей
Мешітке келіп намазын оқы ақшамның.

Көріңе барар көлігің болар табытың,
Бес намазбенен табылар сенің бақытың.
Өмірді берген жаратқаныңа шүкір де
Өткізіп алмай құптанның досым уақытын.





Анам көрген қиындық..

Көңілдің шерін ақтарып өлең жазбақпын,
Мақтаса біреу, от болып жанып, маздаппын.
Кешірші ана, сотқарлық еткен ұлыңды?!
Мен үшін көрдің қиындық, ұмытып кете жаздаппын

Тек өзің барда көңілде қайғым жоқ менің
Өзіңсің менің жайқалған мəңгі көктемім.
Қастерлім менің сан тарау өмір жолында
Мен үшін өттің өмірдің талай өткелін.

Өзіңсің АНА есігі жұмақ мекеннің!
Қарызбын мəңгі мен оны қалай өтермін.
9 ай 10 күн ауырлық етпей көтердің,
Арпалыспенен дүниеге жарық əкелдің.

Сенің арқаң ғой, елімнің ұлы болғаным
Апарсамдағы МЕККЕге өтелмес сенің толғағың.
Таяндың бесік, мезгілсіз бөліп ұйқыңды
Жаялығымды желкенбей жуып, бұлғандың.

Өмірдің соқпағына қарамадың,
Жүрегіңді мың жерден жараладың.
Тəңірден шипа тілеп ұлың үшін
Дүниенің кең шарын араладың!

Сапар шексем, дайындадың асымды
Мұңға батсам, үздің моншақ жасыңды.
Сеннен төмен талайлардың алдында
Ұлым дедің, идің ғазиз басыңды.

Мейірімің ерекше маған деген
Бес күнің тауқыметті саған берген.
Мен сүрген өмірімнің еш құны жоқ
Қиындықтың жанында анам көрген.

Бұл күндері жетсем биік белеске
Ол анамның зор жемісі емеспе.
Шүкір етем АНА сенің барыңа
Өмірдегі бақыт осы емеспе.


Үш дос..

Өлең атты тұлпармен шабыс қылып, 
Сөйлейін ойды-оймен жарыстырып.
Мəлім қылып кетейін елім жұртым
Үш достың айырмасын салыстырып.

Бұл сөзімнен мол ғибрат аларсың,
Бір досың бар табар сенмен жарасым.
Бағың тайып мал шыққанда қораңнан
Өзі түгіл көрсетпейді қарасын.

Айналғанмен өмірлік жолдасыңа,
Бекінгенмен айырылмас сырласа.
Мұрныңнан қан шыққанда кейбір досың
Өзіңді тастап кетер қыр басына.

Дос ұғымын кір шалдырмай ақтауға,
Серттессе егер жан сырыңды сақтауға.
Қимай тұрса жан шыққанда кеудеңнен
Лайық көрем ондай досты мақтауға.



Өсиет

Əуелі Алла қуат бер талабыма,
Сиямен шумақтайын парағыма.
Хақ ислам дініміз Мұсылмандар
Бір өсиет жазайын қазағыма.

Түспейін десең тозақ азабына,
Бес уақыт намазыңды қаза қылма.
Құдайдан қорыққандар қауышады
Қияметте Алланың ажарына.

Сен үшін еңбек қылып терін төккен,
Ата-анаңа ізет қыл құрметпен.
Ата-анаңа не қылсаң сол келеді
Жүресің ізбен солар жүріп өткен.

Асылдан болса алғаның, жарқырап тұрар маңдайың,
Үмітін күткен ата-анаң, татырсын балға таңдайын.
Сыйлаған ерін құрметпенен əйелдің
Жаратқан ием жұмақтан қылар жағдайын.

Кез болып жатсаң, жақсыдан болсын жолдасың,
Арамнан болса ниеті, білерсің оның оңбасын.
Адал дос болар мəңгілік, амалдан болса достарың
Қиындық күні қашады алып өз басын.

Ініме

Бірге кешкен өмірдің бар қызығын,
Соңымнан ерген менің жалғыз інім.
Жүремін алаң болып бір өзіңе
Бойыңда жастық жалын, бар қызуың.

Қойған едік есіміңді Ұлан деп,
Көріне бер биіктерден қыран боп.
Арыстаным емессің ғой намыссыз
Ойламаймын туымызды жығар деп.

Шын жақыным емес ешкім өзіңдей,
Жанар бағың еңбек қылсаң ерінбей.
Сынақ келсе шыдап оған сабыр қыл
Жолдас болып төзімменен темірдей.

Бізде інім тағдырдағы жол бөлек,
Бағытынан ажыраған пенде көп.
Қанағат қыл қолыңдағы барыңа
Жүрегіңмен жүрші ылғи тəубə деп.



Сағыныш...

Сағындым сені деймісің, өзімде сені сағындым. 
Жолыма қарап жүрмісің күтумен мені қадірлім. 
Сағыныш сынды сары ала күзде сарғайған
Жапырақтардың шапанын менде жамылдым.
 

Ішінде жүрмін қызуы қатты жалынның,
Бар сырымды айтып, ағымнан саған жарылдым.
 
Сен оқудасың қалалар шалғай білемін
Сағыныш дейтін шынжырға менде таңылдым.
 

Маxаббат майдан демеймін менде әлсізбін,
Сезсеңіз егер басында тұрмын жар-құздың.
 
Тағдыры егіз жаралған біздер жандармыз
Мендей боп сенде қара түндерде тамшы үздің.
 

Алаңдама барам жаным жақында,
Сандуғаштай сайрашы, лайық болып атыңа
Жүрек дәптер, сиясы мен ойыңның
Жауап жазшы сені сүйген ақынға.
 




Қыздың ары...

Ел ертеңі түзеледі мен сенем,
Қыз мұңайса мұң басады еңседен.
Əлімсақтан біздің дана бабамыз,
Ер намысын қыз арымен өлшеген.

Қыз жыласа - күз болады көктемің,
Қыз жылатып бақ табамын деппа едің.
Жүзі таңдай, қылығы бал көрінген,
Əйй бауырым, қыздың арын төкпегін.

Тақса тақсын, айыптама орамал,
Орамалмен əдеп, иба оралар.
Құндылығын жоғалтса егер қыз бала,
Қазақ дейтін ел ертеңі тоналар.

Қыз көңілі аппақ шіркін мақтадан,
Қазақ қызы ар-иманын сақтаған.
Жұмақ кілті табанында ананың,
Сол үшінде қыздың арын таптамаң.

Қыз баланың төмендетпе бағасын,
Қыз жарың ғой, содан бақыт табасың.
Ат сүт берген мейіріммен өзіңе,
Қыз болған ғой, ей бауырым анашың?!

Əпкең менен қарындасың қыз бала,
Жат көздерден оларды жүр қызғана.
Қыздың ары қымбат бізге қашанда,
Өйткені ол - ел ертеңі, ізгі ана!







Екеуміз

Қиналғанда іздеп сезім дауасын,
Мен өзіңнен ғана емін табамын. 
Білесіңбе, білесіңбе екеуміз?!
Жұтып жүрдік бір ауданның ауасын.
 

Білесіңбе қылықтым мінезіңде,
Шынымен аумай қалған бір өзіме.
 
Сен де, мен де қайтпайтын айтканынан
Қырсық жанбыз періштем білесіңбе?!

Біз екеуміз ғажайып бір әлембіз,
Мен - сөз, сен - ән екеуміз бір әуенбіз.
 
Шынайы маxаббаттың бар екенін
Екеуміз дәлелдеген куәгерміз.
 

Өмірдің өткелінен жүз өтерміз
Шын бақытқа жетерміз біз екеуміз.
 
Шын ғашықтар қосылмайтын қағиданы
Қосылып біз екеуміз түзетерміз.
 


Мен, сен!

Мен от болсам, сен жаңбыр
Ашуымды басатын.
Мен бұлт болсам сен күнсің
Аспанымды ашатын.

Мен кемемін, сен айлақ
 
Сағынышпен тосатын.
Мен ақынмын, сен жырсың
Жүрек сырын жазатын.

Мен қызғаншақ, сен батыл
Дәлелдеген адалды.
Мен қараңғы, сен жарық
Нұрландырар ғаламды.

Мен бір мұңмын, сен ойсың
Жаулап алған санамды.
Мен арзанмын, сен қымбат
Төмендетпе бағаңды.

Мен қайықпын, сен ескек
Сынақтардан өтерміз.
Мен қаталмын, сен ерке
Бір жүрекпіз екеуміз.



Менде өлем!

Менде өлем! Бір күні өліп кетем.
Өлмеске біреу дәрі тауыппа екен?!
Қол созып жете алмаған арманымның
Үмітін сөндіремде алып кетем.

Мен өлгенде біреулер жылап қалар,
Біреулер жырымды оқып қуаттанар.
Қалмаспын мен есінде біреулердің,
Кейбіреудің тірегі құлап қалар.

Өлгенімше төзем өмір азабына,
Кемітіп күлгендердің мазағына..!
Кір шалдырып алмаймын ең бастысы
Иман мен намысымның ажарына.

Жүрегім ақ па, әлде күнәлі ма?
Беймәлім жауап осы сұрағыма.
Раббым тастар бәлкім тозағына
Кіргізер мейірім мен жұмағына.

Демеймін өміріме өкінемін,
Кінә артпаймын бәріңді кешіремін.
Өкпелетіп мен кеткен пенделерден
Кешіріп қоюларын өтінемін.

Мен өлгенмен өлмейді өлеңдерім,
Қара жер, топырақпен теңелермін.
Мен өлгенде орынымды басу үшін
Жаратқан жаратады пенделерін.














Қызыл тілдің қызметі!

Күңдік пенен құлдықтан босатқан тіл,

Біреуге бас жарғызып, тас атқан тіл.

10 күнәнің 9-ы тілден дейді

Пендеге соның бәрін жасатқан тіл.


Кей кезде алжастырған ақылдан - тіл,

Жақсылыққа үн қосып, шақырған – тіл.

Замандарда еліне қорған болған,

Бас кессе де, кесілмес батырдан тіл.


Марқұмын іздеу салып жоқтатқан тіл,

Сабырлыққа шақырып тоқтатқан тіл.

Қылығым жақпай қалған қарияға,

Әкемнен бір қайырып боқтатқан тіл.


Ағайынға от салып азғырған тіл,

Жабырқаған көңілді – жаз қылған тіл.

Ел ішінде топ жарып оздырған тіл,

Мағанда бұл өлеңді жаздырған – тіл.




Сенің анаң..


Сенің анаң қарсы екен екеумізге,

Қол ұстасып бақытқа жетемізбе?

Қаншама рет ұрысып тастаса да,

Ешнәрсе қонбайды екен шекемізге.


Сенің анаң түсінбес біздің жайды,

Болып тұр ғой біз үшін, сол бір қайғы.

Килікпесе ол біздің арамызға

Махаббат гүлін ешкім солдырмайды.


Сенің анаң еске алса жастығын,

Қоярма еді қос ғашыққа қастығын.

Түсінер бәлкім мендегі ыстық сезімді

Өлеңімді оқып берші жас гүлім.






Махаббат дейтін сол болар...


Бар екеніңді сезінсем,

Өзіңді ойлап көз ілсем,

Махаббат дейтін сол болар..


Тағдырға қатал бағынсам,

Алыста жүріп сағынсам,

Махаббат дейтін сол болар..


Қарамай нөсер жаңбырға,

Бірге болсақ тағдырда,

Махаббат дейтін сол болар..


Жаныңды салмай азапқа,

Берілсек ыстық ләззәтқа,

Махаббат дейтін сол болар..


Көңіліңді тауып үйленсем,

Ерлі-зайып боп үйге енсем,

Махаббат дейтін сол болар..


Өзіңмен бірге қартайсам,

Немере сүйіп марқайсам,

Махаббат дейтін сол болар..


Осыған жетсе қолым бір,

Піскендей бақта жемісім,

Махаббат дейтін сол болар..

Махаббат дейтін мен үшін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!