400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Қазағымның ұлттық құндылықтарын дәріптеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының дәстүрлі, өздеріне тән ұлттық құндылықтарын бала саласына ұялата білу, дәріптеу, түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет


Тәрбие сабақ тақырыбы: «Қазағымның ұлттық құндылықтарды дәріптеу»


Сабақтың мақсаты: Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.


Тәрбиелігі: Бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу.


Дамытушылық: Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парыздылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.


Сабақтың түрі: кіріктірілген, өнеге сабағы


Көрнекілігі: бейне материалдар, слайдтар, түрлі петр матасынан материалдар,әшекей бұйымдар, қазақ ыдыс-аяқтар және т\б


Әдіс - тәсілдері: бейне әдіс, сұрақ- жауап, сахналық көрініс, саяхат


Сабақ барысы.


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Shape1


2) Амандасу, түгелдеу, топқа бөлу.

3) Шаттық шеңбері


-Балалар, қалай ойллайсыңдар ұлттық құндылықтар дегеніміз не?

-Бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелеп тұратын не?

-Дұрыс айтасындар, балалар әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі ұлттық деп саналмаиды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды.

(слайд арқылы ұлттық құндылықтарды толықтай көрсетіп, түсіндіреді)

Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындарының біреуі асық ойыны.

Асық ойнау: баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне көмектеседі, таза ауада тері жасушалары ашылып, ағза тынығады.

Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының ұлылығы, осы процестерді өзінің өміріне пайдаланып, бала жарық дүниеге бейімделгенше, бесікке бөлеп, тербетіп отырған.

Сергіту сәті (видеоролик)

-Балалар, суреттен тагы қандай қазақтың ұлттық ойын түрлерін көріп тұрсыңдар?

Мына аспаптардан қандай әуен ести алады екенбіз тыңдап көрейікші әрі сол әуенмен саяхаттап өтейік

Shape2 Shape3 Shape4

Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9


«Кім жылдам» ойыны.

Балалар әртүрлі орталықтарға бөлініп сурет салу, жапсыру, мүсірдеу, тігін тігу әдістерімен тапсырмалар орындайды

Shape10 Shape11 Shape12 Shape13 Shape14


Қорытынды.


Қазіргі ұрпақтың, ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті - экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық - ұлттың тірегі!




Жетекші тәрбиеші: Менликулова Рахат Турганбековна


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 сәуір
158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі