Қазан жарыс

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Қазан жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Босанғалы жатқан келінге көрсетілетін құрмет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазан жарыс

Жүргізуші автор: Әйел босанып жатқан кезде, жақын туыстары, негізінен әйелдер жиналып, қазанда ет пісіріп, қонақ шақырады. Жарыс қазан аталатыны: мұндайда ірку, мөлшерлеу, аяу деген болмау керек. Қазан неше жерден қайнап, ет неше жерде бір-бірімен жарыса асылып жатуы керек. Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым. Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан. Әйел қазан қайнағанға дейін босанса – жақсы ырым деп саналады.


Ене: - Ене, келіннің толғағы басталған сияқты.

Үлкен ене: -Үйдегі сандық, кебеженің аузы ашып, түйіншектелген орамалдың бәрін шешіңдер. Құлын, бұзаудың ноқтасын босатып, еркіне жіберіңдер. Қолы жеңіл Мариямды шақырып келіңдер, келінді босандырып алсын. Өзіңнен кейінгі келіндерге тапсырма бер, тездетіңдер.

Ене: - Әй, келіндер, келіннің толғағы жеңіл болсын. Мына сойылған малдың етін екі – үш қазанға салып, жарыса қайнатыңдар. Айман келін, сен Ақ апаны шақырып кел, келінді босандырады деп енем шақырып жатыр.

(Мариям апа келеді.)

Ақ апа: - Шешей, келіннің толғағы жеңіл болсын. Бибібәтима анам жар болсын, өзі қолдап, келіннің аяқ қолын аман – есен бауырына алуына жәрдем етсін.

Үлкен ене: «Қара қазан бұрын ба, қара қатын бұрын ба?» дейтін бұрынғы әжелеріміз. Қазандағы ас бұрын піссе, толғатқан анаға ұсынып, әлдендіріңдер, ал кейін піссе сорпасын беріп, босанған әйелді терлетуге кіндік шешесі кіріссін.

Ақ апа: - Келіндердің жарыса қайнатқан қазаны піскенше, келін де босанып қалар.

Үлкен ене: - Самат пен Маратты шақырыңдар. Келі түйгіштесін. (Өзі шымылдық ішіне кіріп кетеді.)

(Бір, екі бала келсаппен босанғалы отырған әйелдің айналасын төпештеп, «түсті ме, түсті ме?» деп үйді басына көшіреді».)

Келіндер дауыстап: - Ақ әже ет пісуге жақындап қалды.

(Осы кезде іңгәлаған бала даусы естіледі.)

Үлкен әже: - Марат, Самат жүгіріңдер. Біреуің аталарыңнан, біреуің көкелеріңнен сүйінші сұраңдар. Дүниеге «азаншы мен қазаншы» келді. Келін егіз тапты.

Ал, үлкен келін, жарыса қайнатқан қазандарыңды түсіріп, нәрестенің кіндік шешесі Айнұр келіннің қалжасын дайындасын, қалғандарың дастархандарыңды қамдаңдар.

(Екі бала сүйіншілеп шауып кетеді.)

Ене: - Құп болады, бүгін біздің үйде шілдехана. Шілдеханаға келіңіздер.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі