Материалдар / Қазақ әдебиетіміздің маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиетіміздің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ол қазақ халқының рухани шыңдалуын мұрат тұтса, Абылай салған ақ жолмен азат Қазақстанды болашаққа бастап келе жатқан бүгінгі берекелі, балдырған дәуреніміздің белестерін бағындыра отырып, , сол үлгілі құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқаралы шыңдарымен жалғастырған алтын көпір болып тарихта мәңгі қалды. Сенім де талай түсті-ау сергелдеңге, Сын аз ба халыққа серт берген Ерге. «Елім» деп шырқыраған Өзіңізді, Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге, — деп белгілі ақын қызымыз Жадыра Дәрібаева жырлағандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиеті мен ана ғибратын өз бойына сіңіре өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты, пайымы, ұлтжандылығы біздер, жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала бермек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Азаттықтың арайлы таңы атып, тәу етер киемізге айналған Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы. Айымыз оңынан туып, Тәңір тілегімізді беріп, төрт құбыламыз теңеліп, төбедегіміз келді. Алаштың айбыны асқақтады. Қырандай қомданып, тұғырына қайта қонды. Тәуелсіздік тәуменді жұртқа тәуекел берді. Азат еліміздің атағы алты құрлыққа жайылған абат елге айналып, жаһандық қауіпсіздіктің алтын белдеуіне баланды. Уақыт озған сайын ой-санамыздың бедері мен болмысын ірілендіре түсер осынау ұлы тұлғалар қатары үркердей шоғырланып, жарқырай түссе, сол жарық белдеулер арасынан «Қазақстан» атты мемелекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұлдызының планетарлық болмысы мен кескін-келбеті де айрықша нұрын, сәулесін ғаламға шаша түсері, жарқырай түсері ақиқат. Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі, артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға. Ол қазақ халқының рухани шыңдалуын мұрат тұтса, Абылай салған ақ жолмен азат Қазақстанды болашаққа бастап келе жатқан бүгінгі берекелі, балдырған дәуреніміздің белестерін бағындыра отырып, , сол үлгілі құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқаралы шыңдарымен жалғастырған алтын көпір болып тарихта мәңгі қалды. Сенім де талай түсті-ау сергелдеңге, Сын аз ба халыққа серт берген Ерге. «Елім» деп шырқыраған Өзіңізді, Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге, — деп белгілі ақын қызымыз Жадыра Дәрібаева жырлағандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиеті мен ана ғибратын өз бойына сіңіре өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты, пайымы, ұлтжандылығы біздер, жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала бермек. Мен сәбилік таза пәк жүрегіммен адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да! Иә, уақыт ұршығы дөңгеленген дүниені дүрмекке бөлеп, тынымсыз зырылдайды. Тізгін тарттырмас тұлпардай, қанаты талмас сұңқардай жүйрік, қамшы салдырмайды. Айды-айға, жылды-жылға ілестіріп, өтіп жатқан күндер… Жаңа ғасырға құшағын кең ашып, үмітін үкілеп отырған халықтың көңілі – шат, жүзі – жайдары. Еркіндіктің таңы атты. Тәуелсіздіктің кемесіне мініп, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның тәуелсіздігі – қазақ халқына тағдырдың тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп, қазақ деген халықтың абыройын асырып, атын әлемге танытты. Ал жазушы Әбіш Кекілбаев: «Тәуелсіздігіміздің негізгі рухани тірегі, болашағымыздың негізгі рухани кепілі – байырғы халқымыз» — дейді. Өйткені, Тәуелсіздік – ел тілегі, жарқын болашағы, жер тірегі. Ең әуелі анасын, ана тілін сүйген Елбасы : — Ана тілі бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы. Дауға салса алмастай қиған, сезімін салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да, ойнақы – Ана тіліміз!» — деп, тілін бойтұмардай қасиет тұтып, туған елін, жерін, қадірлеп, толғанады. Қазақ елі бүгінгі таңда мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне ие болуы оңайлықпен келген жоқ. Елі үшін, жері үшін, туған халқы үшін атқа қонып, қолына найза ұстап өткен батыр бабаларымыздың есімі мен ерлігі – мәңгі ұрпақ есінде! Олардың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған кең-байтақ қазақ жері — өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты. Аманат! Өте қасиетті де киелі сөз. Олай дейтінім, бабалар аманатына адал болу, оны сақтау – әрбір қазақ азаматына ортақ абырой, ортақ міндет. Бүгінгі бейбіт күніміз – өткен күрестер жеңісінің арқасы. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ даласы ертеден шапқыншылық пен озбырлықтың сан алуан түрін көрген. ХҮ ғасырда қазақ хандығы құрылғаннан бері талай рет жеңіс те көрдік, жеңіліске де ұшырадық. 1723-1727 жылдары өткен «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы – жан түршігерлік қасірет. Осы қайғылы оқиғадан кейінгі үш жүз өкілдерінің Ордабасы тауында бас қосуы 1729 жылы қазақтардың «Аңырақай шайқасында» жеңіске жетуіне ықпал етті. Алайда, жалаң аяқ жар кешу, қызыл аяқ қыр кешу, азынап, босып баз кешу мұнымен аяқталмады. Қазақ жоңғарлардан тағы қысым көрді. Қоқандықтардың езгісіне көне алмай, Ресей қолынан көмек алды. Енді қазақтың ұлт-азаттық көтерілістері бірінен соң бірі дүмпу ала бастады. Олар: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, Исатай мен Махамбеттің көтерілісі, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстары. ХХ ғасырдың басында азамат соғысын, 1930 жылдардағы аштық, репрессияны басымыздан кештік. Осынау аласапыран дәуірде көрген қорлықтың ұшығы – қанды Желтоқсан оқиғасы. «Қазақпын» деген жастар жала мен озбырлықтың құрбаны болды. Міне, осындай қанды қырғын көре тұра, зорлық пен зомбылыққа, әділетсіздікке көне тұра өз атымызды жер бетінде сақтап қалған халықпыз. Ақын Мұхтар Шаханов сол Желтоқсанға қатысқан тарландардың тағдыры талқыға салынып, тәлкек болғанда, қанатымен су сепкен қарлығаштай оларға ара түскен еді. Ол: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы, – деп толғанған еді. Иә, Қазақстан елінің терең тарихын оқып, біліп, бағалау – біздің басты борышымыз. Бүгінде сол ата-бабаларымыздың көксеген арманы Тәуелсіздіктің арқасында бізді бүкіл әлем таныды. Тәуелсіздік өзімен бірге өзгерістер әкелді. Сол өзгерістердің бірі ел ордасын Астанаға көшіру болды. Жаңа астанамен жаңа ғасырға қадам бастық. Қыдыр қонып, құт дарыған киелі қоныс, мүбәрәк мекен – Астана! Бүгінгі күні ақ маңдайлы ақ үй болып, ажары айқын, іргесіндегі көк Есілімен көріктене түскендей. Кешегі күні ұрпағына Вашингтондағы Ақ үйді аңыз етсе, бүгінде киелі төр, әр қазақ тағзым етер Ақ Ордасын мақтан етеді. Мейірімін төккен, сырты абзал, кең жүрек Ақ Ордам Абылай ханның ақ үйінің жалғасы емес пе? Күмбезінде көгілдір туы желбіреп, мәңгілікке ұрпағына тәбәрік етіп ұсынғандай. Олай болса, жаңа астана – тәуелсіздігіміздің тірегі, қолға алынған ұлы реформалардың ұйтқысы. Міне, осындай айбатты Елорданың тілеуін тілеп тұрған, төбесі көк тіреген Бәйтерегі — бүгінде жас қаланың айшықты белгісіндей бойтұмары. Елбасының бастауымен жер шарын дос құшаққа сыйғызып, жас баланың аспалы алтын бесігінде тербеліп, елдігін даралап тұрғандай. Бәйтерек – бәйгеге қосылған дүлдүл жүйріктердің рухы мен таңбасы бар, бақыты мен жеңісі бар болашақтың символы іспеттес. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұдан былай және ғасырдан-ғасырға осында, ұлан-байтақ елдің кіндігінде, халық тағдыры үшін өміршең маңызы бар шешімдер қабылданады. Бұл жерде енді Отанымыздың жүрегі соғуда. Осы жерде бүгін Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады»,- деді. Ендеше, әруақ қонған «Ақ Ордам» мен «Бәйтерегім» — бақытты ұрпақ табысар мырза мейір, тұғырлы мекен. Осының бәрі – Тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістіктеріміз. «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады»,- деген Елбасы сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандай емес пе? Қазақ: «Елу жылда ел жаңа» дейді ғой. Біз жиырма жыл уақыттың өзінде жүз жылға бергісіз жолды артқа қалдырыппыз. Атап айтқанда, Астанада елу алты елдің басшылары мен халықаралық беделді ұйым өкілдерінің басын қосқан Астана саммиті – соның айшықты айғағы. «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады» демекші, Тәуелсіздік бізді, қазақстандықтарды, туған жеріміздің гүлденуіне қол жеткізудің өршіл табандылығына ие осындай ұлы халыққа айналдырды. Ал сол жылдың еншісіндегі қуанышты жайт ел Президенттігіне кезектен тыс сайлау болып, байтақ қазақ елі үшін ақ түйенің қарны жарылды. Елбасы Қазақстан халқына Ант беріп, президенттік қызметіне қайта кірісті. «Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті ретінде ата-бабамыздан қалған дәстүрді жалғастырып, ақ киіздің үстінде тұрып, салтанатты түрде Ант бердім. Менің айнымас антым – аманатқа адалдықтың, сенімге серттің белгісі болуы керек…» — деді Елбасы. Халықтан тумай, туады кімнен алыптар, Сенсеңіз егер, сенуге татыр халық бар. Бүгінгі мен тарихтағы орны бір емес, Болашақ өзі бағасын берер, анықтар,- деп, Қадыр ақын жырлағандай, Елбасы біреу де, оған қаншама ел-жұрты тіреу болмақ. Иә, халықтың болашақтан күтетін үміті көп. Үміт – болашақ тірегі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген болатын. Олай болса, Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін,- деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстанның жарқын болашағын көркейтетін ұрпақ – бізбіз. Елдікке, бірлікке қызмет ететін Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер, ертеңімізді Елбасымызбен, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Елімнің тілегі телегей-теңіз, сол тілекке жететін халқымның болашаққа сенімі зор. Сол нұрлы, ақ тілек жолындағы Қазақстанымның абыройы асқақ, жолы нұрлы болсын деп тілеймін! 













Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруде. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан алуақ ұстаған. Н.Назарбаев әрбір отбасына бейбіт өмір сыйлады. Халықтың денсаулығын ойлап көптеген көмек жобаларын, тегін ауруханаларды ашқызды. Халықтың санын көбейтті. Қазір Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетті. Басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсарта түсті. Елді адал басқарып, халықтың құрметіне ие болды. Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді. Осындай елде өмір сүру арман емес пе?! Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре алады. Президентіміз Қазақстан елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі елордамыз туралы үлкен мақтанышпен айта аламын. Астана мәдениеті мен экономикалық жағынан дамыған, білім мен ғылымның орталығына айналған өте әдемі үлкен қала. Қазақстанның басқа қалалары да Астанадан қалмайды.\r\n\r\nБарлығы дамыған қалалар. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Мен ақша туралы емес, Қазақстанның табиғаты туралы айтқым келген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулары, мөлдір көлдері, өзендері, неше түрлі өсімдіктер өсетін жазықтары. Елімізде өте көп жануарлардың түрлері мекен еткен. Аңдар мен құстарға, дүниеде қырылып жатқан жануарларға арнап көптеген қорықтар жасалған. Қазақстанның жері өте әдемі. Отанымның шұрайлы жерлері мен шөбі шүйгін өлкелерің арқашан да мақтан тұтамын. Әрбір азамат өз елің құрметтеуі керек. Елің мақтан тұтып елінің намысын әрқашан қорғауы керек. Отанға деген махабаты үлкен болуы қажет. Өзінің ана тілін ардақтауы керек. Отансүйгіш азамат ретінде президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі ретінде алсақ болады. Қазақ тілінің дамуына үлкен назар аударған елбасымыз болған. Ресей қол астында болып қазақ халқы бірте-бірте өз тілінен айрыла бастаған еді. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың көбісі өз ана тілінде емін-еркің сөйлейді. Менің ойымша бұл өте маңызды іс. Өйткені өз ана тілі қазақ тілін білмейтін адам қалайша өзін қазақпын деп жариялай алады. Президентіміз жастайынан жақсы оқыған. Н.Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. Одан кейін өзінің ақыл-ойымен президент болуға дейін барған. Қазіргі жастар үшін қолынан келген барлық жұмысты істеді. Басы тайған халқымыздың есесін қайтарып, қабырғалы берік ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған елбасының кеменгерлігі. Егер елімізді президентіміз Н.Назарбаевтай президенттер басқарса, біздің еліміз мәңгі тәуелсіз болып қала береді. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері 25 жылда зырғып өтті. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын. Болашақта менде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұқсаған ер азамат болуды армандаймын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!