Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.
Қайырмасы:
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.
Қайырмасы:
КІРІСПЕ
Армысыз, сұлулықты жаны сүйетін қадірлі көрерменім!
Бүгін сіз бен біз бір сәтке болсын күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, сұлулық пен сыр, парасат пен өнер, ұлттық болмыс пен өркениеттік үміт тоғысатын ерекше әлемге енбекпіз.
Бұл жай ғана байқау емес.
Бұл – рух. Бұл – болмыс.
ҚАТЫСУШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ
Бүгінгі кештің сәнін келтірер, тал бойында бір мін жоқ, сөйлесе сөзі әдепті әм мағыналы сұлуларымызбен таныс болайық! Олар – мектебіміздің білімді, өнерлі, арманшыл қыздары. Олар – қазақтың шынайы арулары.
Сұлуларымыздың әр қырына әділ бағасын берер, жанарлары жайдары жаздай жайраңдаған, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетіп отырған біздің жан-жақты, ақылдары көркіне сай әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
I БӨЛІМ. «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ КӨРКІ, АРУ – ЕЛДІҢ КӨРКІ»
Қазақ қызы – ұлттың көркі,
Сұлулығы мен салт-дәстүрі.
Ақыл-парасаты мен тәрбиесі,
Қазақ қызы – тек сыртқы әдемілік емес, терең мәдениет пен ұлттық болмыстың жаршысы. Қазақ қызы – елдің шуағы, ұлттың үні, тарихтың тынысы, болашақтың тыныш арманы.
Әр қыз – бір жұлдыз.
Жарығы алуан, бейнесі бөлек. Бірақ бәрін біріктіретін – бір тіл, бір ту, бір ұлттың болмысы.
Ендеше, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық!
IІ БӨЛІМ. «ӨНЕРЛІ АРУ – ӨРЕЛІ ЕЛДІҢ КӨРКІ»
Қазақ қызы – ән айтса аспанды тербетер,
Күй тартса – тарихты сөйлетер,
Би билесе – дала сазын жеткізер.
Өнер – жүректің тілі. Қазақ қызы сол тілді ежелден меңгерген. Бұл бөлімде әр ару өз таланты ортаға салатын болады. Өнерімен сөз сөйлейді.
Бұл бөлімде біз аруларымыздың ой өрісін, білім көкжиегін тамашалайтын боламыз.
III БӨЛІМ. «ШЕБЕРЛІК ПЕН ШЫРАЙ»
Қазақ қызы – үнемі ұқыпты, шебер, нәзік. Кестені сөйлетіп, сырмаққа сыр шертетін... Қолының ұшын ғана емес, жүрек жылуын да бұйымға сіңіретін шынайы шебер.
Бұл бөлімде арулар өз қолымен жасаған бұйымдары мен ұлттық нақыштағы сән үлгілерін ұсынып, өнер мен өрнекті үндестіреді.
IV БӨЛІМ. «ҚЫЗ БІЛІММЕН КӨРІКТІ»
Сұлулық – сый.
Ал ақыл – еңбек.
Қазақ халқы: «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе, қара күңнен үйрен» деп,
Әйелдің де, қыз баланың да білімді, ойлы, пайымды болуын ең әуелі талап еткен. Өйткені әйел болашақты тәрбиелейді.

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
Бүгін біз – қазақ қызына тағы бір мәрте ғашық болдық.
Ғашық болдық – өнер менен ісіне.
Ғашық болдық – қалдырған әсеріне
Әр ару – жеңімпаз.
Бірақ бір сұлуымыз «Қазақ Аруы» атағын иеленеді.
Олай болса, шешімдерін ортаға салуға әділқазы мүшелерін шақырайық!
Қазақ аруы – бұл қазақ ұлтының келбеті. Ол өз тамырынан ажырамайды. Сол тамырдан нәр алып, заманаға нық қадам басады. Бүгінгі кеш – соның дәлелі. Аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қазағымның қаракөз қыздарының сұлулығына көзім тоймай тұрғаны. Қазағымның әрбір қызы үріп ауызға салғандай ғой, шіркін! Дей тұрғанмен, байқауымыз да өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ аруы
Қазақ аруы
Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.
Қайырмасы:
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.
Қайырмасы:
КІРІСПЕ
Армысыз, сұлулықты жаны сүйетін қадірлі көрерменім!
Бүгін сіз бен біз бір сәтке болсын күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, сұлулық пен сыр, парасат пен өнер, ұлттық болмыс пен өркениеттік үміт тоғысатын ерекше әлемге енбекпіз.
Бұл жай ғана байқау емес.
Бұл – рух. Бұл – болмыс.
ҚАТЫСУШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ
Бүгінгі кештің сәнін келтірер, тал бойында бір мін жоқ, сөйлесе сөзі әдепті әм мағыналы сұлуларымызбен таныс болайық! Олар – мектебіміздің білімді, өнерлі, арманшыл қыздары. Олар – қазақтың шынайы арулары.
Сұлуларымыздың әр қырына әділ бағасын берер, жанарлары жайдары жаздай жайраңдаған, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетіп отырған біздің жан-жақты, ақылдары көркіне сай әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
I БӨЛІМ. «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ КӨРКІ, АРУ – ЕЛДІҢ КӨРКІ»
Қазақ қызы – ұлттың көркі,
Сұлулығы мен салт-дәстүрі.
Ақыл-парасаты мен тәрбиесі,
Қазақ қызы – тек сыртқы әдемілік емес, терең мәдениет пен ұлттық болмыстың жаршысы. Қазақ қызы – елдің шуағы, ұлттың үні, тарихтың тынысы, болашақтың тыныш арманы.
Әр қыз – бір жұлдыз.
Жарығы алуан, бейнесі бөлек. Бірақ бәрін біріктіретін – бір тіл, бір ту, бір ұлттың болмысы.
Ендеше, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық!
IІ БӨЛІМ. «ӨНЕРЛІ АРУ – ӨРЕЛІ ЕЛДІҢ КӨРКІ»
Қазақ қызы – ән айтса аспанды тербетер,
Күй тартса – тарихты сөйлетер,
Би билесе – дала сазын жеткізер.
Өнер – жүректің тілі. Қазақ қызы сол тілді ежелден меңгерген. Бұл бөлімде әр ару өз таланты ортаға салатын болады. Өнерімен сөз сөйлейді.
Бұл бөлімде біз аруларымыздың ой өрісін, білім көкжиегін тамашалайтын боламыз.
III БӨЛІМ. «ШЕБЕРЛІК ПЕН ШЫРАЙ»
Қазақ қызы – үнемі ұқыпты, шебер, нәзік. Кестені сөйлетіп, сырмаққа сыр шертетін... Қолының ұшын ғана емес, жүрек жылуын да бұйымға сіңіретін шынайы шебер.
Бұл бөлімде арулар өз қолымен жасаған бұйымдары мен ұлттық нақыштағы сән үлгілерін ұсынып, өнер мен өрнекті үндестіреді.
IV БӨЛІМ. «ҚЫЗ БІЛІММЕН КӨРІКТІ»
Сұлулық – сый.
Ал ақыл – еңбек.
Қазақ халқы: «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе, қара күңнен үйрен» деп,
Әйелдің де, қыз баланың да білімді, ойлы, пайымды болуын ең әуелі талап еткен. Өйткені әйел болашақты тәрбиелейді.
Бұл бөлімде біз аруларымыздың ой өрісін, білім көкжиегін тамашалайтын боламыз.
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
Бүгін біз – қазақ қызына тағы бір мәрте ғашық болдық.
Ғашық болдық – өнер менен ісіне.
Ғашық болдық – қалдырған әсеріне
Әр ару – жеңімпаз.
Бірақ бір сұлуымыз «Қазақ Аруы» атағын иеленеді.
Олай болса, шешімдерін ортаға салуға әділқазы мүшелерін шақырайық!
Қазақ аруы – бұл қазақ ұлтының келбеті. Ол өз тамырынан ажырамайды. Сол тамырдан нәр алып, заманаға нық қадам басады. Бүгінгі кеш – соның дәлелі. Аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қазағымның қаракөз қыздарының сұлулығына көзім тоймай тұрғаны. Қазағымның әрбір қызы үріп ауызға салғандай ғой, шіркін! Дей тұрғанмен, байқауымыз да өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз