Сыныптан тыс
жұмыс:
Қазақ
аруы -2020 байқауы
І-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді
қонақтар, аяулы ұстаздар!
Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша, біз бұл күні
Сіздерге –қыздарымызға, ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі
тілектерімізді жолдаймыз.
(жүргізушілер
шығады)
ІІ –
жүргізуші:
Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда
«Қазақ аруы –
2020» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына
ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі
ана. Сол себептен ұлтымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын олардың
бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда
қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көрсетеді деп
ойлаймын.
І –
жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл – күй
тілей отырып, «Қазақ аруы –
2020» байқауына қош
келдіңіздер!
ІІ-
жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен
танысайық. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады.(5 немесе10
ұпай)
-
Мектебіміздің ТЖО:
-
Мектебіміздің әдіскері :
-
Мектебіміздің бейіндік оқу
әдіскері:
-
Мектеп психологы:
Қазылар алқасынан әр
бөлімнің ұпайларын қосып барлығын соңынан берулеріңізді
сұраймыз.
І –
жүргізуші: Алдарыңызда қатысушы ару қыздарымызды сахна
төріне шақырайық!
1.Аханова
Б
2.Берікказыева
М
3.Шапиева
Н
4.Турсунова
А
5.Слям
А
Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен
таныстырып өтсек.
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап
өтейік
1 – шарт. «Мен
қазақтың қызымын дара туған
» (5 мин) Байқауымыздың бұл бөлімінде
аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл
көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
2 – шарт. «Өнерлі өрге
жүзер»,
әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның
ішінде ән, би, мәнерлеп оқу ).
3 – шарт. «Үздік
қолөнер» (өзінің жасаған
бұйымы)
4 –
шарт. «Ойлы
болсаң озып көр» әртүрлі сұрақтар беріледі. Бұл бөлімде
аруларымыз сұрақты алу арқылы сұрақтарға жауап
береді.
5 –
шарт. «Өлең
сөздің патшасы..» (5 мин)
( Әр ару Абай атамыздың 175
жылдығына орай Ұлы Абайдың өлеңдерің нақышына келтіріп оқиды.Немесе
әнің орындайды.
ІІ-
жүргізуші: Туған жер азаматтың мекені екен,
«62
топ аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен…..
Сіздерге сәлем беріп көрінуге, Арулар сахнаға шықсын
енді.
Байқауымыздың І
бөліміне кезек
береміз!
І –
жүргізуші: Тіл байланып қалатындай
көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген
бе!
Кімде болса бас иеді
мойындап
Қарсы алдына қазақ қызы
келгенде.
Бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей
отырып қошеметпен ортамызға шақырайық!
(Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып
сахнаға шыға, ортаға қатар – қатар келіп тұра
бастайды)
ІІ –
жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз
сәлемі
Қазақ қызы – әдепті де
әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі
сай
Тұнып тұрған сұлулықтың
әлемі
І –
жүргізуші:
Байқауымыздың ІІ-
бөлімі: Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін
көрсетеді.
Өнері өрге жүзер
талаптының
Таланты талмай ұшар
қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының – деп
сайыскерлердің өнерін тамашалауға
шақырамыз.
Қазақ биі
Орындайтын 62топ қыздары
ІІ –
жүргізуші: Байқаудың 3
бөлімі « Үздік
қолөнер»
Сырмақ ойып, текемет, киіз
басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы
асқан
Шеше көрген тон пішер дегені
рас
Аруларым шебер қолға араласқан – дегендей
аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.Бұл бөлімде
аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына
тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға
шақырамыз.
І-
жүргізуші: 4
бөлімге кезегіне келіп
жетті «Ойлы
болсаң озып көр». Бұл бөлімде аруларымыз сұрақты алу арқылы
сұрақтарға жауап береді.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – деп сайыскерлерді ортаға
шақырамыз. Бұл бөлімде аруларымыз алу арқылы сұрақтарға жауап
береді. (арулар шықты, жауап
берді)
ІІ-жүргізуші: Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша келесі
кезектегі әнді қабыл
алыңыздар! Ән
__Телжанова І «Қазақ қызы әдемі
»___________________________________ қарсы
алыңыздар!
5 бөлімге береміз:
«Өлең
сөздің патшасы »
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,
икемділіктерін көрсетеді).
ІІ –
жүргізуші: Қазылар алқасы
5
бөлімнің қорытынды шешімін
шығарғанша би
тамашалаймыз. ____________________________________
І-
жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі
бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі
бар
Үлкен сыйлау ұққанға
соның
бәрін Зердерлі ол, зейінді келіп сынар. Ендеше,
қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық!
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз
берейік.
ІІ –
жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана
таңырқамақ.
Пай
– пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес
еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі мектебіміздің
қыздары арасында өткен «Қазақ аруы –
2020» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда
құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей, отырып
бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!
Сұрақ-жауаптар
1.Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата
– анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны
енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон
пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін (
мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол
жерде бұрынан тұратындар ерулік
береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны
іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына,
күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын
танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз
келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл
жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген
ниетпен бас қосып ойын – сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала – арлы бала….. ( Әдепсіз бала –
сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына
арнап сақталған кәдені ет
мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы
үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды ж