400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ биі "Қамажай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ биі «Қамажайдың» шығу тарихы мен таныстырып, би қимылдарын үйрету; Балалардың ырғақты сезінуін көру, есту түйсігін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Қозғалыстар мен дене қимылдарының өзара сәйкес үйлесімділігін, үндестігін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Келісілді: Бекітілді:

30 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК №30 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК

әдіскері:Н.К.Мухангалиева меңгеруші м.а. В.Б.Туресаева














Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет


Тақырыбы:«Қамажай»


«Раушан» ересек тобы.










Би жетекшісі: Алдашева.Ж.Б


2023 жыл




Тақырыбы: «Қамажай» биі.
Мақсаты: оқушыларға  бидің шығу тарихымен, денсаулыққа пайдасын түсіндіріп, би қимылдарын үйрету.
Міндеті:Музыканы тыңдай отырып, ырғағының өзгеруіне сәйкес
жаттығулар орындау. Қазақ биі 
«Қамажайдың» шығу
тарихы
мен таныстырып, би қимылдарын үйрету;
Балалардың ырғақты сезінуін көру, есту түйсігін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Қозғалыстар мен дене қимылдарының өзара сәйкес үйлесімділігін,

үндестігін қалыптастыру.

 Пайданылатын көрнекіліктері: интерактивті тақта, музыкалық калонка,ковриктар.

1) амандасу

2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар.

3) қазақ биіне арналған жаттығулар

4) «Қамажай» би элементтерін үйрену

5) музыкалық-қимылды ойын «Тақия»

6) релаксация

7) қорытынды

Ұйымдастырылған ашық іс әрекеті барысы:

Амандасу (поклон) арқылы.

Балалар көңіл күйлеріңіз қалай?

Бүгінгі би оқу қызыметіне дайынсыздарма?

Ондай болатын болса, жаңа оқу қызыметімізді бастамас бұрын денемізді сергітіп,

шынықтырып алайық.

Аяқ ұшын тарту,лягушка, аяқ ұшын тартып секіру жаттығулары.

  • Балалар, сендер би билегенді ұнатасыңдар ма? Несімен ұнайды?

  • Балалар, сендер білесіңдер ме, бидің адам денсаулығына пайдасы зор. Би билеген адамның бұлшық еттері нығайып, дене бітімі түзеледі. Би арқылы жүрек ауруларын алдын алып, имунитетті, зат алмасу процессін жақсартуға болады.

Сонда, би арқылы жүрісіміз, келбетіміз сұлулана түседі .

Би билеуді барлық адамдар ұнатады. Қазақ халқында бидің терең тарихы бар. Бірақ, сахна төріне қазақтың ұлттық билерін Шара Жиенқұлова алып шыққан.

Шара Жиенқұлова-қазақ халқының әйгілі, ең бірінші кәсіби бишісі. Ол 1912 жылы Верный, қазіргі уақытта Алматы қаласында туған.Шара апамыздың «Айжанқыз», «Шопандар биі», «Қыз-жібек», «Қыз қуу» сияқты билері қазіргі уақытта да өз әсемділігін, ерекшелігін, ғажайыптығын, тартылымдығын жоғалтпаған.

Жаңа тақырып: «Қамажай»биі

«Қамажай» -түркі тілдес халықтары арасында кеңінен таралған қазақ халқының Қамажай атты әнінен атауын алған би өнерінің туындыларының бірі.Би шамамен 14-15 ғасырлар аралығында пайда болған. Нақты авторы белгісіз халықтан таралған болып есептеледі.Би әннің мазмұнын ашқысы келгендей әдемілік,нәзіктікті



бейнелейді.Бір жағы би,ал тағы бір жағынан ән болып қазақтың мәдениеті мен ән-би өнерінің асқан үлгісі. Биді көбінесе жасөспірім қыз балалар орындайды.Оған ұлттық

киімде,шаштары өрілген,ұлттық әшекейлермен көмкерілуі қажет. Биде нәзік іс-қимылдар,қол, бас, дененің бір қалыптылығы аса маңызды.

1.Амандасу

2.Білезік

3.Сырға

4.Жалын

5.Толқын

Ойын «Тақия»

Релаксация Күлімдеу:-балалар, сендер түрлі жаттығулар орындап, ойын ойнап, би билеп шаршап қалғаншығарсыңдар?

Олай болатын болса, біз, кілемге жайғасып  демалайық.

Бекіту

-бидің адам денсаулығына кандай пайдасы бар екен?

-қазақ халқының бірінші кәсіби бишісі кім?
-қандай би қимылдарын үйрендік?
Қорытынды: Жарайсыңдар, өте тамаша.Қорытындылай келгенде, би бізге біріншіден денсаулық, қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды екен.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар. Сендер өте икемді, білгір, ақылды балалар екенсіңдер.

Ендеше бүгінгі оқу қызыметімізді аяқтайық (поклон).






























Хаттама



Өткізілген орны: №30 «Гүлдер» бөбекжайы

Өткізілген уақыты: 20.02.2023

«Раушан» МАД тобында «Қазақ биі Қамажай» тақырыбында би ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі өтті.

Мақсаты: оқушыларға  бидің шығу тарихымен, денсаулыққа пайдасын түсіндіріп, би қимылдарын үйрету.

Өткізілу барысы:

1) амандасу

2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар.

3) қазақ биіне арналған жаттығулар

4) «Қамажай» би элементтерін үйрену

5) музыкалық-қимылды ойын «Тақия»

6) релаксация

7) қорытынды

Ұйымдастырушы: би жетекшісі: Алдашева.Ж.Б

Сөйлеуші: Әдіскер:В.Б.Туресаева:

«Раушан» МАД тобының «Қазақ биі Қамажай»атты ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі өз мақсатына жетті. Ұйымдастырылған ашық оқу қызыметіне балалар қызығушылықпен қатысты.

Қаулы:

Жоспарға сай ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі өткізіліп тұрсын.

Төрайымы: Туресаева.В.Б

Хатшы: Бигазиева.Р.М

















Тақырыбы: 

«Қара жорға»
Мақсаты:

Қазақ халқының би өнерімен таныстыру,би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға «Қаражорға» биін үйрету.

Міндеті :

Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу, би қимылдарының элементтерін жеңіл,еркін орындау,қозғалыс бағытын музыкалық фразаларға сәйкес өзгерту.

Пайданылатын көрнекіліктері:

 суреттер, слайд тақта, атрибуттар.

Ұйымдастырылған ашық іс әрекеті барысы:

Амандасу (поклон) арқылы.

Балалар көңіл күйлеріңіз қалай?

Бүгінгі би оқу қызыметіне дайынсыздарма?

Ондай болатын болса, жаңа оқу қызыметімізді бастамас бұрын денемізді сергітіп,

шынықтырып алайық.

Аяқ ұшын тарту,лягушка, аяқ ұшын тартып секіру жаттығулары.

  • Балалар, сендер би билегенді ұнатасыңдар ма? Несімен ұнайды?

  • Балалар, сендер білесіңдер ме, бидің адам денсаулығына пайдасы зор. Би билеген адамның бұлшық еттері нығайып, дене бітімі түзеледі. Би арқылы жүрек ауруларын алдын алып, имунитетті, зат алмасу процессін жақсартуға болады.

Қазақ халқының би өнері ерте заманнан қалыптасқан,ол халқымыздың аса бай әдебиетімен,ән күйлерімен,би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүние танымына сай арман-мұраттарын бейнелеп,қимылдар жүйесін құрайды.

Жаңа тақырып: «Қара жорға»биі

Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығара отырып, мәтінге сәйкес әнді сахналаймыз.

Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды,әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгереміз.Музыкаға сәйкес би элементтерін жеңіл,еркін орындаймыз,қозғалыс бағытын музыкалық разаларға сәйкес өзгертеміз.

Ойын: «Көңілді қояндар»
Балалар шеңберге тұрып музыка әуенімен қимылдар жасап билейді.
Релаксация Күлімдеу:

Би сабағын аяқтап, балаларды мадақтап, марапаттайды.
Бекіту:

-бидің адам денсаулығына кандай пайдасы бар екен?

-Қазақ халық биінің тарихы туралы не білеміз?

-Қандай би қимылдарын үйрендік?




Қорытынды:

Жарайсыңдар, өте тамаша.Қорытындылай келгенде, би бізге біріншіден денсаулық, қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды екен.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар. Сендер өте икемді, білгір, ақылды балалар екенсіңдер.

Ендеше бүгінгі оқу қызыметімізді аяқтайық (поклон).











































Келісілді: Бекітілді:

30 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК №30 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК

әдіскері: Н.К.Мухангалиева меңгеруші м.а. В.Б.Туресаева










Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: «Қара жорға»


«Жазира» ересек тобы.








Би жетекшісі: Алдашева.Ж.Б



2022 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.02.2023
1097
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі