жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ дәстүрінде балаға ат қою
Дәріс жоспары №8
Топ |
13-11-91 |
Дәрістің өткізілетін күні |
|
Пән аты: Уағыз әдістемесі
Дәріс хана: №_______________
Дәрістің түрі: Практикалық сабақ (Аралас сабақ)
Оқыту әдісі: Сыни ойлау әдісі
Дәрістің тақырыбы: Кереғар ағымдардың салдары
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Кереғар ағымдардың салдары туралы баяндау, соған қатысты мәселелерді түсіндіру, олар туралы түсінік бере отырып меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың Кереғар ағымдардың салдары туралы түсініктерін қалыптастыру, логикалық ойлау, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл қабілеттерін дамыту, шығармашылық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, әрбір көрнекі құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар:
1. Құран –
2. Хадис –
3. Тасаууыф –
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, аудио-бейне материалдар, мәтіндер
Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин): Оқушылармен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (25 мин): Қазақстандағы кереғар діни ағымдар
Сұрақтар:
1. Ағым дегенді баяндаңыз?
2. Сүннет дегенді қалай түсіндіресіз?
3. Алғашқы иман келтіргендер туралы не айтылған?
4. Құран кәрімдегі «осы» туралы келген аяттар?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40 мин):
1. Білім туралы Алла Тағала Құранда не деген?
2. Алла Тағала пенделерін тура жолға салуға міндетті ме?
3. Бұған қатысты қандай ақли дәлелдер келген?
4. «Керіғар діни ағым» сөзінің тілдік мағынасы қандай?
5. Имамның тұлғасы қандай болу керек?
6. Алланың разылығының мағынасы не?
7. Уағыз айту барысында қолданылатын әдістер?
8. Уағыз айтудың маңыздылығы?
9. Уағыздың айтылу ұзақтығы, жиілігін қалай анықтауға болады?
10. Керіғар діни ағым туралы құран аяттары?
ІV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин):
1. Құран кәрім кітабында бұл туралы не айтылған?
2. Уағызшының қасиеттері жайлы баяндау.
3. Уағыз айту барысында мән берілетін жайттар?
4. Хадистерде бұл жайлы не делінген?
5. Білім дегеннің жалпы мағынасы.
6. Үлкен нәпсімен күрес деген не?
7. Алла жолында жан тапсыру деген не?
8. «Ағым» сөзі туралы түсіндіру.
V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5 мин):
Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.
VI. Үй тапсырмасы (5 мин):
Білімді білім иелерінен алу жайлы қысқаша уағыз дайындап, жан-жақты түсіндіріп беру.
Қолданылатын әдебиеттер:
А) Негізігі әдебиет:
Дін – насихат, ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құрал, ҚМДБ. – Астана, 2014.
Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы (риядус-салихин). – Алматы, 2013.
Б) Қосымша әдебиет:
Дін мен дәстүр, І кітап, ҚМДБ. – Алматы, 2014.
Мұсылманның тұлғалық бейнесі, ҚМДБ. – 2014.
Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф. Одоблар хазинасы. 1-4 том. – Ташкент, 2008.
Бағашар Қ. Ислам және өнеге. – Алматы, 2010.
Бағашар Қ. Исламдағы тазалық. – Алматы, 2014.
Оқытушы:_____________________
Кафедра меңгерушісі:_________________
Әдіскер:____________________________
Кереғар ағымдардың салдары
Қазақ – ежелден бері Ислам дінін ұстанып келген халық. Сөзіміздің айғағы ретінде қазіргі кезде еліміздің 70 пайыз халқы мұсылман екенін айтуға болады. Өкінішке орай, рухани шөліркеуді дұрыс мәліметпен қамтамасыз ете алмағандықтан, кейбір жандар миссионерлердің жетегінде кетіп жатыр.
Сонымен бірге соңғы кезде Интернет торабы арқылы бірнеше рет мәлімдеме жасаған «Халифат солдаттары» деп аталатын ұйым да экстремистік бағытта. Өткен жылдарда Атырау, Ақтөбе, Тараз, Алматыда болған теракт, атысулар Қазақстанда да діни-экстремистік жанжалдар қаупі бар екенін көрсетіп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тәрбие жұмысына, идеологиялық насихат жұмыстарына үкімет тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеу салдарынан түрлі миссионерлік діни ұйымдар – секталар көбейіп кетті. Бұл олқылықтардың орнын толтыру ұзақ, қажырлы еңбекті талап етеді.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңдерде елімізде өз іс-әрекеттерін жүргізген түрлі діни ағымдар пайда болды. “Ештен кеш жақсы демекші”, бүгінде солардың бірқатарына елімізде тиым салынған. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми мәліметі бойынша төменде олар туралы мәліметтерді көре аламыз:
1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 15 қазан 2004 жылғы шешімі негізінде:
1) “Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс”,
2) “Аль-Каида”,
3) “Өзбекстандағы исламдық қозғалыс”,
4) “Күрд Халық Конгресі” (“Конгра-Гел”)
2. Жоғарғы Сотының 15 наурыз 2005 жылғы шешіміне сәйкес:
1) “Талибан” қозғалысы,
2) “Асбат аль-Ансар”,
3) “Мұсылман бауырлар”,
4) “Боз гурд”,
5) “Лашкар-е-Тойба”,
6) “Әлеуметтік реформалар Қоғамы”,
7) “Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар”.
3. Астана қаласы сотының 28 наурыз 2005 жылғы шешіміне негізінде:
1) “Хизб-ут Тахрир” діни-саяси партиясы.
4. Астана қаласы сотының 17 қараша 2006 жылғы шешіміне сәйкес:
1) “Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы”,
2) “АУМ Синрикё”.
5. Астана қаласы сотының 5 наурыз 2008 жылғы шешімімен:
1) “Түркістан ислам партиясы”.
6. Атырау қаласы сотының 25 қазан 2011 жылғы шешіміне сәйкес:
1) “Джунд-аль-Халифат”
7. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 7 маусым 2012 жылғы шешіміне сәйкес:
1) РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»
8. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 26 ақпан 2013 жылғы шешімі бойынша:
1) “Таблиғи жамағаты” діни ұйымы.
9. 18 тамыз 2014 жылғы Астана қаласы прокурорының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының “Ат-тақфир уәл-хиджра” халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның Қазақстан Республикасындағы қызметіне тыйым салу жөніндегі шешімі шыққан.
10. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 15 қазан 2015 жылғы шешіміне сәйкес:
1) “Ислам мемлекеті”.
2) “Ан-Нусра фронты”.
11. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 12 қаңтар 2009 жылғы шешімімен:
1) Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат ата) “Алла-Аят” деген атауға ие.
12. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 5 ақпан 2009 жылғы шешіміне сәйкес:
1) “Ата жолы” және/немесе “Ақ жол” ұйымы.
Қазіргі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – жаңбырдан кейін қаулап шыққан саңырауқұлақ секілді түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді. Соның салдарынан отбасылардың ажырасуы көбейіп, түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде жанұяларда ұрыс-керістер орын алып, көптеген бөлінушіліктерге негіз болуда. Бірлік – мұсылмандықтағы басты қағидалардың бірі екені мәлім. Бұл жөнінде “Әли Имран” сүресінің 103-аятында, Алла Тағала Қасиетті Құранда: “Түп-түгел Алланың дінінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер”, - деген.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген