Материалдар / Қазақ елі менің-Отаным тәрбие сағаты
25 ҚАЗАН
Республика күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Дайын материалдарды жүктеп алыңыз

Қазақ елі менің-Отаным тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
25-қазан Республика күніне орай тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
42
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Педагогтің Т.А.Ә.



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Қазақ елі менің - Отаным

Құндылық

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

Мақсаттары

1.ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;

2.Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру;

3.Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту;

Қауіпсіздік мақсат

«Мұздағы қауіпсіздік»


Қауіпсіздік міндет

  • Мұз үстінде болудың негізгі қауіптері, қиын жағдайлардағы мінез-құлық, суға батқандарға көмек көрсету тәсілдері туралы ақпараттандыру.

  • 2. Мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы сенімдерді қалыптастыру.

  • 3. Қауіптілік деңгейін бағалау және қауіпті жағдайдағы іс-әрекеттерді жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.





Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Сәлемдесу. “Амандасу”

  1. Ұйымдастыру кезең

Оқушыларға мозайка ретінде сурет таратылады, оқушы жалғасын тауып топқа бөлініп отырады.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз « Қазақ елі менің - Отаным » тақырыбында тәрбие сағатын өткіземіз. Бұл сабақта біз Отан туралы сөйлесеміз, оның байлығы мен ерекшеліктері туралы ой бөлісеміз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Бойыма рух, жігер берген,

Әнұраным айтар әнім..

II. Негізгі бөлім:

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды.



III. Сұрақ-жауап

1. 1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған Қазақстан Республикасының нышандары - мемлекеттік туының авторы кім?
(Суретші - Шәкен Ниязбеков)
2. «Қазақстан» дейтін Отан - Анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
(Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов)
3. Әнұран авторын білесің бе?
(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев) V.

IV Анаграмма ойыны:

а қ с а н т қ з а - қазақстан

к т і ә д у з е і л с - тәуелсіздік

а р к е с и л п б у - республика

б к і е л й і б ш і т- бейбітшілік

н о а т - отан

н ә н ұ а р - әнұран

у т-  ту

а е б л ң т а - елтаңба



IV Қорытынды бөлім

Мұғалім: Бүгін біз Қазақстан туралы көп мағлұмат алдық. Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!.

Сұрақ-жауап: Мұғалім оқушыларға сабақтан алған әсерлері мен білімдерін сұрап, қорытындылайды.








Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді

 



Оқушылар топқа бөлініп отырады.



Оқушылар Қазақстанның Әнұранын бірге орындайды.







Оқушылар экранға назар салып, слайдты қарайды.



















  •  





Оқушылар топ-топпен берілген сұрақтарға жауап береді.











Оқушылар берілген анаграмманы топ-топпен шешеді



















Қалалар бар мозайка




Нақыл сөздер





Әнұран











Слайд 1-5

























Ту, елтаңба суреттері













Слайд-6











Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!