400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ елі қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын,жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл». Бауыржан Момышұлы
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын,жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл».Бауыржан Момышұлы

Иә, ел болып егемендік алып, еңсемізді тіктеп, Ұлы Тәуелсіздігімізге қол жеткізген соң елдік, мемлекеттік нышандарымызды, таңбаларымызды қайта түлетіп, жаңғыртумен келеміз. Сондай елдігіміздің айғағы, ертеңіміздің айнасы болып саналатын тағы бір байлығымыз – ол тіліміз, яғни қазақ тілі. Тыңдай білгеннің «құлақ құрышын қандырып, тұла бойыңды балқытатын кемел тілдің» болашағы үшін, мәртебесін арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатын көздеген және Қазақстан Халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай бірқатар игі шаралар легін қалалық тілдерді дамыту орталығы да ерекше ұйымдастыра білді. «Тіл – татулық тірегі» атты тақырыптың аясында қала бойынша өткізілген байқаудың қорытындысы Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрдағы салтанатты жиында жария болды. Игі шараның шымылдығы күмбір күймен ашылып, жиналған қауымға қаймағы бұзылмаған қазақылықтың нағыз өнері паш етілді. Мерекелік кеш «үш тұғырлы тіл» саясаты шеңберінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Тілі басқа, - жүрегі бір, Түрі басқа, - тілегі бір өзге ұлт өкілдері де барлық іс-шараларға белсене қатысқанын атап өткен жөн. Шара барысында түрлі байқауларға қатысып, қаламыздың мерейін үстем етіп жүрген, облыстық «Тіл-парасат» байқауының 1 орын иегері С.Ручкина «Туған жер» әнін әуелете шырқаса, тек өз ұлтының ғана емес, өзге де ұлттың өнеріне деген шексіз құрметті көрсететін қала абыройын халықаралық байқауларда асқақтатып жүрген «Натараджа» үнді би ансамблінің бишілері мың бұрала билеп, бірнеше шараларға ат салысып, батылдықтарымен қоса өнерге деген бейімділіктерін байқатқан құқыққорғау органдарының өнерпаздары да кештің көркін қыздыра білді. Айтулы күні қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР-ның білім беру ісінің үздігі, ұстаздардың ұстазы Жәнібек Ғапбасұлы тілдің өміршеңдігі мен қажеттілігі жөнінде айта келіп, баршаны мерекемен құттықтады. Сонан соң өңірімізде қазақ тілінің өркендеуі үшін қалалық тілдерді оқыту орталығымен бірлесе жұмыс жасап, ел ертеңі жайында маңызды тақырыптарда қалам тартып, халықтың көкейтесті мәселелерін жырына арқау етіп жүрген тіл майталмандары, мекеме қызметкерлері зор алғысқа ие болып, ерен еңбектері ескерілді. Сондай-ақ «тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды» деп білетін қалалық тілдерді оқыту орталығының ұжымы ұйымдастырған шараларда белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салған мекемелер де марапатталып, шабыттандыру сыйлықтары табыс етілді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мерейлі мереке қарсаңында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге еңбек етіп, «тілім» деп үлесін қосқан әрбір жан елеусіз, ескерусіз қалмады. «Көз – жанның айнасы, тіл – қоғамның айнасы» екенін ескерсек, ана тіліміздің қоғамдағы орны мен мәртебесін арттыруда әлі де талай жұмыстар атқарылары сөзсіз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі