Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақ халқы әнінің әуенділігі (Асқақ ән)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқы әнінің әуенділігі

(Асқақ ән)

Мектеп: №274

Мұғалім: Құлемет М.О.

СЫНЫП: 5

Күні: 5 «А», «Ә», «Г» - 11.09

Күні: 5 «Б», «В», «Д» - 13.09


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.2.2 ­ -дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын ажырату;

5.1.1.1 – музыкалық жанр мен көркемдеуіш құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау;

5.1.3.1 - ­ әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу

Сабақ мақсаты:


Халық композиторларының әнін тыңдай отырып, көркемдік сипатына талдау жасай алады,дәстүрлі орындау мәнері жөнінде мұғалім көмегімен пікірін білдіреді, әуенін ажыратуға тырысады.

Бағалау критерийі

  • Әнді мәнерлеп орындау.

  • Өлеңді көркемдеп оқу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар музыканы тыңдау, талқылау барысында терминдерді қолданады, өз жұмысына түсініктеме береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дәстүрлі музыкалық мектептерді тыңдау барысында мен....

  • Бұл әннің әуені...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы негізінде халық музыкасын тыңдауға үйрету, мәдени құндылықтарды халық әндері арқылы оқушыларға дарыту.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Бастапқы білім

Бастауыш сыныптардан халық әндерімен таныс.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Сабақтың басы

5 минут



3 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Бір тілек» (бір-біріне тілек тілейді)

Өткен сабаққа көз жүгірту. С. «Дұрыс, Бұрыс» ойыны

1.«Бір бала» халық әні емес. Бұрыс

2. Арқаның әншілік дәстүрі бар. Дұрыс.

3. Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі жоқ. Бұрыс

4. Жетісу әншілік дәстүрі бар. Дұрыс.

5. Сыр өңірі әншілік дістүрі бар. Дұрыс.

Сабақтың мақсатымен таныстырылады.

«Дұрыс, Бұрыс» ойыны


Ортасы

10 минут











7 мнут












































10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

1-тапсырма.Тыңдау және талдау.

Оқушылар телефоннан Біржанның әні «Айтбайды» дәстүрлі әншілердің орындауында тыңдайды. Әншінің дауысына, орындау мәнеріне назар аудару.

Дискриптор:

1.Ән әуеніне талдау жасайды.

2.Әншінің дауысының жоғарылығын, әннің асқақтата, шалқыта орындалына назар аударады.

3.Әннің мазмұнын түсінеді.

Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ»

2-тапсырма. Ұжымдық жұмыс . Ақпаратпен танысу. Арқа өңірінің әншілік мектебінің негізін салушы Біржан сал өмірінен қысқаша мәліметті тыңдайды.

Біржан сал Қожағұлұлы – ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасындағы ірі тұлғалардың бірі. Біржан сал Арқа өніріндегі халықтық кәсіби әндер дәстүрінің негізін салушы. Атақты әнші, ақын, композитор қазақтың әншілік өнерін жаңа белеске көтеріп, шығармалары қазақ музыка классикасын құрайды. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен», «Ләйлім шырақ» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. 

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар.

Дискриптор:

1.Біржан сал туралы ақпаратпен танысады.

2.Сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау «Мадақтау»

3-тапсырма. Ән орындау.

МК. ОТ.

Біржанның «Айтбай» әнінің қайырмасын орындау.Аудиодағы әнші мен өздерін салыстыру.

Дискриптор:

1.Ән қайрмасын мәнерлеп оқиды.

2.Өз орындауындағы ән қайырмасын аудиодағы әншімен салыстырады.

Қалыптастырушы бағалау. Үш шапалақ арқылы

4-тапсырма. Жеке жұмыс. «Көркемсөз жарысы»

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқиды, ең үздік мәнерлеп оқыған оқушыны анықтайды.

ҚБ. «Достық бағалау»

Біржанның әні «Айтбайды»

Аудио арқылы тыңдау.








Ақпарат

Соңы

5 минут

5 минут




Сабақ соңында «Бір бала» халық әнін қайталап орындау

Рефлексия.

Мен не білдім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Қай тапсырманы оңай орындадым?

Баян аспабы

Үйге тапсырма: Дәстүрлі әншілер туралы мәлімет білу

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
2619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12