жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ халқы әнінің әуенділігі (Әзіл ән)
|
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқы әнінің әуенділігі (Әзіл ән) |
Мектеп: №274 |
Мұғалім: Құлемет М.О. |
|||||
|
СЫНЫП: 5 |
Күні: 5 «А», «Ә», «Г» - 18.09.18 Күні: 5 «Б», «В», «Д» - 20.09.18 |
||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
5.1.2.2 -дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын ажырату; 5.1.1.1 – музыкалық жанр мен көркемдеуіш құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау; 5.1.3.1 - әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу |
||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Халық композиторларының әнін тыңдай отырып, көркемдік сипатына талдау жасай алады,дәстүрлі орындау мәнері жөнінде мұғалім көмегімен пікірін білдіреді, әуенін ажыратуға тырысады. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар музыканы тыңдау, талқылау барысында терминдерді қолданады, өз жұмысына түсініктеме береді. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» идеясы негізінде халық музыкасын тыңдауға үйрету, мәдени құндылықтарды халық әндері арқылы оқушыларға дарыту. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет |
||||||
|
Бастапқы білім |
Бастауыш сыныптардан халық әндерімен таныс. |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Топтарға бөлу.Санау арқылы Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Бір тілек» (бір-біріне тілек тілейді) Өткен сабаққа көз жүгірту. С. Дәстүрлі әншілер туралы мәлімет Сабақтың мақсатымен таныстырылады. |
|
|||||
|
Ортасы 10 минут 10 минут 10 минут |
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. 1-тапсырма. Ұжымдық жұмыс.Тыңдау және талдау. «Қазақ халқы әнінің әуенділігі «(Әзіл ән) тақырыбында оқушылар Жетісу өңірі әншілік өнерінің өкілінің бірі – Кенен Әзірбаевтың шығармашылығымен танысады. Кенен Әзірбаев өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беріледі, оқушылар танысып, сұрақтарға жауап береді. Әзірбаев Кенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мен Композиторлар одағының мүшесі. Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында 1884 жылы (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген. Кенен Әзірбаев - қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Әр жырды әуелі ата анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастаған. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл» ,«Қайран елім», «Аттан» әндерін шығарып, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлаған. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. Мемлекет қайраткерлері Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаев, Тоқаш Бокин, тағы басқалармен таныс-біліс болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып, ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеңісін жырлады. «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. 50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандары туды. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері зор болды. Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алған. Ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналған. Дескриптор: 1.. Кенен Әзірбаев өмірі, шығармашылығы туралы танысады. 2.Әндері туралы біледі. Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Тыңдау және талдау. «Әзіл ән» деп аталатын Кененнің «Көкшолақ» әнімен аудиожазба арқылы танысады. Әннің әуеніне назар аударады. Мұғалім көмегі.МК Кенен кедейліктің азабын көп көрген. Жастау кезінде Кенен Көкшолағына мініп, тойға кетіп бара жатады. Алдынан Қордай өңірінің байларының қыздары шығады. Ішінде байдың Шәрипа деген қызы бар екен. Ол елге ақындығымен танылған деседі. Кененнің кедейлігі мен астындағы Көкшолағын мазақ еткен байдың қыздарына Кенен бірден «Мінгенім астымдағы көкшолақты, Жалы жоқ , құйрығы жоқ шоп-шолақты» деп бастап, «Көкшолақ әні дүниеге келеді». Дескриптор: 1.Мазмұнына көңіл аударады. 2.Көкшолақты сипаттайтын теңеу сөздерді іздестіреді. Көкшолақ бейнесін әуен арқылы жеткізуде орындаушылардың қандай көркемдеуіш сөздер қолданғанына назар аударады, табады. ҚБ. «Өзді-өзін бағалау». 3-тапсырма.Әнді орындау. МК.Ұ. «Көкшолақ» әнінің қайырмасын орындау. Қайырманың әр тармағын орындайды. Ән қайырмасының тармақтарын орындауда: жай, орташа, тез екпін пайдаланады. Дескриптор.
ҚБ. Мадақтау. |
Біржанның әні «Айтбайды» Аудио арқылы тыңдау. Ақпарат А4 қағазы Аудиожазба Баян аспабы |
|||||
|
Соңы 5 минут |
Рефлексия. Мен не білдім? Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? Қай тапсырманы оңай орындадым? |
|
|||||
|
|
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген