Тақырыбы:
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Қазақ
жерінде қазақ халқының этникалық және
антропологиялық негізінің қалануы,
орта ғасырдағы этникалық өзгерістер
сияқты күрделі мәселелерге кең түрде
тоқталу.
Дамытушылық:
Халық болып қалыптасу барысын ой елегінен
өткізіп, тұжырым жасауға үйрету.
Тәрбиелік:
Халқының
тілін, салт-дәстүрін құрметтейтін
ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: Тірек
кесте арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, ой
білдіру.
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер, карта
Сабақтың
барысы:
Түрі:
аралас
Әдісі:
топтық, жұптық, жеке
І.
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды
түгендеу
Топқа
бөлу: (конфет
немесе сағыз арқылы топқа бөлінеді)
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Теңге
алу» ойыны:
(Оқушы
тақта бетінде көрсетілген теңгелерді
таңдайды. Ол теңгенің артында жылдар
немесе терминдер беріледі. Тыңдаушы
сол жылдар мен терминдер қандай оқиғамен
байланысты екенін баяндап береді.)
1.О.Смағұлов (пікірі бойынша
сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері
андрондықтарға ұқсас болған) 2. ХІІІ
ғ.басы (монғол шапқыншылығы халық болып
қалыптасу барысын бұзды) 3. Этносаяси
қауымдастық (белгілі бір тарихи аймақта
құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз)
4.
маңғыт, ноғайлар (Ноғай Ордасының
тұрғындары) 5. Жетісу жері (үйсіндер
өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси
қауымдастық аймағының бірі) 6. ХV ғ. І
жартысы ( Қазақстанда өмір сүрген
хандықтардың этникалық құрамы тілі
жағынан, түр – тұрпаты, шаруашылығы,
әдет – ғұрпы, салт – санасы жақтарынан
бір – біріне ұқсас болған. ) 7. 92 баулы
өзбек (92 тайпадан тұрған) 8. Шайбанилер
(түркіленген монғол тайпалары)
9. Өзбек хан ( хандық құрған
кездің өзінде қазақтар халық ретінде
ерекшелене бастаған) 10. Ақ Орда тайпалары
(Қазақ халқының этникалық жағынан
қалыптасуында басты роль атқарды) 11.
Тарихшы Рузбихан (басты үш халықты
шайбанилер, қарақалпақтар, қазақтарды
атап көрсетті) 12.б.з.б. ІІ мыңжылдық –
б.з.б. І мыңжылдықтың басы (Қазақстанның
қола дәуірі кезеңінде еуропеоид өңдес
андрон тайпалары өмір сүрген)
«Бұл
кім?» ойыны:(
тұлға
есімдерін карточкаға қарап кім екендігін
айтып, оның қандай қызмет атқарғандығын
баяндап береді)
Шыңғыс
хан -
шын аты – Темучин (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш
біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының
аса ірі әскери және мемлекет қайраткері.
Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің
отбасында туған
Әмір
Темір -—
атақты
Монғол және түрік тектес халықтарының
билеушісі, Темір
әулеті империясының
негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды
басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік
құрған, 27 мемлекетті қол астына
бағындырған «әлем жаулаушысы».
Әбілқайыр
хан - өзбек
ханы. Жазба
деректерде Әбілқайыр
қаған, Ұлы хан хан деп айтыла береді. Шыңғыс
ханның 10-ұрпағы.
1428
ж. 16 жасында Ә-ды Дешті
Қыпшақтың ру-тайпа
көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті
өз қолына алысымен Дешті Қыпшақтағы
саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды.
Керей
хан - Қазақ
хандығының негізін
қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі,
алғашқы қазақ ханы. Ақ
Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы.
Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан
Керей хан тараған.
Жаңа
сабақ:
Сергіту
сәті:
«Тыныштық
сәті» ─
релаксация тұрғысындағы әдістемелік
тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек
соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі,
денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай
алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі
«Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен
көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім
балаларға осы жаттығуды орындату
барысында олардың дене қалпына, тыныс
алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса
назар аударуы тиіс.
Жұптық
жұмыс:
«Өрнекті
толтыр» (ия
немесе жоқ)
І
нұсқа
р/н
|
Тапсырма
сұрақтары
|
Ия
|
Жоқ
|
1
|
14 – 15 ғ.аралығында
қазақ жеріндегі ру – тайпалар халық
болып қалыптасудың барлық кезеңдері
мен заңдылықтарын толық бастан кешірді.
|
+
|
|
2
|
Жетісу аймағындағы
ру – тайпалардың Орта Азияға, Орталық
Қазақстанға қарай көшуі Моғол
хандығындағы этносаяси қауымдастықты
күшейтті
|
|
-
|
ІІ
нұсқа
р/н
|
Тапсырма
сұрақтары
|
Ия
|
Жоқ
|
1
|
Жәнібек Керей
хандармен бірігіп көшкен ру – тайпалар
алғашқы кезде «өзбек - қазақтар» деп
аталды
|
+
|
|
2
|
Шығыс Дешті
Қыпшақта «қазақ» атауы 9-10 ғас.әлеуметтік
мағынада қолданылды.
|
+
|
|
ІІІ
нұсқа
р/н
|
Тапсырма
сұрақтары
|
Ия
|
Жоқ
|
1
|
«Қазақ» сөзі
нағыз қазақ деген мағына береді
|
|
-
|
2
|
«Алаш» сөзін
қазақ халқының аңыз – әңгімелерінен
жиі кездестіруге болады
|
+
|
|
Топтық
жұмыс: «Сурет галереясы» - қабырғада
ілініп тұрған суреттерді қолдана отырып
тақырыпты ашу
1
топ: Қазақ
халқының қалыптасуы
2
топ: «Қазақ»
атауының шығуы
3
топ: «Алаш»
атауы
4
топ: Жүздердің
пайда болуы
Жеке
жұмыс: «Құпия
сөз» -
терминдерді оқулықтан тауып дәптерге
жазу
«Қазақ»
- мықты, берік, алып, еркін
«Алаш
мыңы» - үш жүзге қосылған қазақ қауымы
Таңбалы
Нұра – ру – тайпалар жартасқа өздерінің
ен - таңбаларын салды.
Қорытынды:
Мұғалім
шежірені пайдаланып сабақты қорытындылайды
Бағалау:
Қызыл
стикер – 5
Жасыл
– 4
Сары
– дайындал
Кері
байланыс:
алқызыл стикер – жақсы көңіл – күй
Сарғыш
стикер – жағымсыз көңіл –күй
Мағжан Жұмабаев «Сағындым»
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсемде алаш өлмес
көркейер,
Істей берсін қолдарынан
келгенін.
Көнеден қалған мұрағаттарымызды
қастерлеп, ата-бабаларымыздың өсиетін
ақтайтын білімдіде , саналы азамат
болайық! Сау болыңыздар!