400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының- салт- дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия















Тәрбие сағаты

«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»

















Орындаған:Жиенканова А.Е







2017-2018 оқу жылы



Тәрбие сағатының тақырыбы«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»

Мақсаты:оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;

Сабақ түрі: тәрбие сағаты

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, ойын

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері,интерактивті тақта, презентация.



Сыныпқа жалпы мінездеме.

Құмаш Нұрағалиев атындағы гимназияның 5 «Г» сыныбы. Сынып жетекшісі Жиенканова Айгерим Еркинбековна. Сыныпта 10 оқушы бар. Оның ішінде 7 ұл, 3 қыз.

Сынып оқушылары ұйымшыл, өнерлі, жан- жақты, бір- бірлерімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін тәрбиелі оқушылар. Сыныптағы оқушылар көбінесе спортқа, сурет өнеріне,музыкаға бейім. Спорт жағынан өте белсенді. Мектеп ішінде болатын спорттық жарыстарға қуана қатысады. Қоғамдық шараларды да қалт жібермейді. Ұлдар барлығы спорт үйірмелеріне қатысады. (футбол, хоккей, тенис) Жақында хоккейден Күршімге, Зырянға жарысқа барып келді. Мектеп ішінде өткен теннис жарысынан 1 ші, 3 ші орын алды. Ал, қыздар би үйірмесіне қатысады. Ән айтқанды жақсы көреді.

Бүгінгі өткел отырған тәрбие сағатына да белсене қатысты. Қызығушылықтары да жақсы. Әндерін айтып тақпақтарын айтып, сұрақтарға жауап беріп дайындалуда.





























Шашу шашылады.

Мұғалім: Шашу қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі. Ол қуанышты мерекелерде, той- думандарда шашылады. Қазақ халқында салт- дәстүрлер, ырым- жоралғылар өте көп. Соның дәлелі ретінде «Амандасу» салтын көрсетейік.

Шаттық шеңберіне шақыру. Оқушыларды ішкі шеңберге, қонақтарды сыртқы шеңберге тұрғызу.

1. Қол беріп амандасу.

2. Қолын кеудесіне қойып, бас иіп амандасу.

3. Иық қағыстырып амандасу. (алдымен оң иық, артынан сол иық)

4. Құшақтасып амандасу.

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Ән «Қазағымның дәстүрлері –ай» (оқушылар)

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай.

Көптен күткен халкымыздың асыл арман еді-ай

Берекелі қазақ жері - ел мерекелі

Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.

 

Шілдехана, бесік той, 

Тұсаукесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құдатүсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақанаясындасұлубойжеткен, 

Қызбозбалакеңдаланы

Әніменелітіптербеткен

 

Ер жігіткежарасадыозыпшықсабәйгеден,

Қызбалағажарасадыалқашашбаусәукеле.

Жоғалмасындәстүріміз, ұмытылмасын,

Ата-баба көзіндейғыпсактайыққазақдәстүрін. 



Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»

Мақсаты:оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері, ақ тақта.

Барысы:

1-оқушы: Аслан

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзін қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Мұғалім:Тәрбие сағатымызды басында салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. (видео көрсету)

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Ал қане, видеода қандай салт- дәстүрлер туралы айтылды?

Балалардың жауаптары:

Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, атқа мінгізу, беташар, қыз ұзату т.б. 

Мұғалім: Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі

Мұғалім:Халқымның қолөнері аса көркем,

Таң қалып қарап қалар оны көрген,-деп қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді. Қазір сіздерді ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалауға шақырамыз. (Көрмені көру)

Мұғалім : Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында сандар салынған. Қоржыннан кез келген бір санды аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ

Жеті атаны таратып беріңіз.

( ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2-сұрақ

Үшмақсаттыата.

Жолмақсаты-жету, дау мақсаты-біту, саудамақсаты-ұту.

3-сұрақ

Үшарсыз.

Ұйқыарсыз ,күлкіарсыз, тамақарсыз.

4-сұрақ

Үшалыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ

Үшбидіатаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ

Үшжүздіатаңыз.

Ұлыжүз, Орта жүз, Кішіжүз.

7-сұрақ

Үшдаусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ

Жігіттіңүшжақынжұртыната.

Ағайынжұрт, нағашыжұрт, қайынжұрт.

9-сұрақ

Үшарыс

Сәкен Сейфуллин, БейінбетМайлин, Ілиясжансүгіров.

10-сұрақ

Үшбайлық

Денсаулық, ақжаулық, он саулық.

12-сұрақ

Үштәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ

Төртқонақ

Арнайықонақ, құдайықонақ, қыдырмақонақ,

Қылғымақонақ.

14-сұрақ

Төрттүліктіңпірінатаңыз.

Түйепірі-Ойсылқара, жылқыпірі- қамбарата,сиырпірі-Зеңгір баба, қойпірі-Шопаната, ешкіпірі-Шекшеката.

15-сұрақ

Төртқымбат не

Алтын ұяОтанқымбат,

Құт- берекеатаңқымбат.

Мейірімдіанаңқымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ

Бес асыл

Талапеңбек, терең ой, қанағат рақым.

Мұғалім: Құрметті көрермен қонактар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазақта қонақ – кәде деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге кояр тапсырмамыз: мына үзік-үзік сөздерден макал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшқанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … ез …

(Ер бір өледі, ез мың өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

  1. Таяқ… сөз…

(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттық салт –дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны кайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге токып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Токсанауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай керемет өлең жолдарымен аяқтаймыз! Қош сау болыңыздар!!!







Сараптама


Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатына белсене қатысты. Сұрақтарға да кідірмей жауап берді.

Тәрбие сағатын қазақ халқының жақсылық, қуаныш болғанда шашатын «Шашу» салтымен бастағанымыз қатты ұнады. Балалардың жүзіндегі күлкілері «Амандасу» салтының да оларға ұнағанын көрсетеді. Сабағымыздың осылай басталғаны оқушылардың қызығушылықтарын арттырды деген ойдамын. Тәрбие сағаты барысында көрсетілген видеоны да қызыға тамашалады. Ұйымдастырылған кішкене қазақ халқының тұрмыс- тіршіліген сыр шертетін қол- өнер көрмесі де ұнады. Сұрақ- жауап ойынын да оқушылар көптеген пайдалы мәліметтер алды.

Оқушылар өз белсенділіктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетті. Және де келесі тәрбие сағатымыз арқауы етіп «Қазақ халқының ойындары» деген тақырыпты алдық





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі