400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мән – мағынасын жете түсінеді, сипаттайды, талдайды, тұжырымдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақ №

Мектеп: № 159 «Еңбекші» қазақ орта мектебі

Күні: 25.01.2017 ж

Мұғалім есімі: Сейтмұратова Әлия Сақмолдақызы

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері


Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мән – мағынасын жете түсінеді, сипаттайды, талдайды, тұжырымдайды.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәдениет түрлерін, әдептілік пен сыпайылық ережелерін атап бере алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Халқымыздың ізгі қасиеттерін ажыратып, мағынасын түсіндіре алады,ерекшелігін талдап, салыстыра алады,

Кейбір оқушылар: Ұлт мәдениеті ерекшелігі халқымыздың өміріндегі орнын айқындап бере алады, жүйелі ойлап, талдай алады,ой-пікірін еркін жеткізе біледі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:


Негізгі тірек сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:

-«Мәдениет» ұғымын қалай түсінесің?

-Мәдениет неше түрге бөлінеді?

-«Материалдық мәдениет» дегеніміз не?

-«Рухани мәдениет»дегеніміз не?




Жазылым бойынша ұсыныстар:

Бата беру - жақсы тілек білдіру.

Тамыр - алыс-беріс жасап жүретін жақсы жолдас, сыйлы адамдар.

Алдыңғы тақырып

Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары туралы түсінігі бар

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерім

«Миға шабуыл», «Топтастыру», «Кім жылдам?», «Салт-дәстүр- асыл қазынаң»(сұрақ-жауап), «Менің актерлік шеберлігім...»(сахналық көрініс көрсету, ой бөлісу)

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар ( төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы
























Ортасы



































Аяқталуы



I.Ұйымдастыру кезеңі. (Психологиялық даярлық, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу: «Мұрагер», «Ізбасар», «Жас ұрпақ»)

Мұғалімнің сөзі: Халқымыздың тарихында «мұрагер» деген сөз бар.Бұл сөздің тағы бір баламасы «ізбасар». «Ізбасар» немесе «мұрагер» деген сөз «ұрпақтан-ұрпаққа жалғасушы» деген мағынаны білдіреді. Ендеше, «ат тұяғын тай басар» дегендей, біз ата-бабаларымыздың ізбасарымыз, яғни өшкенін жандырып, мәдениетін жалғастырушы жас ұрпақпыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру және сұрау

1)Оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексеру;

1. «Мұрагер» тобына:

-Ұлттық ойын, мереке ұғымдарын қалай түсінесің? Өз ойыңмен әңгімеле.

-Қазақтың қандай дәстүрлі мерекелерін білесің? Ұрпақ бойына қандай қасиеттерді қалыптастырады?

2. «Ізбасар» тобына:

-Қазақтар арасында ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылып отырған-өнер емшілігі қалай дамыды? Қандай шипалы табиғи шөптер қолданылды?

3. «Жас ұрпақ» тобына:

-Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауының сыры неде?

2. «Кім жылдам?» ойыны:

10 сұрақтан тұратын тест жұмысын алу (парагрф 29) жауабы: (АБС)

1.Ең сұрапыл жұт қай жылы болды?

А)1908ж Б)1880ж С)1878ж

2.Табиғи шипалы шөптермен емдейтіндерді кім деп атаған?

А)Тәуіптер Б)Дәрігер С)Оташы

3.Томск губерниясының губернаторы Супрунюк әр жаз сайын немен емделген?

А)Тұзды сумен Б)Дәрілік шөптермен С)Қымызбен

4.Бұрын ренжісіп қалған адамдар қай кезде татуласқан?

А)Құрбан айт мерекесінде Б)Наурызда С)Туған күнінде

5.Кімді Балуан Шолақ деп атаған?

А) Нұрмағанбет Баймырзаұлы Б)Қажымұқан Мұңайтпасұлы С)Жанжігіт Нұрмағанбетұлы

6.Бір пұт неше килограмға тең?

А)10 кг Б)12 кг С)16кг

7.Ауыл кімдерден құралды?

А)Әртүрлі рулардан Б)Ең жақын туыстардан С)Бірнеше ұлттардан

8.Төмендегі ойындардың ішінде қайсысы балалар ойыны?

А)Айгөлек Б)Көкпар С)Ақсүйек

9.Қазақ жылқысы қандай болып келеді?

А)Аяқтары қысқа, мәстек Б)Биік бойлы, сымбатты С)Тұрқы аласа,кеуделі

10.Нешінші ғасырдан бастап қазақтар төбесі екі жақты беткелі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді?

А)19 ғ. басы Б)19 ғ.соңы С)18ғ. аяғы


III.Жаңа сабаққа бетбұрыс

«Миға шабуыл» әдісі

-«Мәдениет» ұғымын қалай түсінесің?

-Мәдениет неше түрге бөлінеді?

-«Материалдық мәдениет» дегеніміз не?

-«Рухани мәдениет»дегеніміз не?

(Тақтаға «Мәдениет», «Ұлт», «Салт-дәстүр», «Әдет-ғұрып»)

Сабақтың тақырыбы мен жоспарын таныстырамын.

«Мұрагер»тобына:

«Салт-дәстүр-асыл қазынаң»(сұрақ-жауап)

1.Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін әдет-ғұрыпты ата.

2.Басқа жақтан жаңадан көшіп келген үй иелеріне көрсетілетін құрмет қалай аталады?

3.Үйге келген қонақтың өзіне ұнаған затын алуы?

4.Қымыз ашыту майсымының басталуына байланысты әдет-ғұрып қалай аталады?

5.Жылу жинау қандай әдет-ғұрып, қазіргі кезде осы әдет-ғұрып бар ма?

6.Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға көрсетілетін құрмет түрі?

7.Туысқан адамға ағайын-туғандарының көмек көрсетуі қалай аталған?

8. «Асар» қандай әдет-ғұрып?

9 «Ат-тон айып» деген не?

10.Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден оралған адамның жақын туыстары мен көршілеріне әкелетін сыйлығы?

«Ізбасар» тобына:

1. «Байғазы беру» әдеп-ғұрпы қазіргі кезде бар ма?

2.Дала тұрғындарының бір-біріне қуанышты хабарды жеткізуі қандай әдет-ғұрып?

3.Қазақ халқының сыпайылығы, дәстүрі туралы айтқан шетелдік зерттеушілердің пікірін айтып бер?

4. «Сүндетке отырғызу» рәсімі бойынша балалар неше жастан бастап сүндеттеледі?

5. «Тамыр болу» әдет-ғұрпы туралы өз сөзіңмен әңгімелеп бер?

6.Жас нәрестеге «Итбай, Күшікбай, Жаманбай» деген есімдерді қою сыры неде?

7. «Тоқымқағар» деген не?

8.Қандай діни мейрамдар бар?

9. «Бата-тілектердің» түрлерін ата?

10. «Жорыққа аттанып бара жатқан азаматқа туған жерінің бір уыс топырағын орамалға түйіп, қалтасына салып беретін болған. Бұл қандай ырым-тілекті білдірген?

«Жас ұрпақ» тобына:

-Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер (Постер қорғау)

«Сандар сыры» ойыны. Әдептілік пен сыпайылыққа байланысты сөздердің мағынасын түсіндіреді.


1.Амандасу. 9.Кіндік шеше.

2.Ат қою. 10.Үлкенге құрмет.

3.Базарлық. 11.Жеті ата

4.Байғазы беру. 12.Соғым.

5.Сарқыт. 13.Қалау.

6.Сәлемдеме. 14.Сыбаға

7.Сүйінші. 15.Сый-сияпат.

8.Ажырасу аяқ. 16.Асату.




«Түртіп алу»әдісі

Дәптерлеріне төмендегі сызбаны жаздырамын.

А.Кенжеғалиұлының «Асыл мұра» еңбегінен:

1.Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер:

2.Үйлену.қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер:

3.Шаруашылыққа, малға байланысты салт-дәстүрлер:

4.Тұрмыстық ырымдар мен салт-дәстүрлер:


«Менің актерлік шеберлігім...» (сахналық көрініс көрсету, ой бөлісу)

Оқушылар күнделікті өмірде өздері көріп жүрген әдет-ғұрып, салт-дәстүрден көрініс көрсету. «Бата беру», «Ерулік беру», «Амандасу салты»


IV.Қорытынды:

Біздің қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайында көптеген зерттеушілерді қызықтырған. XVIII-XX ғғ. басында орыс және шетел ғалымдары,саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырған.Сендердің оқулықтарыңда орыс пен неміс зерттеушілерінің пікірлері берілген.Оқушыларға оқыту-143 бет.

-Н.Назарбаев өзінің халыққа ұсынған «Қазақстан-2030»ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның сегіз артықшылығын көрсеткенде, соның бірі қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілділігі мен ақжарқындығынатаған.)Қазақстан-2030, 16 бет)


V.Бағалау.

VI.Үйге тапсырма:

VII.Рефлексия:

1.Бүгін мен не білдім?

2.Маған не қиын болды?

3.Білгенімді қай жерде қолданамын?
















Топ аттары









Таратпа қағаздар








Минитест




































Плакат




















Таратпа қағаздар






































Маркерлер, плакаттар, стикерлер
















Тақта, бор

















Н. Назарбаев суреті











Бағалау парақшалары

Стикерлер

Смайликтер

Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс: география, әдебиет










Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген

уақыт үлгердім бе? Мен жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбынан сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?




Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?




Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінінен не білдім?












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі