ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
|
Пәні : Қазақ тілі 1-бөлім Ауа райы және климаттық өзгерістер 1-2- сабақ |
Бейнеу ауданы Бейнеу селосы Мектеп:Бейнеу аудандық әкімдігінің « Үстірт орта мектебі » КММ |
|||
|
Күні: 4-6. 09 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жаксыбаева Шолпан |
|||
|
СЫНЫП: |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақ халқының ауа райын болжауы 1-2 - сабақ |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау. 7.О1. Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу. |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау Кейбір оқушылар орындай алады: , үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жаза алады. |
|||
|
|
Бағалау критерийлері: Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды. . Орфографиялық нормаға сай жаза алады. |
|||
|
Ойлау дағдылары |
Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау |
|||
|
Құндылықтарға баулу |
|
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих,география |
|||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
ҰЖ. «Маңызды мәліметтерді еске түсір» әдісімен өткен сабаққа кері байланыс жасалады. |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Басы 5 мин |
Сәлeмдecу. Oқушылapды түгeндeу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу. Ойқозғау. Сен ауа райын болжай аласың ба? Қазақ халқының астрономиялық түсініктері жайлы не білесің? Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын дала халқы әркез назарына ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған. Мұндай жайларды үнемі қадағалап, болжап, оны күні бұрын хабарлап тұратын жұлдызшылар болған. Ондай адамдар қазір де бар. Солардың бірі – танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтың қағидаларға қалыптасқан болжамдар және оның атаулары мен реттері әдеттегідей наурыз айынан басталады.
|
|
||
|
Сабақ ортасы ортасы 3минут
15 минут
15 минут
5 мин |
ЕСТЕ САҚТА!!! О р ф о г р а ф и я те р м и н і гректің “orfhos – дұрыс”, “gropho – жазамын” деген сөздерінен жасалған. Орфоэпия термині грек-тің orthos – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу деген сөздерінен жасалған. Тілде бәріне ортақ жазу ережелері болады. Оны тіл білімінің орфография саласы реттеп отырады. Дұрыс жазуға негіз болатын бірнеше ұстаным бар: 1) сөздің алғашқы қалпын сақтап жазу: құрылысшы (құрылышшы емес), көбелек (көбөлөк емес). 2) қосымшаны түбір сөздің соңғы буыны, соңғы дыбысына қарай жалғау: кітап + тар, аспан + ға т.б. 3) қалыптасқан дәстүрлі қалыпты сақтап жазу: самаурын (самавар емес), кәмпит (конфет емес). Сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы мен жазылуы әрдайым бірдей бола бермейді. Сөздердің дұрыс жазылуы орфографиялық сөздікте көрсетіледі. Жаңа сөздермен жұмыс Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын. Нөсер – төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр. Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші. Сіркіреме – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын. Сел – қар мен мұздың еруінен нөмесе қатты нөсер салдарынан болатын су тасқыны. Бұлт – судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп, буға айналған түрі. Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің жиынтығы. Ақша бұлт – ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт. Қара бұлт – түнерген қараңғы бұлт. Көшпелі бұлт – көкжиектен саумалай көтеріліп, тез көшетін бұлт. Сұр бұлт – аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктіктежүретін тұнжыр бұлт. 1-тапсырма.Топтық тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы Халық ауа райын қалай болжаған? (Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабынан) Жылан мезгілінде ұйықтамаса – күз ұзақ әрі жылы болады. Ордалы жылан, құрт- құмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса, көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады. Ит ұлыса жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі. Аяқ-қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса, ауа райы өзгереді. Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Қыста күн құлақтанып шықса суық болады, құлақтанып батса суық сынады. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса күн жылынады деген сөз. Оңтүстіктен ұзақ соққан жел өзгеріп шығыстан соқса, ауа райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі. Қызара батқан күн мен ашық сары болып батқан күн желдің және жаңбырдың белгісі болып табылады. Күн шыжып, тымырсық болса, артынша найзағайды күте беріңіз. Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер, немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді. Егер ай бұлыңғыр болса жаңбырға қарсы, ал ашық түсті ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз әрі ұзақ, әрі жайлы болмақ. – Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады. Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыржауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады. Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады. Үйректер мен қаздар суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады. Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады. Далада көкектің «көкек» деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады. Дескрипторлар: 1.Мәтінді тыңдап,қазақ халқының табиғатты қалай зерттегені туралы ой бөліседі. ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі
2-тапсырма . Жұптық тапсырма. «Кім көп біледі?» ойыны. Дескрипторлар: 1.Сұрақтарға жауап береді. ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі 9-тапсырма. Айтылым тапсырмасы.Суреттерге қарап,жыл мезгілдері туралы білетіндерін сұрақ-жауап түрінде жазады. Дескрипторлар: 1. Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды. ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі
|
|
||
|
Сабақ соңы 2 мин |
Рефлексия«Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. (Парақшада оқушының не жазуы тиіс екені толығымен көрсетілген). Парақшаны жеке оқушы толтырады. |
|
||
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне Қауіпсіздік техникасын сақтау |
||
|
Спиральділік қағидатын сақтай отырып, оқушыларға тапсырманы жеңілден күрделіге қарай түрлендіріп беру. |
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізілді. Критерийлерге сай бағалау нақты, шынайы жүзеге асырылды. |
«Тарих»,«Өзін-өзі тану», «Қазақ тілі » пәндерімен байланыс болды. АКТ қолданылады Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау. |
||
|
|
|
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ халқының ауа райы болжауы

шағым қалдыра аласыз