400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүр
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы:

«Қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрі»



Бағыты: Мәдениеттану




Ғылыми жетекшісі: Алиханова Жанар Ибадуллақызы



Астана - 2015


Мазмұны

Кіріспе -------------------------------------------------------------- 3

І. Шаш қоюдың ерекшеліктері --------------------------------- 4-10

1.1 Балаға шаш қою дәстүрі -------------------------------------- 4-7

1.2 Шаштың киесі көп ----------------------------------- 8-9

1.3 Шаш туралы аңыздар ---------------------------------------- 10

ІІ. Шаш – адам көркі ------------------------------------------ 11-14

ІІІ. Қорытынды ----------------------------------------- 15-16

Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------- 17

































Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы Торохан Жаннұр Даулетханқызының «Қазақ халқының балаға шаш кою дәстүрі» атты ғылыми жұмысына

Пікір

Торохан Жаннұрдың тақырыпты таңдауы қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдарында балаға шаш қою дәстүрі ұлтымыздың діни сенімі, тұрмыс-тіршілігі және тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, ғасыр көшінің ұзақ үрдісінде ұлтық салт-дәстүрлеріміздің сондай ұмытылмай келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бір парасы- балаға шаш қою үрдісінің орны ерекше екенін тереңнен айқындап көрсеткелі отыр. Балаға шаш қою қазақи салт-дәстүрімізде қолдануы оқушылардың қызығушылығына ықпал етті. Мәліметтерді жинауға, зерттеуге, ізденуге құлшынысы арта түсті.

Торохан Жаннұр зерттеу барысында интернет желісінен, кітапханалардан, ата-әжелерінен көптеген мәліметтер алды. Оқушылармен сауалнама жүргізді. Ал ата-аналармен сұхбаттасты. Ізденіс жұмыстарын жүргізу нәтижесінде тақырыпты ашып, нақты көрсете білді деп ойлаймын.

Ендеше зерттеушілік, ізденушілік оқушы табиғатына тән құбылыс. Торохан Жаннұрдың ғылыми жұмысы нәтижелі болады деп сенемін.



Ғылыми жетекшісі: Алиханова Жанар Ибадуллақызы








4 «Г» сынып оқушысы Торохан Жаннұр Даулетханқызының «Қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрі » атты ғылыми жұмысына

Сын пікір

Торохон Жаннұр Даулетханқызы бүгінгі ғылыми жобасында, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа айқындап, балаға шаш қою дәстүрінің алар орны жоғары екенін көрсеткелі отыр. Жазған ғылыми жобасын сыныптың тәрбие сағаттарында сынып жетекшілер дайын жұмысты оқушыларға насихаттау барысында толық пайдалануға болады деген ұсыныс айтқым келеді.




Сын пікір жазған: Бастауыш сынып мұғалімі:

Өнер Айжан




















Аңдатпа

Зерттеу мақсаты: ұмыт болып бара жатқан балаға шаш қою дәстүрі туралы тереңнен, кеңінен білу.

Зерттеу міндеті: шаш қоюдың ерекшеліктерін анықтау, оның балаға тигізер пайдасын білу және зерттеу.

Зерттеу болжамы: егер балалардың шашын дұрыс өсіре білсе, әртүрлі аурулардан, тіл-көзден қорғайды.

Зерттеудің жаңалығы: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдарында балаға айдар қою, тұлым өсіру, кекіл қоюдың өзіндік орны ерекше екенін білдім.

Өзектілігі: Қазір қала көшелерінен де, сахнадан да тұлым қойған бозбалаларды жиі кездестіреміз. Жалпы, қазақ тұлымды не үшін, қанша жастағы балаға қойған? Оның ішкі мәні неде?—деген сұрақтар мазалайды. Атадан балаға мирас болып келе жатқан сол салт-дәстүрлеріміздің қайсыбірі болмасын, өзіндік қасиеттерімен ерекше. Адамға берер тағылым-тәрбиесі мол. Шыны керек, қазіргі ата-аналардың көбі баласы жастан асқан соң желкесінен бір шөкім шаш қалдырып, ержеткенше өсіреді. Бұл да қазақ ырымдарын жете білмегендіктің белгісі болып табылады. Сондықтан шаш қою осы екен деп қоя бермей, оның мән-мағынасына жете біліп алып қойса, нұр үстіне нұр болар еді.

Зерттеу әдістері:

- бақылау

- эксперимент

- сауалнама

- сараптау

- диаграмма құру


Зерттеу кезеңдері:

І. Ғылыми әдебиет көздерін зерделеу

Мақсаты: шаш қою және өсіру туралы мәліметтерді жүйелеу.

II. Зерттеудің диагностикалық бөлімі

Мақсаты: қазақ халқының көне салт-дәстүрлерін, ырым-тыйымдарын зерделеу.

III. Алынған нәтижелерге талдау

Мақсаты: алынған нәтижелерді талқылау.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Қорытындылай келе, шаш қоюдың астарында да үлкен мән бар екендігін білген құрбыларымыз шашын өсіруге талпынып, сыныптастар арасында шашы ұзын қыздар көбейді.
















Кіріспе

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдарында балаға шаш қою дәстүрі ұлтымыздың діни сенімі, тұрмыс-тіршілігі және тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, ғасыр көшінің ұзақ үрдісінде ұлттық салт-дәстүрлеріміздің сондай ұмытылмай келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бір парасы – балаға шаш қою үрдісінің орны ерекше.

Өткен кезеңдерде балаға айдар қою да, тұлым өсіру де жоғалып кетті деуге болатындай жағдайға жеткен болатын. Ал қазіргі көңіл қуантарлық жаңалық қала көшелерінен айдарлы балаларды жиі көреміз, сирек те болса, тұлымшақты қыз балаларды да ұшыратамыз. Мұның себебін жаңа мен ескінің тоғысынан іздегеніміз жөн секілді. Қазіргі заман – өзіндік бір жаңару заманы.

Қазақтың бір халық өлеңінде: «Қарағым, айналайын, кекілдім-ай, Көгілдірі аққудың секілдім-ай», – деп жырланатынын кім білмейді. Балаға кекіл қойған да өте жарасымды. Ол үшін баланың шашын ұстарамен та-қырлап тұрып алады да маңдайына таяу жерде бір шөкім шаш қалдырып, кекіл қояды. Кекілді бала өте сүйкімді болып көрінеді. Сәбидің кекіліне періште ұялайды деп сенеді. Бұл да болса салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны деп ойлаймыз.

Біздің данагөй ата-бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден-ақ: «Шаштың киесі бар», «Шаш күш жинағыш қасиетке ие» – деген. Халқымызда шаш туралы болжамдар да аз емес. Әсіресе, шаштың түсіне байланысты пікірлер, тұжырымдар өте қызықты айтылған.






3

І. Шаш қоюдың ерекшеліктері

1.1 Балаға шаш қою дәстүрі

Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңғыртатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында деп ойлаймыз.

Балаға шаш қою дәстүрі ұлтымыздың діни сенімі, тұрмыс-тіршілігі және тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, ғасыр көшінің ұзақ үрдісінде ұлтық дәстүрдің мәйегіндей болып сіңісіп кеткен салт-дәстүрлеріміздің ұмыт болып бара жатқаны қаншама. Сондай-ақ керісінше, кейбір салт-дәстүрлеріміз жаңарып, тіпті сәнге айналып, бүгінгі күннің өзіндік бір ерекшелігі болып жүргендері де аз емес. Халқымыздың сондай ұмытылмай келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бір парасы – балаға шаш қою. Атадан балаға мирас болып келе жатқан сол салт-дәстүрлеріміздің қайсы бірі болмасын, өзіндік қасиеттерімен ерекше. Адамға берер тағылым-тәрбиесі мол. Бұны тағы бір қырынан қарар болсақ, адам пенде ретінде сыртқы жағымсыз күштерден қорғанудың дәстүрге айналған психологиялық, сенім-нанымдық қағидаларын ешқашан ұмытқан емес, ұмыта да алмайды. Бүгінде қазақ елін құраушы ұлт ретінде сырт жұртқа ұлттық мәдениетімізді бедерлеп, айқындап тұратын дүниенің өзі осы сияқты мәдени құндылықтарымыз бен наурыз секілді ұлттық мейрамдарымыз екені даусыз.

Қазақтың көшпелі қоғамында адам шашы ерекше қастерленгендіктен, ер балаға шаш қоюдың да, қыз баланың шашын өсірудің де өзіндік қағидалары болғаны белгілі. Сол ғұрыптық мәдениетіміз кеңестік дәуірдің саясатының астында көміліп жатып-жатып, енді қазақтың бүгінгі жаңа қоғамында балаларымыздың бойында өзіндік жарасымын тауып, тіптен сәнге айналып келе жатыр десек артық айтқандық емес.



4

Өткен кезеңдерде балаға айдар қою да, тұлым өсіру де жоғалып кетті деуге болатындай жағдайға жеткен болатын. Дәл қазіргі көңіл қуантарлық жаңалық, қала көшелерінен айдарлы балаларды жиі көреміз, сирек те болса, тұлымшақты қыз балаларды да ұшыратамыз.Мұның себебін жаңа мен ескінің тоғысынан іздегеніміз жөн секілді. Қазіргі заман өзіндік бір жаңару заманы.

Ал жаңару дегеніміздің өзі, көп жағдайда, көненің жаңаша мағына мен тың сипатта көрініс табуы ғой. Адамның бойын түзеп, сәнденуінде, сондай-ақ сәндік бұйымдарында экзотикалық элементтер болғанда ғана ол өзіндік сәнді сипат пен мағынаға ие болады.

Жас балаға айбарлы болсын деп «айдар» тағу, маңдайы жазық болсын деп «кекіл», тіл-көзден сақтасын деп «тұлым» қою көшпелі халықтарда ертеден бар. Осы ғұрып еліміз азаттық алған жылдан жалғасын тауып, елде айдарлы ұлдар көбейді.

Ер баланың арасында өзіндік сәнге айналып келе жатқан «Айдар шаш» бүгінгі кезең үшін экзотикалық көрініс. Қазіргі заман осындай экзотикалық элементтерді ұнататын және соған құштар заман. Қалалықтар үшін экзотикалық көрініс болып табылатын «Айдар шаштың» қазіргі заманғы сәндік белсенділікке ие болуының бір мәні осында, екінші жағынан бұл- балаға өте жарасымды да. Тіпті бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан ұландарының өзіндік белгісіндей көрінуі де мүмкін дер едік. Мұндай балаларды көргенде көңіліңді бір түрлі мақтаныш сезімі билейтіні де жасырын емес. Осындай «Айдар шаш» қоюдың мағынасы да, ежелден келе жатқан бұл ескі дәстүрдің көне сыры да көрікті. Қазақта «Айдарлы бала – айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Айдар қойған балаға арнап мал сояды. Ауылдағы ақсақалдарды шақырып, баласына бата алады.

5

Өнерлі немесе батыр, ортасында сыйлы адамдардың орнына баланы аунатып, «Балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Бірақ «Айдар шашты» баланың бәріне бірдей қоя бермеген деген де сөз бар. Негізінен зарығып көрген балаға айдар қойған дейді.

Ал ертеде көп жағдайда хан ұрпақтары, бай-манаптар өздерінің ең жақсы көрген және өзінің орнын басады-ау деген балаларына ғана айдар қойған екен. Айдарды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ержеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.

Айдар (ғұрып).

Тұлымдысын тұл қылды,

Айдарлысын құл қылды. (Қобыланды)

Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды.

Мұны – «айдар» дейді. Бұрын ел ғұрыпты көп қолданған. Мысалы: Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

Қазір көшеден тұлымшақты қыз балаларды да жиі

кездестіре бастадық. Бұл да өзіндік бір жарасымдылық.

6

Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырады.Оны «Тұлым шаш», «Тұлымшақ» деп атаған. Тұлымды да қыз балаға көз тимесін әрі қызымыз сұлу, сымбатты болып өссін деп ырымдап қойған. Осы жастан бастап қыз баланың шашын алмай, қарын шаштан қалған тұлымын кейін жетіліп өскен шашына қосып өріп өсірген.

Қос тұлымды қыз кетті – деп келетін «Абылай хан туралы жырдың» жолдарын көкірегі ояу оқырман біледі. Ал көшпенділер дәстүрі бойынша құлақ шекеге қойылатын өрім шашты тұлым дейді.

Шекесінде Қамбардың

Бар екен алтын тұлымы.

Сұрап алған құдайдан

Әлімбай ханның құлыны.

Әлем халықтарының ішінде балаға шаш қоюдың өзіндік дәстүрлері тек қана біздің қазақта емес, шығыс халықтарының көпшілігінің тұрмысында әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанын айта кеткеніміз орынды. Мысалы Таиланд халқы аурушаң балаға тұлым не айдар қойса, сауығып кетеді деп сенген. Сондай-ақ өте сүйкімді балаларды жын-пері айналдырғыш келеді деп, жын періні үркітетін тек қана тұлым шаш деп есептеген. Ал осыған ұқсас мағынада көбінесе сыртқы тылсым күштерден қорғайды деген сеніммен баланың шашын түрлі пішінде өсіретін елдердің қатарында қытайлар, кәрістер, мысырлықтарды атауға болады.

Әйтеуір, көптеген халықтардың шашты баланың бірден-бір қорғаушысы әрі қорғаныс қабілетін артыратын ерекше тылсым күшке ие деп есептейтіндігі шындық.

1.2 Шаштың киесі көп

Біздің данагөй ата-бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден-ақ: «Шаштың киесі бар», – деп айтып кеткен. Олардың ақыл-кеңесі бойынша, шашыңның бір талын да кез келген жерге тастауыңа болмайды, оны құс ұясына салуға алып кетсе, бас ауруына тап боласың. Қазір ғалымдар бұл сөздің астарында ақиқаттың жатқанын анықтап отыр. Олардың пайымдауынша, адам шашы – ғарыш энергиясын қабылдайтын антенна. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. Соңғы жылдары ғалымдар ашқан тағы бір жаңалық: Адам шашының Ян қуатына бағынатындығы. Ғарыштық сәуле әсерінен пайда болатын бұл қуат ерік-күшті, дұрыс шешім қабылдауды, тереңнен ойлауды дарытатын көрінеді. Осы орайда зерттеушілер Шәкәрім, Төле би тәрізді ұлыларымыз бен ақылгөй аталарымыз шаш, сақал, мұртын әдемі қоя білгендігімен олардың бойындағы көптеген ізгі қасиеттердің арасында байланыс барын айтады. Бәрі мүмкін. Себебі өмір бойы қырынбаған Бетховенге замандастарының бірі ескерту жасағанында ол: «Егер қырынсам,

шығармашылық шабытым жоғалады», – деп жауап қайтарған ғой. Иә, қазіргі ғылым адам шашы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс барын растайды. Ғалымдар шашы жоқтардың шашы қалыңдарға қарағанда аз жасайтынын баяғыда-ақ дәлелдеген. Сірә, шашы жоқтар ғарыш қуатын өз «антеннасы» (шашы) арқылы ала алмай, аз мөлшерде қабылдайтын болғандықтан, көп ғұмыр кешпейтін шығар. Ал мұны біздің ата-бабаларымыз тым ерте түсініп, білген тәрізді. Оған нақты дәлел: халқымыздың эпостық жыр-дастандарында, өлең-жырларында қалың, қайратты адам шашы айрықша аталып, батырлық, даналық сипат ретінде дәріптеледі. Мұнан кейін қазақты дана емес деп көріңіз.

Ғалымдар әйелдердің шашы Инь қуатына бағынады дейді. Бұл қуаттың қыз-келіншектердің бойына дарытатын қасиеттері:

8

жұмсақтық, мейірімділік, байыптылық, кешірімділік. Олай болса, біздің аталарымыз бен әжелеріміздің қыз-келіншектерге жалаңбас жүрмеуді, Мешітке орамал тартып кіруді талап етуі тегін емес. Мешіт төбесі, оның айналасындағы кеңістік ерлер шашы бағынатын Ян қуатына тұнып тұр. Мүмкін сол себепті шығар, ежелгі Русьте әйел екіқабат болғанында іштегі балаға керағар қуаттар, әр түрлі жағдайлар шаш арқылы әсер етпесін деп, олардың шашын тақырлап тұрып алып тастаған. Бұрындары біздің аталарымыз да өз ұл-қыздары қырқынан шығып, 3 жасқа толғанша, олардың шашын тақырлап алып отырған ғой. Әрине, мұның бір себебі шаш жақсы өссін дегендік болғанымен, басты сырының бала санасына шашы арқылы жағымсыз жағдайлар әсер етпесін дегендік екені ақиқат.

Шаш күш жинағыш қасиетке ие. Қытайдың әскери өнерді меңгерген батырлары мен жақсы-жайсаңдары туралы көркем фильмдерінде өздерінің

биоэнергиясын басқара алатын монахтар барлық күш-қуатын бұрымдарына жинап, оны қару ретінде қолданбайды ма? Қазіргі ғылым оның ақиқат екенін дәлелдеп қана қоймай, шаштан әр түрлі «хабар» алуды да үйрене бастады. Оған нақты дәлел: криминалистер бір тал шашы арқылы иесінің наша қабылдайтын, қабылдамайтынын, тағы да басқа жағдайларды анықтай алады. Тәжірибеде бір тал шаш арқылы «гендік дактилоскопия» әдісін қолдана отырып, қылмыскерді де табуға мүмкіндік бар. Шаш туралы ғалымдардың кеңесі: Егерде адамдар үлкен қиындықтарға тап болып, ұзақ уақыт стрестік жағдайды басынан өткерсе, шашын қидырып, алдырып тастағаны жөн. Себебі шаштың «есте сақтау» қасиеті бар. Ол жүйкені, миды мазалап, көңіл-күйді, денсаулықты бұзады. Әсіресе, шаш ұштары өте сезімтал болғандықтан, стрестен соң оны кесіп тастаса, өте пайдалы. Бұл – ғалымдардың ақыл-кеңесі.





9

1.3 Шаш туралы аңыздар

Халқымызда шаш туралы әфсаналар көп. Өзге ұлттарда да шашқа қатысты болжамдар аз емес. Әсіресе, шаштың түсіне байланысты пікірлер, тұжырымдар өте қызықты. Шашының түсі қандай болса, иесі қандай адам, біз енді сол жөніндегі зерттеушілердің пайымдауларына тоқталсақ.

1. Қара шаштылар – қызу қандылар, қайратты адамдар.

2. Қоңыр шаштылар – елгезек, әсершіл, өз ойы мен эмоциясын жасыра алмайтындар.

3. Қызыл, алтын сары шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар.

Шашқа қатысты аңыз, адам сенгісіз әңгімелерді де көп естіп, көп оқисың. Мәскеу теледидарының «Денсаулық» бағдарламасынан берілген бір хабарда ХХ ғасырда Қытайда таңғажайып бір сұмдық оқиғаның орын алғандығы айтылған еді. Ол – белгісіз, көзге көрінбейтін бір күш қыздардың бұрымдарын кесіп алып кете берген. Шаңқай түсте осылайша шаш ұрлау 3 жылға созылған. ХХ ғасырдың басында мұндай жағдай Лондон қаласында да қайталанады. Биологтар, физиктер, дінбасылар, полицейлер бұл оқиғаның жұмбақ сырын аша алмайды. Әртүрлі болжамдар айтылады.

Сол болжамдардың бірі мынандай еді: «Өзін-өзі өлімге қиғандар өлгеннен кейін де бұл дүниеден кете алмай қиналады. Төменгі астрал, яғни, жердегі тірлікке ұзақ уақыт байланып жүреді, оған себепші – жердегі күш-қуатқа толы шаштар-мыс». Бәрі мүмкін. Оған қазіргі ғылымның шашқа байланысты ырым, тыйымға ескінің қалдығы деп қарамауды, оған жаңаша көзқараспен қарауды ұсынуы басты негіз.

10

ІІ. Шаш – адам көркі

Әжемнен бір күні неге ұл балалардың төбесіне шаш қалдырып, өріп қояды деп сұрадым. Әбден зарығып көрген ұлына ғана айдар қойған. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайды деді. Содан кейін интернеттен балаға шаш қою дәстүрі бойынша мәлімет іздеуге кірістім.

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдарында балаға айдар қою, тұлым өсіру, кекіл қоюдың өзіндік орны ерекше екенін білдім.

Сәбидің былдырлап сөйлегені, тәтті қылықтары еріксіз көз тартады. Сондықтан да жаман көзден, сөзден сақтасын деген ырыммен балаға тұлым, кекіл, айдар қойған. Бұл – ертеден келе жатқан ырым.

Шыны керек, қазіргі ата-аналардың көбі баласы жастан асқан соң желкесінен бір шөкім шаш қалдырып, ержеткенше өсіреді. Бұл да қазақ ырымдарын жете білмегендіктің белгісі болып табылады. Тұлым тек қыздарға қойылған. Екі самайдан құлақтың алдына төмен түсе желбіреп тұрған бір уыс шашты «тұлым» дейді. «Тұлым», «Айдар» мен «Кекіл» сияқты әдемілеп алып, екі жағынан бірдей желкесіне қарай аз шаш қалдырады. Тұлым қыз балаларға тән, кейде ұлдарға қояды. Қайсыбіреулер айтып, жазып жүргендей, кішкентай қыздар ғана емес, керісінше бойжеткендер де тұлым жіберген. Тұлым шаш қызды наздандырып, бұла етіп көрсетеді.

Өзінше сән беріп, әрлендіріп тұрады. Мұны қылқалам шебері, суретші Әбілхан Қастеев атамыздың бұрынғы заман өміріндегі тұлымды арулар бейнеленген картиналарынан көруге болады. Суретші қазақтың байырғы тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білген. Ә.Қастеев – суреттері арқылы көргенін

11

кейінгілерге қалдырған үлкен дарын иесі.

Қазақ қыздарының тұлымы ұзатылар кезде жиналып, бұрымына қосылып өріледі. Бұл – әке үйінің оң жағындағы қыз дәуренімен, ерке өмірімен қоштасудың бір белгісі. Тұлым кәмшат бөрікке, үкілі тақияға, моншақты сорабаға жарасқан. Ендігі жерде мұндай киіммен де, тұлыммен де қалыңдық біржола қоштасады. Ол бір жігітке жар, бір елге келін болып, некеқиярда сәукеле киеді. Бір жыл бойы сәукеленің желегін салып жүреді. Содан кейін ғана күміс шеттікті, маржанды зермен кестеленген кимешек киеді. Қазақ әйелдері шашын қобыратып, самайын көрсетуді ұят санаған. Қазір де қыздардан тұлымды көріп жүрміз. Қазақтың қыздарына тұлым ерекше жарасып тұрады. Өкініштісі, мұны талайлар бізге бейнебір Батыстан келгендей қабылдап, бар жақсы бізге тек солардан жеткендей көріп жүр. Бұл да ғасырдан-ғасырға өтіп келе жатқан өз ата-бабамыздың ғұрпы екенін біліп жүргеніміздің артықтығы жоқ деп ойлаймын.

Қыз балаға да, ер балаға да ортақ тағы бір шаш қоюдың түрі «Кекіл қою» деп аталады. Онда баланың шашын ұстарамен жалтырата қырып, маңдайына таяу жерден бір шөкім шаш қалдыратын болған. Кекіл қою да ғасырлар бойы ортамызда сақталған дәстүр. Кекіл баланың сүйкіміне сүйкім қосады, кекілінде ата-ананың арман тілегі, балаға деген мейірім мен сүйіспеншілігі жасырынған. Үлкендер сәбидің кекіліне періште ұялайды деп ырым еткен.

Шаш қоюдың осы үш түрі де бүгінгі таңда қайта жаңғырып, айдарлы ұлдарды, тұлымшақты қыз балаларды, кекілді сәбилерді жиі көретін болдық. Ескі дәстүр жаңа заманның сәніне айналды. Демек, қазақы салттың қай-қайсысының да өміршең екендігінің бұл да бір дәлелі.



12

Әйтеуір, көптеген халықтардың шашты баланың бірден-бір қорғаушысы әрі қорғаныс қабілетін артыратын ерекше тылсым күшке ие деп есептейтіндігі шындық.

Тұлым қию – кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты болады.

Тақырыпқа байланысты 4 «Г» сынып оқушыларынан «Қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрі» туралы не білеміз? Деген тақырыпта сауалнама алынған болатын.

13

Айдар қойған бала шынымен де ерекшеленіп тұрады екен...

Қорыта айтқанда: Осы зерттеу барысында: қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрінің түрлерін; шаштың киесі бар екенін; шаш күш жинағыш қасиетке ие екенін; сәбидің кекіліне періште ұялайтынын; тұлымды да қыз балаға көз тимесін әрі қызымыз сұлу, сымбатты болып өссін деп ырымдап қойғанын; айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтынын; тәжірибеде бір тал шаш арқылы «гендік дактилоскопия» әдісін қолданатынын; шаштың бір талы түссе, құс алып кетсе бас ауруға ұшырайтынын; бәле-жаладан сақтау, ешқандай жамандықты жолатпасын деген ниетпен қоятынын білдік. Осы жоба барысында қазақ халқында балаға шаш қою дәстүрін, бүгінгі ұрпаққа айқындап, көрсете білдік деп ойлаймыз.



Біздің ұсынысымыз:

1. Шаш қою осы екен деп қоя бермей, оның мән-мағынасына жете біліп алып қойса, нұр үстіне нұр болар еді;

2. Әрбір сынып жетекші ата-аналар жиналыстарында «Қазақ халқының балаға шаш қою» дәстүрі туралы дөңгелек үстел өткізсе;

3. Мектептерде тәрбие сағаттарында «Қазақ халқының балаға шаш қою» дәстүрі туралы сынып сағаттары кеңінен өтілсе;

4.Шаштың бір талын да жерге тастамай жүрулерін сұраймыз .













Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас ред. Б.Аяған.-А.:Қ.Э.,2003

  2. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына.-А.:Ана тілі, 1997

  3. Табылдиев Ә. Халық тағылымы, Алматы, Қазақ университеті, 1992

  4. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы, 2 том.- Павлодар, 2008

  5. Ахметова З. Қарағым, айналайын кекілдім-ай...: Алматы, 2012

  6. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.-Алматы, 2011

  7. Ғаламтор желілері:

  1. massaget.kz/layfstay/alemtanu/ Qazagstanym/17666/

  2. inform.kz/kaz/article/2249686

  3. bag.kz/neus/oner/kazaktin-shash-kou-dasturin-nege-umittik-3960






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі