Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақ халқының мәдениеті" тәрбие сағаты 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақ халқының мәдениеті" тәрбие сағаты 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру, рухани - адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту, рухани кемелденуге үйрету;
3. Өз мамандықтарын сүйе білуге, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен
жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу;
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, аудиторияның және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. «5Т»- ның сақталуын еске түсіру: Тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.
Сабақтың дәйексөзі: «Ата салтың – халықтық қалпың» Халық мақалы
Елбасы Н. Назарбаев: Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтарды бойына сіңіруге шақырамын.
Қазақстан – 2050 «Мәңгілік ел» стратегиясы.
Білімді жан - жақты тексеру
1. Мәдениеттің негізгі бағыттары? (материалдық және рухани)
2. Ежелгі шығыс мәдениетінің ошақтарын ата? (ежелгі Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай)
3. Ежелгі Үндістандағы касталық жүйені ата? (Брахмандар, кшатрийлер, вайшийлер, шудралар)
4. «Илиада», «Одиссей» поэмаларының авторы кім?
(Гомер)
5. У. Шекспир шығармаларын ата? («Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ричард III» т. б.)
6. «Мәдениет» сөзінің орысша, ағылшынша айтып бер? (Мәдениет - культура - culture)
7. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпаларды ата? (Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар)
II. Білімдерді қабылдауға даярлау. Мақсат - міндеттерді құру.
Жоспары: 1. Салт дәстүрлер түсінігі, түрлері
2. Көрініс Қыз ұзатудан үзінді
3. Айтуға оңай... «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде салт - дәстүрді дәріптеу керек пе?»
Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?
Әдет - ғұрып - жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ қоғамдық тәртіп, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары.
Дәстүр – (латынша жапсыру, жалғастыру ) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт – сана, өнегелі өнер болып табылады.
III. Жаңа білімді меңгерту
1. Мағынаны тану
Тақырып бойынша слайд қорғау
1. Қыз ұзатып, келін түсіру салттары
2. Тәлім - тәрбие үлгі дәстүрлері
3. Тұрмыстық дәстүрлер
4. Еңбек, кәсіп дәстүрлері
5. Діни салттар, жерлеу салттары
6. Наурыз – ұлттық дәстүрдің нышаны
7. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер.
2. Көрініс көрсету. Қазақ халқының қыз ұзатудағы салт - дәстүрі бойынша қыздың жат жұртқа кетіп бара жатып, ел - жұртын қимай айтатын қоштасу әні сыңсу айту, үлкен әжесінің бата беруі.

Қарап отырсақ казактың әрбір сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен - ақ көз жеткізген боларсыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
4508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12