400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының қалыптасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістіктер қорын жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

№12 «Тараз» колледжі

Тарих пәнінің мұғалімі: Нурпейсова Мария Атыхайқызы




Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ халқының қандай тайпалардан құрылғаны, қазақ халқының қалыптасуының басында кімдер тұрғаны жайлы, қазақ атауының шығуы туралы, “қазақ жүздері” сөзінің мағынасын ашу, “жеті ата-тегі” жайлы түсінік беру. 

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін жеткізу, есте сақтау қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.

Тәрбиелік: Қазақ хандарының ерлік істеріне тоқталу арқалы елжандылыққа, ерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба арқылы түсіндіру

Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, слайд, қима-қағаздар,

суреттер, тірек-сызбалар

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V. Сабақты қорытындылау, бағалау

VІ. Үй тапсырмасы


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Білім алушылармен сәлемдесу;

- Сабаққа келмеген білім алушыларды анықтау;

- Білім алушылардың жаңа сабаққа назарын аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын «Интервью» әдісі арқылы сұрау

Сұрақтары:

1.Ақ Орданың құрылуының осы өңірдегі тайпалар мен халықтар

үшін қандай пайдасы, маңызы болды?

2. Ақ Орданы басқарған хандардың ішінде өзіңе ұнап, есінде сақталып отырған қай хан?

3.Тоқтамыс хан кімге арқа сүйеді?

4. Әмір Темірдің Тоқтамысты Ақ Ордаға жібергендегі мақсаты қандай болды?

5.Әмір Темір өз өкіметіне қандай үлес қосты?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (слайд арқылы көрсету)

Жоспары:

3.1. «Қазақ» сөзінің шығу тегі.

3.2. «Алаш» атауының мағынасы.

3.3. Жүздердің пайда болуы.

3.4. «Қазақ» сөзіне байлынсты сөзжұмбақ шешу

3.5. Тарихи диктант


Халық болып қалыптасу - бір ғасырдың ғана емес, бірнеше мыңдаған жылдардың жемісі.


Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар

DrawObject2 DrawObject1 DrawObject3

Сақтар Ғұндар Үйсіндер

Міне, бұл тайпалар қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Қазақстанда қола дәуірінің кезінде /б.з.б. ІІ мыңжылдық - б.з.б. І мыңжылдықтың басы/ еуропоидтық өндес андрон тайпалары өмір сүргені белгілі.

ХDrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 ІІІ ғ. моңғол шапқыншылығының зардаптары


Ру тайпаларының Басқа жаққа Жер мәселесі

шырқы бұзылуы көшу басталды күшей түсті



ХDrawObject7 алық болып қалыптасуға кедергі жасаған жағдайлар

DrawObject8

Моңғолдар шұрайлы жерлерді Шыңғыс ұрпақтары жаңа үлестік

тартып алып, тайпалар басқа жер алғанда, жергілікті ру-тайпалар

жерге қоныс аударды да бөліске түсті


Этносаяси қауымдастық деп - белгілі бір тарихи аумақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз. Олар әлі халықтық дәрежеге жетпеген жеке-жеке ру-тайпалар бірлестігінен құрылған.

Мысалы: Ақ Орданың тұрғындары - «Өзбек», «Қазақ-өзбек» немесе Ноғай Ордасының тұрғындары - «Маңғыт», «Ноғай».

Себебі: Хандықтың шекарасы тұрақты болмаған. ХV ғ. Іж. - Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі жағынан, түр-тұрпайы, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан бір-біріне ұқсас болған.

Тарихшы Рузбихан өзбектерге басты үш халық жататынын, өзбектерді этникалық сипатта емес, саяси жағдайда көрсетіп отыр. Ол өзбектерге кіретін үш халықтың біріншісіне шайбанилерді жатқызады.


Шайбанилер

DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9


Түркіленген моңғол Қазақтар Маңғыттар

тұқымдары


Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен тағы бір басты себеп - құрамына негізгі екі этникалық аумақтағы екі этникалық топтың енуі.

Олар: Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы. Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы. ХV ғ.ІІ ж. бастап ХVІғ. басында қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ халқының этникалық жағынан шоғырлануын күшейте түсті.

«Қазақ» атауы туралы деректер:

1) Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда «қазақ» деген атау Орхон-Енисей жазбасындағы «қазғақ оғлым» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақталған.

2) Ежелгі Сібір тайпалары тілінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасында айтылады.

3) ХІІІ ғ.б. жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің араб-қыпшақ сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін», «кезбе» деген түсіндірме берілген.

Сонымен «қазақ» сөзі көне түркі дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғ. дейін бостандық сүйгіш «еркін адамдар» деген мағынада қолданылып келген. ХV ғ. ІІ ж. - қазақ атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.

«Алаш» сөзі шамамен ІХ-Х ғғ. аралығында алғаш рет айтылды.

  • ІХ – Х ғғ. аралығында «Алаш» сөзі алғаш рет айтылып, қазақ халқының ұраны болған.

  • «Атамыз – Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз», деген сөз қалды.

  • Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: «Алаш».

Алаш – ертедегі түркі тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.

Қазақ жүздерінің пайда болуы

Жүз–тарихи шаруашылық және географиялық аумақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз–бөлік, тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз–географиялық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді.

Жүздердің пайда болуы туралы деректер:

1) 100 санына байланысты болды десе;

2) Әскери - тайпалық басқарудың үштік - оң қанат, сол қанат, орта қанатқа бөліп басқару жүйесімен байланыстырады.

3) Шаруашылыққа байланысты табиғи-географиялық жағдаймен бірлікте қарастырады. В.В.Бартольд жүздердің пайда болу себебін қошаған табиғатқа байланысты көшпелі мал шаруашылығын жүргізу жағдайының айырмашылығында деп білді.

Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді:

  1. Ұлы жүз

  2. Орта жүз

  3. Кіші жүз

  • Ұлы жүз-территориясы-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары-үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңылы, сіргелі, ысты, ошақты және т.б.

  • Орта жүз-террриториясы-|Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстан. Рулары-қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңыр ат, уақ т.б.

  • Кіші жүз-территориясы-Батыс Қазақстан. Рулары-алшын, адай, төрт қара, қара кесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жеті ру, Әлім ұлы, Бай  ұлы.


3.4 Тапсырма

«Қазақ» сөзіне байланысты сөзжұмбақты шешу


DrawObject14 DrawObject13 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject15 DrawObject12



DrawObject24 DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19


DrawObject31 DrawObject30 DrawObject29 DrawObject28 DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25


DrawObject36 DrawObject35 DrawObject34 DrawObject33 DrawObject32


DrawObject44 DrawObject43 DrawObject42 DrawObject41 DrawObject40 DrawObject39 DrawObject38 DrawObject37






Сұрақтары:

1. Орта жүздің биі кім?

2. Сабалақ есімімен белгілі болған хан?

3. Біз қандай мемлекетпіз

4. Есім ханның ескі жолы, ... қасқа жолы?

5. Алтын Орда ханы




3.5 Тарихи диктант

Белгілі бір тарихи аумақта құрылған хандықтың тұрғындарын ..............айтамыз. (Этносаяси қауымдастық).

..............–тарихи шаруашылық және географиялық аумақ, белгілі рулық топтың территориясы.(Жүз)

ХVІғ. басында қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ халқының .................. жағынан шоғырлануын күшейте түсті. (этникалық)


ІV.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қазақ халқының ұраны болған сөз? (Алаш сөзі)

2. Жүздер қаншаға бөлінді? (3)

3.Кіші жүзді қанша рулық одақтар құрайды? (3 Байұлы, Әлімұлы, Жетіру)

4. Қай ғасырда “қазақ” сөзі этникалық мағынаға ие болды? (ХV ғасырдың ІІ жартысында)

5.Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз аумақтарын ата? (Ұлы жүз: Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы: Орта жүз: Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы: Кіші жүз: Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты)



Қорытынды: Сонымен қазақ халқының қалыптасуы б.з.б. ІІ мыңжылдықтан басталады. Халықтың қалыптасуына дейін қазақ жерінде бірнеше тайпалар өмір кешті. Халықтың қалыптасуы ұзақ процеске созылды. Қазақтың қалыптасуына екі этникалық топ әсер етті. Олар: қыпшақ, үйсін тайпалар одағы. Бұл топ бертін келе қазақ халқының үш жүзін құрғаны белгілі.


V.Бағалау: білім алушылардың білім деңгейіне сай бағалау.

VІ.Үйге тапсырма: § 32-33 179-185 бетті оқып, түсінік айту. Жеті ата және қай жүзден, рудан шыққандарыңды жазып келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі